Ұстаздарға және оқушыларға арналған порталдар тізімі

  1. "Clever Quizzes" пән олимпиадалары - http://w.zti.kz/4a623c
  2. Лингвистикалық олимпиадалар - https://wonder.zti.kz
  3. Бастауыш білім беру негіздері бойынша 3 тілдік олимпиадалар - https://kokon.kz
  4. Итальяндық дойбы бойынша киберолимпиадасы - https://doiby.zti.kz
  5. Интеллектуалды шахмат киберолимпиадасы - https://chess.zti.kz
  6. Жарыстар, конференциялар, олимпиадалар - https://kzu.kz
  7. Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар мен курстар - https://ukz.kz
  8. Зияткерлік сайыстар, конференциялар мен олимпиадалар – https://tarim.kz
  9. Мұғалімдерге арналған әдістемелік журнал - https://adisteme.kz
  10. Республикалық қашықтық олимпиадалары – https://clever.zti.kz
  11. Жарыстар, конференциялар, олимпиадалар - https://talimger.kz

Ескерту: Мақала сапасы туралы ақпараттарды, сертификат, анықтама және журналға тапсырыс беру батырмаларын мақала авторы немесе журнал тілшісі ғана көре алады.

Ыбырай Алтынсарин – ағартушы-педагог, ғалым, ақын, жазушы

Тәрбие сағаты
Ыбырай Алтынсарин – ағартушы-педагог, ғалым, ақын, жазушы

Мақала авторы: Акишева Жансауле Умырзаковна
Жұмыс орны: Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Батпақ селосының №6 орта мектебі
Лауазымы: қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 18.01.2017
Журнал қорына жариялаған: А.


«Бір аймақ-бір кітап»
облыстық акция аясында өткізілген сыныптан тыс шара
Тақырыбы: «Ыбырай Алтынсарин- ағартушы-педагог,ғалым,ақын,жазушы» (дөңгелек үстел)
Мақсаты: Қазақ даласының дара ұстазы Ыбырай Алтынсариннің ұстаздық жолы мен қазақ даласының, келешек ұрпақтың қамы үшін жүргізілген еңбектері туралы оқушыларға түсіндіре отырып, қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, қанатты сөздер
Дөңгелек үстелге қатысушылар 10-11 сынып оқушылары:
1.Алиджанов Афтандил-тарихшы
2.Щуцкая Татьяна- әдебиетші
3.Каширина Елена- ғылым
4.Акишева Салтанат-актер
6.Алиджанова Аида -актер
7.Костырко Эрика-библиограф
Жүргізуші:Құрметті « дөңгелек үстелге» қатысушы қонақтар, ұстаздар, оқушылар. 175 жыл бұрын (1841-1889) қазақтың аса көрнекті ағартушы- педагог, жазушы, этнограф, фольклоршы Алтынсарин Ыбырай (шын аты – Ибраһим) дүниеге келді. Осыған байланысты бұл мереке ретінде аталып өтілуде. Біз де өз тарапымыздан үлес қосудамыз. Біздің дөңгелек үстелдің мақсаты ағартушы педагог, жазушы, этнограф, фольклоршы Алтынсарин туралы пікір алмасу. Біз Ы.Алтынсарин туралы не білеміз?
Жүру барысы: «Ыбырай Алтынсарин- ағартушы-педагог,ғалым,ақын,жазушы»атты дөңгелек үстелдің жоспары:
1.Ыбырайдың өмірі мен балалық шағы
2.Ыбырай – ұстаз
3.Ыбырай – жазушы, ақын
4.Ыбырай – аудармашы
Жүргізуші: Пікір алмасуды әрі қарай сұрақтармен жалғастырайық. Ыбырай Алтынсарин туралы сұрақтарды қонақтарға берсек қалай болады?
Біздің«Дөңгелек үстелге» қатысушы қонақтар: Тарихшы, библиограф, әдебиетші,ғалым,актерлер келіп отыр. Сұрақтарыңыз болса осы кісілерге беруге болады.
Ыбырай атамыздың өмірі мен балалық шағы туралы не айтасыз?
Библиограф:Туып-өскен жері – Қостанай облысының Қостанай ауданы Арқарағай ауылы. Осы өңірде, Тобыл өзенінің жағасынан топырақ бұйырған. 1850 жылы Орынбор шекара комиссиясының қазақ балалары үшін ашқан мектебіне оқуға түседі. Мектепті бітірген соң, Орынбор шекара комиссиясында әскери старшина болып қызмет атқаратын үлкен әкесі Балғожа Жаңбыршыұлының хатшысы болады (1857-1859). Орынбор облыстық басқармасында тілмаштық қызмет атқарады. 1860 жылы Орынбор бекінісінде (Торғай) қазақ балалары үшін мектеп ашу тапсырылады, әрі сол мектепке орыс тілінің мұғалімі болып белгіленеді. Ыбырайдың бүкіл өмірін арнаған ағартушылық-педагогтық қызметі осылай басталады. Тікелей өзінің араласуымен халықтан жинаған қаржыға мектеп үйін және интернат салып, 1864 жылы 8 қаңтарда мектептің жаңа ғимаратын салтанатты түрде ашады. Ұстаздық-ағартушылық қызметке қоса Ыбырайға басқа да жұмыстарды атқару жүктеледі. Орынбор генерал-губернаторының тікелей тапсыруы бойынша Торғайда төрт рет уездік судья болып (1868-1874), торғай уездік бастығының аға жәрдемшісі (1876-1879) қызметін атқарады.
Ыбырай- ұстаз ретінде атқарған еңбегі туралы айтасыңыз?
Тарихшы:Ыбырай инспекторлық қызметке кіріскен соң оқу-ағарту жұмыстарын одан әрі жандандырып, Елек, Қостанай, Торғай, Ырғыз уездерінде бір-бірден екі кластық орыс-қазақ мектептерін ашады, оларды қажетті кітаптармен жасақтайды. Әсіресе, елді көшпелі өмір салтын ескеріп, Ресейдің халық ағарту жүйесіне жаңа үлгілі білім беру тәсілін ұсыныс етеді. Нәтижесінде, 1888 жылы 10 сәуірде Орскіде бастауыш мектептер үшін қазақ жатарынан оқытушылар даярлайтын мұғалімдер мектебі ашылады. Ыбырай мұнан әрі қазақ жастары арасынан экономика, ауыл шаруашылығы, қол өнер кәіспшілігі салаларына қажетті мамандар даярлайтын училищелер ашуға көп күш жұмсайды. Тіптен, Қостанайдан ашылатын ауыл-шаруашылық училищесіне өзінің иелігіндегі жерін беретіні туралы өсиет қалдырады. Ыбырайдың қазақ қыздары үшін Торғайда, Қостанайда, Қарабұтақта, Ақтөбеде мектеп-интернат аштыруының тарихи мән-маңызы зор болды.
Жүргізуші:Актерлерге сөз берсек қалай болады?
Актер:«Кел,балалар оқылық» деген Ыбырай атамыздың өлеңін айтып берейін. (Алиджанова Аида)
Ыбырай «Қазақ хрестоматиясына» кірген өлеңдерінде де халық-ағарту идеясын көтерді. Оның «Кел, балалар, оқылық!», «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңдері осындай мақсатта туған. «Кел, балалар, оқылық!» өлеңі жастарды оқуға, білім алуға шақырады:

