Зат есім

Бастауыш сынып
Зат есім

Мақала авторы: Еспенбетова Загира Нагметуллаевна
Жұмыс орны: Қызылорда қаласы, № 211 А. Байтұрсынов атындағы орта мектеп
Лауазымы: бастауыш сынып мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 16.02.2016


 

Мақсаты: зат есімді  таныту; зат есімдерді сөйлемнен және мәтіннен сұрақ қою арқылы табуға уйрету; зат есімнің түрлерін ажырата білу; зат есімнен жасалған сөйлем мүшелерін сөз таптарына талдау; топтық және жұптық жұмыс арқылы оқушыларды ынтымақтастыққа баулу.

Құрал-жабдықтар: проекциялық тақта, түрлі-түсті конверттер.

Білім ресурстары:  зат есімдер жазылған тілшелер, кестелер, презентациялар, бағалау парақшалары.

Әдістері: топтық, жұптық, жеке жұмыс, топтастыру,рефлексия.

              Сабақтың барысы:

  1. Мотивациялық бағдарлау кезеңі.

Қызығушылықты ояту.

      Топқа бөліну сөздерді таңдау арқылы іске асады.

      Қаңтар, ақпан, желтоқсан, аяз, мұз, қар, боран сөздерін таңдағандар «Қыс» тобына бірікті. Ал бүршік, наурыз, сәуір, мамыр, найзағай, жаңбыр, бәйшешек сөзін алғандар «Көктем» тобына барып отырды.  Ыстық, аптап, маусым, шілде, тамыз, жайлау сөзі – «Жаз», астық, қыркүйек, қазан, қараша, сабақ «Күз» тобы болып бірікті. Неліктен бұл топта отырғаны туралы сұралды.

Психологиялық  дайындық  слайд арқылы жүргізілді. Балақай, көңіл-күйің қалай? деген сұраққа балалар эмоция, бас бармақ арқылы жауап берді.

  1. Операциялық орындаушы кезең.
  2. Топтық жұмыс. № 1 тапсырма
  • Әр топ өз тобының атына сәйкес бес зат есім жазады.
  • Зат есім, сын есім, сан есім, етістігі бар сөйлем құрап жазады.

Мысалы,  «Қыс» тобы қар, аяз, мұз, қар, қаңтар, ақпан сөздерін жазды.

Біз қысқы каникулда он күн демалдық.

            № 2  тапсырма  «Артығын тап» ойыны

Қарлығаш Сауысқан Ешкілер
Қасқыр Ұшты Қойшылар
Аңшы Қонды Түйелер
Ұя Шоқыды Сиырлар
Қарға Жұмыртқалады Жылқылар

 

  • Бірінші және екінші бағандағы сөздердің ұқсастығы неде?
  • Бәрі де зат есімдер.
  1. Спанж баланың тапсырмасы «Кім бірінші?»
Зат есім қай бағанда жазылған?
суретші бояды жасыл
гүл гүлдеді әдемі
ұшақ ұшты биік

 

Кім? сұрағына жауап беретін сөздер
байлық қуыршақ көйлек
нағашы жер қонақ
теңізші терезе найзағай

 

Қыс айларының аттарын тап
ақпан наурыз қараша
желтоқсан аяз қаңтар
қырау қазан мұз

 

Не? сұрағына жауап беретін сайман атаулары
кітаптар сүлгі сүргі
бұрғы ұста торғай
қасқырлар шарық дәптерлер

 

  1. Жұптық жұмыс

Сурет бойынша  зат есімдерді кестеге толтырып жаз

 

 

 

Кім? Кімдер? Не? Нелер?
бала ұлдар шана шыршалар
Сәуле балалар қар шаналар
қыз қыздар шелек етіктер

 

  1. Жеке жұмыс. Мәтіннен зат есімдерді тауып, астын сыз:

Қыс. Қақаған аяз. Қалың қар жәндік біткенді жатқан індерінен шығармай тастады. Ашыққан түлкі түн жамылып ауылдың маңын торыды. Ол тауық тәрізді оңай олжа аулауға кірісті.

* 2 мин соң ақылды тақтаға қарап дұрыстығын тексереміз.

  1. Дәптермен жұмыс

сын есім   зат есім  зат есім              зат есім                күрделі  етістік

Қалың қар жәндіктерді індерінен шығармай тастады.

  • Сөйлем мүшелері қай сөз табынан жасалған?
  • Мәтіннен зат есімдерді қалай таптыңдар?
  • Сұрақ қоймай-ақ табуға бола ма?
  1. Рефлексиялық бағалау кезеңі.
  № 1

тапсырма

№2

тапсырма

№3

Спанж бала

тапсырмасы

 

№ 4

Жұптық жұмыс

Қосымша ұпай Жалпы ұпай
Қыс 2 ұпай 1+1 1+1 3 1 10
Көктем 2 ұпай 1 1+1 2 7
Жаз 1 ұпай 1 1 1 4
Күз 2 ұпай 1 1 3 1 8

 

  • Балалар, зат есімдерсіз өмір сүруге бола ма?

Жауаптары төмендегідей болды.

  • Болмайды, себебі біздің өміріміз зат есімдермен тығыз байланысты.
  • Зат есімдер болмаса, біз досымыздың атын айта алмаймыз…
  • Бүгінгі сабақтан алған әсеріңді төмендегі сөздердің қайсысымен  білдірер едің?

 

  • Рахаттану
  • Сенімсіздік
  • Қорқыныш
  • Ұялу
  • Сенімділік
  • Ризалық

 

 

Конкурстар мен олимпиадалар - https://talimger.kz

Республикалық қашықтық олимпиадалар — http://clever.zti.kz

Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар — https://ukz.kz

Конкурстар, конференциялар және олимпиадалар — https://tarim.kz

Халықаралық семинарлар, олимпиадалар мен конкурстар — https://mriks.ru

Халықаралық педагогтар ассоциациясы - https://iae.su

Атаулы ертегілер - https://hansunqar.kz