Зат есім

Бастауыш сынып
Зат есім

Мақала авторы: Ибраева Алтынгуль Амангельдиевна
Жұмыс орны: №18 М.Сатыбалдиев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп
Лауазымы: Мектеп директорының оқу ісінің орынбасары
Порталға жариялану мерзімі: 02.02.2016


Сабақтың  тақырыбы:  Зат есім.

Сабақтың  мақсаты:

  1. Оқушыларға зат есім жайлы толық түсінік беру,меңгерту
  2. Түрлі ойын  элементтерін пайдалана отырып ,оқушылардың  шығармашылық қабілеттерін дамыту.
  3. Сауатты, көркем жазуға, өзара  ынтымақтастыққа, шапшаң ойлай білуге баулу.

Сабақтың түрі:  аралас сабақ

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап,топпен жұмыс,ой  қозғау, топтастыру

Көрнекі- құралдар: слайд топтамасы ,сөзжұмбақ,

Сабақтың  барысы:  I. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Психологиялық дайындық .

Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,
Қайырлы күн!Сәлемдесіп аламыз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1)-316-жаттығу

«Байқоңыр-ғарыш айлағы» тақырыбына мәтін құра

2)Осы  ғарышқа ұшатын кім?

Балалар:Ғарышкер

-Дұрыс.Олай болса бүгін біздің сабағымызға әр түрлі мамандық иелерінің тапсырмаларын орындайық.

Мамандықтың бәрі жақсы. Сол маман иелерінің барлығы ұстаздан білім алған.

Олай болса,мұғалім мамандығының тапсырмасына назар аударайық.

Мұғалімнің тапсырмасы: «Кім тапқыр?»

Сөз таптары Заттың атын  білдіретін сөздер Заттың санын білдіретін сөздер Заттың  сынын  білдіретін  сөздер Заттың іс-қимылын  білдіретін  сөздер
алма +      
барды       +
жеті   +    
қызыл     +  
оқушы +      
оқыды       +
қоңыр     +  
он   +    

 

ІІІ. Жаңа сабақ.

Қызығушылығын  ояту

Балалар  осы  сөздерге  қандай  сұрақ  қоямыз?

-Не?

-Осы  сөздердің  көпше  түріне  қандай  сұрақ  қоямыз?

-Нелер?

Ал, осы  заттарды  пайдаланатын  адамдарға  қандай  сұрақ  қоямыз?

-Кім? (Кімдер?)

-Олай  болса,өткенді  еске  түсірейік. Кім? Не?  деген  сұрақтар   қандай   сөздерге  қатысты  қойылатын  еді?

-Ендеше  осы  ережеге  сүйене  отырып,  “Заттың  атын  білдіретін  сөздерді  зат  есім деп  айтамыз” деген  жаңа  ережемен  танысамыз. Сонымен  бүгінгі  өтетін  жаңа сабағымыздың  тақырыбы  “Зат  есім”.Сұрақтары: Кім? Кімдер? Не? Нелер?

1.Балықшы тапсырмасы            .Сөзжұмбақ  шешу.317-жаттығу

  1. Суретшінің тапсырмасы: Көркем жазу

Дәптермен жұмыс. 

Зз  

зат

3.Дәрігердің  тапсырмасы:  Топтық жұмыс.318-жаттығу        

                 Мақалды көшіріп жаз. Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сыз.

І нұсқа    1.Ақыл-тозбайтын тон,

Білім-таусылмайтын кен.

ІІ нұсқа   2.Шешен сөз бастар

Батыр қол бастар

Сергіту сәті:

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Көзді салып қараңыз,

Былай қанат қағамыз.

4.Дүкеншінің тапсырмасы :                         Суретпен жұмыс

«Кім шапшаң?» ойыны.  Зат есімдерді табу,сұрақ қою.

5.Тігіншінің тапсырмасы    319-жаттығу

Сызбаның орнына не? сұрағына жауап болатын сөзді қойып,сөйлемдерді көшіріп  жаз

Ит үреді. Қасқыр ұлиды. Қарға қарқылдайды. Әтеш шақырады.

6.Сазгердің  тапсрымасы    321-жаттығу

Сөздерді оқып, зат есім екенін дәлелдеу. (Ақын – бұлз атесім, өйткені — кім?- адам)

Спортшының  тапсырмасы

Ойын «Биікті  кім  бағындырады?». 

З
А т
Т а с
Е с е к
С а ғ а т
І н і л е р
М а т а л а р

2,3,4,5,6,7 әріптен  тұратын  заттың  атын  білдіретін  сөздер  тауып  жазу.
V. Қорытындылау:

Сәйкестендіру
Домбыра  тартады ————- жұлдыздар
Аспанда   көрінеді ————- құстар
Жем   жейді ——————— күйші
Көйлек  тігеді —————— оқушылар
Орманда  өседі —————- тігінші                                                                                                                   Серуенге   шықты ————- ағаштар

VІ.Бағалау

VІІ. Үйге тапсырма:

Күнделікті енді ашайық
Үй тапсырмасын жазайық.
Бүгінгі  алған білімді,
Ұмытпай есте сақтап алайық.

320 — жаттығу. Кім? сұрағына жауап беретін зат  есімдерді бір бағанға, не? сұрағына жауап беретін зат есімдерді екінші бағанға бөліп жазу.

Конкурстар мен олимпиадалар - https://talimger.kz

Республикалық қашықтық олимпиадалар — http://clever.zti.kz

Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар — https://ukz.kz

Конкурстар, конференциялар және олимпиадалар — https://tarim.kz

Халықаралық семинарлар, олимпиадалар мен конкурстар — https://mriks.ru

Халықаралық педагогтар ассоциациясы - https://iae.su

Атаулы ертегілер - https://hansunqar.kz