Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға [Социальная педагогика]
Автор статьи : Арайлым А.
Организация : Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар және басқару колледжі
Должность : Әлеуметтік педагог
Дата : 12.02.2022
Номер журнала : 01-14-2022
Организация : Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар және басқару колледжі
Должность : Әлеуметтік педагог
Дата : 12.02.2022
Номер журнала : 01-14-2022
Социальная педагогика
Ес білгелі мен көп нәрсені армандадым. Қазіргі таңда сол армандарды тізбектеп сүзгіден өткізсем барлығының бір түйіні халыққа қызмет ету, қоғамға өз пайдамды келтіру. Мұқтаж еткен жандарға қол ұшын беру, білімге үйрету. Болашақ мамандық таңдауда екі пікір қалыптасты, оның бірі дәрігер болса, бірі мұғалім. Ұзақ уақыт бойы екі мамандықтың тиімділігін ойланып ұстаздық етуге бел будым. Себебі әлемдегі барлық маман иелері ұстаздан білім алған, мұғалімнің назарында болған. Олай болса ұстаздық ету-үлкен бақыт. «Қазақстан бүкіл әлемде үш тілді пайдаланып жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі-ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі- жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» деп тұңғыш Президентіміз айтқандай, ағылшын тілі-қазіргі заманда жаһандық тіл. Олай болса, 2004 жылы «Ағылшын тілінің мұғалімі» біліктілігін алып осы күнге дейін сабақ беріп келемін. Қазіргі заманауи мектептерде ағылшын тілі міндетті пән ретінді оқытылады. Ағылшын тілінің қыр сырларын, мәдениетін, салт-дәстүрлерімен таныстырып, атаулы мереке күндерін білім алушылармен бірге атап өтеміз. Түрлі деңгейдегі олимпиадаға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүрген жайымыз бар. Түрлі отбасыда тәрбиеленген балаға білім беру тәжірибесінде, отбасылық тәрбие, жанұядағы ата-анамен қарым қатынасы, әлеуметтік жағдайларын білуге құштарлық таныттым. Сонымен менің ұстаздық етумен қатар әлеуметтік педагог қызметін қоса атқаруға мүмкіндік туды. Алғашқы уақытта 2010 жылдары әлеуметтік педагог қызметін барлық оқу орнында жұмыс жасамады. Үйреніп, білуге деген ынтаның арқасында көп іздендім. Көршілес, шетел елдерінің жұмыс барысымен танысып, әрі қарай жұмыс жалғасын тапты. Әлеуметтік педагог жұмысы жан-жақты мамандықты қажет етеді және аса жауапкершілікпен қаралады. Қоғам, ата-ана және студент алдында әлеуметтік педагог-психолог, заңгер (қаулы, заңды білу), тәрбиеші, мұғалім, ұйымдастырушы қызметін атқарады. Әр білім алушымен жеке сөйлесу, оған тиесілі үкімет тарапынан көрсетілетін заңды көмек түрлерімен таныстыру, құжаттаманы сауатты толтыру. Жауапты тұлға немесе қамқоршысымен үнемі байланыста болуды талап етеді. Ата-ана тәрбиенің оңды бағытын қамтамасыз ете алмағандықтан педагогтың көңіл аударуына мәжбүр болады. Отбасындағы жағдайлар туралы толық мәлімет ала отырып, бала тәрбиесіне байланысты ата-аналармен ынтымақтаса, оларға кәсіби педагогикалық көмек көрсетіледі. Әлеуметтік педагог пен ата-ана әріптестер ретінде бірін-бірі толықтырып отырады. Қызметтерді ұйымдастыру, басқара алу, тығырықтан шығу мен дұрыс шешім қабылдап, бағыт-бағдар беру, ортада шешуші рөл атқару бұның бәрі адам бойында туа біткен лидер қасиетінің болуы бірден-бір көмек түрі деп ойлаймын. Осы қасиеттің арқасында біраз жетістіктердің иесі болдым. Қоғамдық іс-шараларға, қалалық, облыстық колледж арасында өтетін жарыстарға, білікті мамандармен кездесу, тренингтерге ата-анасымен бірге белсене қатысу өте қызық өтеді.
Олай болса: менің өмірлік бағдарым «Әр кезде алдыма мақсат қойып, сол мақсатқа жету өйткені, мақсаттыз адам табысқа жете алмайды. Осыны білім алушыларыма жеткізе алу». Менің идеалым «Әр кезде жүрегінде мейірімділік нұры шашылып және сол нұрымен адамдардың жанын жадырататын АДАМ». Менің кәсіби ұстанымым «Қоршаған адамдарға көмек беріп олардың да, өзімнің де, жақсы жаққа өзгеруіне жол ашу. Өйткені өзің өзгермесең басқаны да, өзгерте алмайсың. Адам құйып қойған қалып емес, ол уақыт өткен сайын, өзгеріп кемелденіп тұруы керек». «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» Абай атамыздың ұлағатты сөздерінің астарын енді түсінгендей болдым.