Оқысаңдар, балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар.
Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!
Ыбырай – жазушы, ақын ретінде қандай шығармалар жазды?
Әдебиетші: «Қазақ хрестоматиясы» балаларға арналған өлеңдер мен шағын әңгіме-новеллалардан құрастырылды. Олардың бірқатарын өзі жазды, біразын сол кездегі орыс оқулықтарынан еркін аударып алды. Хрестоматияға қазақтың халық әдебиетінің үлгілерін де іріктеп кіргізді./слайд/

Шығармаларының тақырыптары мен идеясы қандай?
Ғалым:Еңбекті сүю және қадірлеу – Ыбырай әңгімелерінің негізгі тақырыбы. Оны жазушы шағын әңгімелерде үгіт, өсиет түрінде берсе, кей шығармаларында халықтың қоғамдық санасын тәрбиелейтін реалистік суреттер арқылы бейнелейді. «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» әңгімесінде Ыбырай ең кішкентай жәндіктердің өзі де тіршілік үшін тыным таппай еңбек етіп жүргендігін көрсете келіп, оларды балаларға үлгі етеді. «Қарлығаш, өрмекші ғұрлы жоқпысың, сен де еңбек ет, босқа жатпа», – дейді. «Атымтай жомарт» әңгімесінде жазушы халық арасындағы Атымтай жомарт туралы аңыздарға жаңаша мазмұн беріп, өзінше қорытады. Атымтайды ол еңбек адамының үлгісі етіп көрсетеді. Еш нәрсеге мұқтаждығы жоқ болса да, Атымтай ылғи жұмыс істейді. «Күн сайын өз бейнетіммен, тапқан пұлға нан сатып алып жесем, бойыма сол нәр болып тарайды. Еңбекпен табылған дәмнің тәттілігі өзгеше болады», – дейді ол. «Әке мен бала» әңгімесінде мынадай бір жай сөз болады. «Бір адам он жасар баласын ертіп, егістен жаяу келе жатса, жолда қалған бір ескі тағаны көріп, баласына айтты: «Анау тағаны, балам, ала жүр», – деп. Бала әкесіне: «Сынып қалған ескі тағаны не қылайын», – деді. Әкесі үндемеді. Тағаны өзі алды да, жүре берді. Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң әкесі кайырылып, тағаны соларға үш тиынға сатты. Одан біраз өткен соң, шие сатып отырғандардан 3 тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бір-бірлеп алып жеп, баласына қарамай аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артынан келе жатқан бала да тым-ақ қызығып келеді екен. Жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Біраздан соң және бір шие, одан біраз өткен соң және бір шие, сонымен, бала әрбір шие тастаған жерге бір еңкейіп, шие теріп жеді. Ең соңында әкесі тоқтап, баласына шиені орамалымен беріп тұрып: «Көрдің бе, бағана тағаны жамансынып, жерден бір иіліп көтеріп алуға еріндің. Енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп, бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Бұдан былай есіңде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың; азға қанағат етпесең, көптен құр қаларсың», — деді. Кейде сәл нәрсені қомсынып, оған көңіл бөлмеушілік, аз жұмысты қиынсынып, бойкүйездікке салынушылық өмірде аз кездеспейді. Бұл – жақсы әдет емес. Сондықтан балалардың бойкүйез, жалқау болмауына, еңбекқор болуына Ыбырай ерекше мән берген. «Бай баласы мен жарлы баласы» атты әңгімесінде Ыбырай еңбекке деген коғамдық, таптық көзкарасты бейнелейді. Көшкен елдің жұртында қалған екі баланың бір тәулік ішінде басынан кешкендерін суреттеу аркылы сол балалардың өмір тануы, тіршілікке икемділігі жайлы мәселеге әлеуметтік мән береді. Жазушының шығармаға жасы құрбы екі баланы алып, оларды бай мен кедейдің өкілі етіп суреттеуінің сыры да оның идеясынан айқын көрінеді.

