Кто читал эти книги в школьние годы? Обязательно поставьте лайки.

Сейчас молодеж читает Японские сказки. Может мы подскажем, в каких книгах больше морали?!

Мы запускаем новый проект 100 книг в старшей школе. Начали обратно перечитывать старые книги из школьных годов. Помогите составить список тех книг, которых рекомендуете старшим школьникам. После составления списка мы сделаем приложение в виде мобильной библиотеки.

Комплект из двух книг самого известного романа Драйзера. Основанная на реальных событиях криминально-судебная история. Психологическая драма и одновременно суровая отповедь «американской мечте» стала сюжетной основой нескольких фильмов. Привлекательный мир богатства, роскоши и развлечений — и отчаянная погоня за успехом и преступление как две стороны американской мечты.
...

2 4

В преддверии празднования всемирного дня учителя приглашаем всех педагогов принять участие в языковых олимпиадах "Wonder Words". 5-го октября все победители будут награждены знаками отличия. Подробнее: https://wonder.zti.kz ...

3 0

Познавательная олимпиада для дошкольников и школьников 1-6 классов. Олимпиада проводится в игровой форме и в этой игре используется один из самых лучших дидактических методов обучения. Вопросы викторины составлены лучшими учеными Казахстана, России и Бразилии. ...

2 1

Уважаемые участники образовательных мероприятий и авторы статей. Теперь на наших порталах в разделе результатов участий в открытом доступе не будут отражены данные участников. Документы можно будет проверять только путем ввода регистрационных номеров и сканированием QR. А в журнале "ADISTEME.KZ" из общего доступна будут скрыты сведения об авторах. В списке авторов будут указаные только имена и первые буквы фамилии. Данные будут видны только самим авторам. Также мы временно прекращаем публикацию энциклопедических журналов в онлайн формате. Это делается в целях обеспечения безопасности наших подписчиков. В последнее время стало очень много мошенников.

Также обратите внимание:
- Мы не звоним и не отправляем письма с приглашениями на участие в образовательных мероприятиях.
- Наши операторы никогда не просят смс или другие личные данные.
- Мы не пользуемся приложением ZOOM для организации конкурсов.
- Мы не продаем отличительные знаки.
- Мы не просим переводить взносы на счета физических лиц.
- Наши операторы ведут переписку только через защищенный канал Business WhatsApp и не раздают свои личные номера.
- Мы используем только Instagram, YouTube, WhatsApp и Mail.ru.
- Курсы совершенствования проводим только в своих порталах по темам использования авторских дистанционных образовательных технологий.
...

3 1

Білім саласында ең үздік компьютерлік ойын графикасының дизайнын құрастырғаны үшін Виллиан Цельсо Зарпеллон (Бразилия) "Тәлімгер" медалімен марапатталды. Өз ісінің нағыз маманы болған, шәкірт тәрбиелеген мамандар марапатталады.

За создание лучшего графического дизайна компьютерной игры в сфере образования награжден медалью "Наставник" Виллиан Цельсо Зарпеллон (Бразилия). Данная награда выдается специалистам, которые стали наставниками в своем деле и обучают других.

For the creation of the best graphic design of an educational computer game, Willian Celso Zarpellon (Brazil) was awarded the "Mentor" medal. This award is given to professionals who have become mentors in their field and teach others.
...

7 1

Нәзір Төреқұлов Халықаралық қорының Президенті профессор Сапарбаев А.Ж. тұңғыш дипломат Нәзір атамыздың өсиетін білім беру аясында жандандырып, оны халықаралық деңгейде шыңдата білгені үшін "Қоғам қайраткері" медалімен марапатталды. ...

10 3

My name is Kokon. I'm fighting villains from the Land of the Know-Nothings. Help me win this educational battle and we'll be good friends. I need smart friends. To everyone who helps me, I will send a friend certificate with the results of participation. And we will award the best student with the medal "For Special Achievements in Studying". ...

2 0

Меня зовут Кокон. Я сражаюсь со злодеями из страны Незнайек. Помоги мне выйграть эту образовательную битву и мы станем хорошими друзьями. Мне нужны умные друзья. Всем кто помогает мне я буду отправлять сертификат друга с результатами участия. А самого лучшего отличника мы наградим медалью "За особые успехи в учении". ...

