Конкурстар мен олимпиадалар - https://talimger.kz

Республикалық қашықтық олимпиадалар — http://clever.zti.kz

Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар — https://ukz.kz

Конкурстар, конференциялар және олимпиадалар — https://tarim.kz

Халықаралық семинарлар, олимпиадалар мен конкурстар — https://mriks.ru

Халықаралық педагогтар ассоциациясы - https://iae.su

Конкурстар мен олимпиадалар - https://kzu.kz

Yessenov University — Каспий маңы мемлекеттерінің білім беру кеңістігі флагманы

Әдістемелік қоржын
Yessenov University — Каспий маңы мемлекеттерінің білім беру кеңістігі флагманы

Мақала авторы: Берикбосынова М.У.
Жұмыс орны: Ш. Есенов атындағы Каспий Мемлекеттік технологиялар және инжиниринг Университеті
Лауазымы: аға оқытушы
Порталға жариялану мерзімі: 21.12.2020


Бүгінде Каспий өңірінің әлемнің геосаяси картасындағы маңызын асыра бағалау қиын. Бұл жерде барлық ірі әлем ойыншыларының мүдделері қиылысады, бұл, әрине, аймаққа бүкіл әлемдік қоғамдастықтың назарын аудартады.

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтау мәселесі КСРО ыдырағаннан кейін өзекті болды. Жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы ішкі су қоймасының акваториясы мен жер қойнауын екі емес, беске бөлуге мәжбүр етті.

Осы жағдайда «Каспий бестігі» көшбасшыларының Каспийдегі қызметтің барлық аспектілерін реттеу бойынша нақты уағдаластықтарға қол жеткізуі Каспий өңірінің тұрақты болып табылатындығының қуатты оң белгісіне айналды. Жағалаудағы мемлекеттер теңізге байланысты барлық мәселелерді бірлесіп шеше алады.

Осы тұрғыда 2018 жылдың он екінші тамызда Ақтау қаласында өткен Бесінші Каспий саммитін тек Каспий өңірі үшін ғана емес, жалпы халықаралық ауқымдағы тарихи оқиға деп атауға болады.

Саммиттің негізгі қорытынды құжаты, ширек ғасыр бойы келіссөздер жүргізілген Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенция болды. Құжатта теңіз акваториясын, ұлттық су түбі секторларын бөлу, әскери ынтымақтастық пен биологиялық ресурстарды, түбін және жер қойнауын игеруге байланысты бірлескен шаруашылық-экономикалық қызмет, кеме қатынасы, қоршаған ортаны қорғау мәселелері бекітілген. Жалпы, жаңа құқықтық құжат теңіз құқықтық режимін жаңғыртып, Каспийдегі бес жақты ынтымақтастыққа жаңа оң серпін береді деп айтуға болады.

Каспий теңізінің халықаралық-құқықтық мәртебесі туралы Конвенцияның қабылдануы Каспий маңы мемлекеттеріне тұтастай алғанда да, өңірдегі қызметтің белгілі бір салаларында да, олардың егемен құқықтарына кепілдік беретін сенімді құқықтық базасы болуға мүмкіндік береді.

Ақтау саммитінде қол қойылған Конвенция Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев атап кеткендей, осы су айдынына, оның суына, түбіне, жер қойнауына, табиғи ресурстары мен әуе кеңістігіне қатысты тараптардың барлық құқықтары мен міндеттемелері анықталатын және реттелетін «Каспий теңізінің конституциясы» болып табылады.

Өткен жылдарда Каспий маңы мемлекеттері арасында тату көршілік сыйластық қарым-қатынастар қалыптасқанын қанағаттанарлықпен айтуға болады. Бұл халықтар арасындағы толеранттық қарым-қатынасты одан әрі дамытуға ықпал етеді. Аймақ аясындағы интеграциялық үдерістердің жоғары дамуға қол жеткізгенін, бұл саяси, экономикалық және мәдени өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға сенім беретінін атап өтуге болады. .

Қазіргі таңда білім және ғылым рөлінің артуына байланысты университеттердің ғылыми орталықтар ретіндегі рөлі артуда. Университеттердің ынтымақтастығы білім беру орталықтарының тұрақты дамуының маңызды көрсеткіші болып табылады.

Осылайша, университеттерді интернационалдандыру және Каспий маңы мемлекеттерімен ынтымақтастықты кеңейту аясында 2018 жылдан бастап Ш.Есенов атындағы КТИУ-нде, аталған аймақ бойынша болашақ маманды дайындауға мүмкіндік беретін «Каспий маңы мемлекеттерінің халықаралық қатынастары» білім беру бағдарламасы енгізілді. Білім беру бағдарламасы аясында университет студенттері Каспий маңы мемлекеттерінің саяси, экономикалық, тарихи және мәдени дамуын, сондай-ақ халықаралық қатынастардың қазіргі даму үрдістерін зерттейді.

2019 жылы он сегізінші қыркүйекте Ақтау қаласындағы Иран Ислам Республикасының Бас консулдығының қолдауымен, Ш.Есенов атындағы КТИУ-нің «Бизнес және құқық» факультетінде «Парсы тілі және Иран мәдениеті» орталығының ашылуы Каспий маңы мемлекеттерінің ынтымақтастығының жарқын көрінісі болды.

Аталған іс-шараның құрметті қонақтары: Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қаныбек Бекболатұлы Жұмашев, Иран Ислам Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулы – Хабиболла Малакути Фар, Әзірбайжан Республикасының Бас консулы – Елмар Рехим оглы Меммедов, Өзбекстан Республикасының Бас консулы – Нодиржон Тургунов, сондай-ақ Ақтау қаласындағы Иран компанияларының өкілдері болды. «Парсы тілі және Иран мәдениеті» орталығының салтанатты ашылуына қатысушылар шекаралас елдердің одан әрі ынтымақтастығы білім беруді интернационалдандыру саласында оң ілгерілеуге алып келетініне және Ш.Есенов атындағы КТИУ базасында Каспий маңы мемлекеттерінің білім беру хабын құруға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.