Актер: «Өнер-білім бар жұрттар» деген Ыбырай атамыздың өлеңін айтып берейін. (Акишева Салтанат)
«Өнер-білім бар жұрттар» атты өлеңінде оқу, білім алудың мақсатын кеңінен сөз етеді. Өлеңнің негізгі идеясы – қазақ қауымына озық мәдениетті елдерді үлгі етіп көрсету.
Өнер-білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден
Көзіңді ашып, жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды.
…Отынсыз тамақ пісірді,
Сусыздан сусын ішірді.
Теңізде жүзді балықтай,
Дүниені кезді жалықпай.
Аудармалары қандай?
Әдебиетші:Ыбырай – қазақ әдебиетіндегі тұңғыш аудармашы. Сондықтан ол аудармаға үлкен маңыз бере ұқыптылықпен қарайды. Бірақ ол ұқыптылық аударманың дәлме- дәлдігін сақтауда емес, шығарманы өзінің ағартушылық мақсатына лайықтап ала білуінде жатыр. Сол шығармалар арқылы ол озық мәдениеттің алдыңғы қатарлы демократтық көзқарастарын әкелді, оның дамуына мүмкіндік жасады.
«Талаптың пайдасы» сахналық көрініс /10 сынып оқушылары/
Қорытынды сұрақтар:
Ыбырай Алтынсарин кім?
Атасы Ыбырайды неліктен бауырына басып тәрбиеледі?
Ыбырайдың қазақ даласына мектеп ашудағы мақсаты?
Ақынның қандай шығармаларымен таныстыңдар?
Ыбырайдың ең алғаш шыққан кітабы қай жылы, қай жерде
жарық көрді?
Ыбырай туған халқын ерекше сүйді, оның болашағына зор сеніммен қарады. Сондықтан халыққа ағарту ісін айрықша шабытпен жүргізді.
Сөйтіп, ақын, бір жағынан, жастарды оқуға, білім алуға үндесе, екінші жағынан, оқу, өнер, ғылым-білімге, оның жалпы халық үшін керектігіне еш мән бермейтін ескі көзқарасқа соққы береді. Өмірдегі сарқылмайтын мол байлық – білім екендігін айтқан. Сондықтан білімге қолымызды жеткізу үшін, біздің жастар да ерінбей оқу, қажымай еңбек ету керек.

Ұстаздарға және оқушыларға арналған порталдар тізімі

  1. "Clever Quizzes" пән олимпиадалары - http://w.zti.kz/4a623c
  2. Лингвистикалық олимпиадалар - https://wonder.zti.kz
  3. Бастауыш білім беру негіздері бойынша 3 тілдік олимпиадалар - https://kokon.kz
  4. Итальяндық дойбы бойынша киберолимпиадасы - https://doiby.zti.kz
  5. Интеллектуалды шахмат киберолимпиадасы - https://chess.zti.kz
  6. Жарыстар, конференциялар, олимпиадалар - https://kzu.kz
  7. Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар мен курстар - https://ukz.kz
  8. Зияткерлік сайыстар, конференциялар мен олимпиадалар – https://tarim.kz
  9. Мұғалімдерге арналған әдістемелік журнал - https://adisteme.kz
  10. Республикалық қашықтық олимпиадалары – https://clever.zti.kz
  11. Жарыстар, конференциялар, олимпиадалар - https://talimger.kz