Үштілділік – заман талабы. Елбасы өзінің «Жаңа әлемдегі – жаңа Қазақстан» атты жолдауында: «Қазақстан халқы бүкіл әлемде үштілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақтілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» деген болатын.
Бүгінгі таңда Елбасымыздың үш тұғырлы тіл саясаты салиқалы да сындарлы түрде жүзеге асырылуда. Соның бір айғағы ретінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен, техникалық және кәсіптік білім берудегі педагогикалық кадрлар тобы Ұлыбритания мемлекетінде Шетелдік тағылымдамадан өтіп келді. Аталған тағылымдамаға Павлодар облысынан Павлодар технологиялық колледжінің оқытушысы Қанағатова Мақпал Серікжанқызы қатысты. Тағылымдама Глазго қаласының Глазго Каледониялық университетінде педагогикалық кадрлардың ағылшын тілі деңгейін арттыру және кәсіби құзіреттіліктерін жетілдіруді көздейді.
Қанағатова М.С. елге оралған соң шет елден үйреніп келген тәжірибесін әріптестеріммен бөлісе отырып, «Үш тілді оқытуды дамыту бойынша кешенді жоспарды жүзеге асыру аясында» атты 22 ақпан күні, Павлодар технологиялық колледжінде облыстық семинар-тренинг өткізілді.
Семинардың басты мақсаты қазіргі таңда үш тілді дамытудың маңыздылығын насихаттау, жəне біздің жас мамандарымыздың шет елдегі алған тəжірибелерімен бөлісу. Тренинг қонағы ретінде Малайзияда білім алған, Семей қаржы-экономикалық колледжінің информатика пəні мұғалімі Амежанов Жасұлан Жасболатович қатысты. Жас мамандар шет елдерде алған білімдермен қуана қуана бөлісті. Біздің жастар гана шет елге жүре бермейді. Қазіргі таңда еліміз басқа елдердің студенттерін шақыруда. Соның бірі ПМУ студенті Ноа Салако. Ноада семинарға қатысып өз елінің білім беру жүйесі туралы көптеген мəліметтермен бөлісті.