4 2

Бастауыш білім негіздері аясында "Kokon's Quiz" жобасы іске қосылды. https://kokon.kz порталында орналасқан. Android, IOS, Windows платформаларына арналған қосымшалары бар. Ойынды ойнау тегін. Тіркелу міндетті емес. Бала ойнап отырып, білімді жақсы игереді. Ойынның негізгі мақсаты білімді дәріптеумен қатар, балаға сенімділік пен жеңіс сезімін сыйлау болып табылады. Сондықтан ойынды құрастырған техника ғылымдарының мамандары мен тіл филологтарының құрметіне лайк басып, таратып қойыңыздар. Ал, біз басқа түрлерін құрастырамын. Ұсыныс болса комментарияға ұялмай жазыңыздар. ...

4 3

Ескерту: Мақала сапасы туралы ақпараттарды, сертификат, анықтама және журналға тапсырыс беру батырмаларын мақала авторы немесе журнал тілшісі ғана көре алады.

Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы

Ашық сабақтар
Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы

Мақала авторы: Редакция ғана көре алады
Жұмыс орны: Ы.Мұхамеджанов атындағы орта мектеп
Лауазымы: қазақ тілі, әдебиеті пәндерінің мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 10.11.2016
Журнал қорына жариялаған: Ж.


Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы

Сабақтың мақсаты: Қазақ даласының дара ұстазы Ыбырай Алтынсариннің ұстаздық жолы мен қазақ даласының, келешек ұрпақтың қамы үшін жүргізілген еңбектері туралы оқушыларға түсіндіре отырып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.

а) Білімділігі: Ыбырай Алтынсариннің адамгершілік, ақындық қасиеттерін таныту және тіл шеберлігін ұғындыру.

ә) Дамытушылық: Оқушылардың ой тұжырымдарын, әдеби тіл байлықтарын, есте сақтау қабілеттерін, көркем сөз оқу шеберлігін дамыту.

б) Тәрбиелік: Ақын – жазушылардың, жалпы өнерді құрметтей білуге, басқа да ұлы адамдардың көзқарасын сыйлай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың міндеттері: Зейін қойып тыңдау, мәнерлеп оқу, мазмұндама беру, өнегелі білім алу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, топтастыру.

Сабақтың көрнекіліктері: Әдеби кітаптар, үлестірмелі қағаздар, сурет, бүктемелер және өлең жолдары жазылған қағаздар.

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, әдебиет теориясы.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа әзірлеу, оқу құрал – жабдықтарын тексеру, бір – біріне жақсы тілектер айту.

Үй тапсырмасын сұрау: Махамбет Өтемісұлы кім?махамбеттің «Қызғыш құс»өлеңін жатқа, мәнерлеп айтыңдар. Махамбеттің досы кім? Ақынның «Соғыс» өлеңінде оқиға қалай суреттелгенді түсіндіріп беріңдер.

Жаңа сабақ: Ыбырай Алтынсарин (1841 – 1889)

Ыбырай Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің атасы, ұлы ұстаз. Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келген. Өз әкесі Алтынсары 4 – жасар кезінде қайтыс болады да, Ыбырай атасы Балқожа бидің тәрбиесінде өседі.

1844 жылы Орынборда қазақ балаларына арналған жеті жылдық мектеп ашу туралы патша ережесі бекітіледі. Балқожа би осы ашылмақ мектепке 1846 жылы бес жасар немересі Ыбырайды жазғызып қояды. 1850 жылы 23 тамызда орыс – қазақ мектебі ашылып, қазақтан 30 бала алынады, солардың бірі Ыбырай болады.

Қазақ балаларын орысша оқыту арқылы олардан қазақ даласын билейтін патша шенеуктеріне көмекші әкімдер даярлау мақсатымен ашылған мектепке Балқожа би де немересін осы үмітпен берген. Бірақ Ыбырай мектепті жан – жақты білім алуға пайдаланған. Сондықтан ол сабақты ерекше ынтамен оқиды. Сөйтіп, мектепті 1857 жылы «өте жақсы» деген бағамен бітіреді.

Ыбырай Алтынсарин-алдымен, ұлы ұстаз, қазақ мәдениетінің алғашқы қайраткерлерінің бірі. Тың үлгідегі мектепті ашушы. Халқымыздың аса көрнекті қоғам қайраткері, ғұлама ағартушы, жаңа үлгідегі демократ тәлімгері, ғалым-этнограф әрі публицист жазушы Ыбырай Алтынсариннің артына қалдырған мұралары мол. Ыбырай әңгімелері жастарды еңбекті сүюге, оқу-өнерге ұмтылуға, Отанын, елін сүйетін патриоттық сезімге, талапты, жігерлі, кішіпейіл болуға баулиды.

Ыбырай мектепте оқып жүрген кезде, атасы Балқожа бидің жазған хаты:

«Үміт еткен көзімнің нұры  — балам.»

Үміт еткен көзімнің нұры – балам,

Жаныңа жәрдем берсін хақ тағалам.

Атаң мұнда анаң мен аман – есен,

Сүйіп сәлем жазады бүгін саған.

 

Атаңды сағындым деп асығарсың,

Оқуға көңіл бөлсең, басыларсың.

Ата – анаңды өнер білсең, асырарсың,

Надан боп білмей қалсаң, «аһ» ұрарсың.

Шырағым, мұнда жүрсең, не етер едің?

Қолыңа құрық алып кетер едің.

Тентіреп екі ауылдың арасында

Жүргенмен не мұратқа жетер едің?!

 

Ыбырай мектеп бітіргеннен кейін, атасы Балқожа бидің хатшысы болады. Кейін Орынбор облысының басқармасына кіші тілмаштық қызметіне ауысады. 1860 жылы Ыбырайға Орынбор облысының басқармасы Торғайда қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашуды тапсырады, сонымен бірге оны осы мектепке орыс тілінің мұғалімі етіп белгілейді. Бұл мектеп 1864 жылы 8 – қаңтарда ашылады. Ыбырай он төрт бала оқытады.ыбырайдың жазған бір хатында: «Он төрт бала оқытамын. Бала оқытуға қойға шапқан аш қасқырдай тиістім. Балаларда менің айызымды қандырып, оқуды тез меңгеріп алды» — деген екен.

Ыбырай Алтынсарин өз өмірінің бәрін келешек ұрпақ үшін арнады. Балаларға арнап жазған өлеңдері, әңгімелері және орыс әдебиеттерінен аударған балаларға лайықты көркем шығармалар да бар. Ыбырай – халқына білім беріп, мәдениетті ел қатарына  жеткізуді армандап, бар өнерін сол жолға арнаған адам.

Ыбырай Алтынсариннің ең алғаш шыққан кітабы «Қазақ хрестоматиясы» 1879 жылы Орынборда жарық көрген.

Ыбырай Алтынсариннің өлеңдері мен шығармалары: «Кел, балалар, оқылық», «Өнер – білім бар жұрттар», «Қыпшақ Сейітқұл», «Асан мен Үсен», «Ағаш үй мен кейіз үй», «Әй, жігіттер», «Залым төреге», «Өзен», «Жаз». т.б.

Ыбырай Алтынсарин 1889 жылы шілде айының 30 – ы күні Қостанайда дүние салады.

Сабақты қорытындылау: Қазақ халқының ұлы мақтанышы,  ұлы ұстазы, тұңғыш ағартушы – ғалым, шебер жазушы Ыбырай Алтынсарин қаламынан көптеген маңызды көркем шығармалар туды. Қазақ даласына тұңғыш рет мектеп ашқан Ыбырай Алтынсариннің келешек ұрпақ үшін атқарған еңбегі күні бүгінге дейін өз маңызын жойған жоқ.

Ыбырай Алтынсарин жазба әдебиетіміздің төрінен заңды түрде орын алып отыр.  Балаларға арналған көркем әдебиет Ыбырай Алтынсарин жазғандай жас өспірімдерді өскелең мәдениетке жетелейтіндей өмір оқулығы, отаны үшін алысқан күрес құралы болуға тиіс.

Сабақты бекіту сұрақтары: Ыбырай Алтынсарин кім? Атасының аты кім? Ыбырайды атасы бауырына неліктен басты, атасының тәрбиесінде болудың себебі. Ыбырай алғашқы қазақ даласында ашылған мектепте неше бала оқытты.

Үйге тапсырма: Ыбырайдың өлеңдерінің мазмұнын түсініп келу. Ыбырайдың өмірі мен шығармашылығы жайлы оқып келіңдер. «Өзен» атты өлеңін жатқа, мәнерлеп айту.