Ұстаздық еткен жалықпас…

Ұстаз туралы жыр
Ұстаздық еткен жалықпас…

Мақала авторы: Тулешова Минтай Искаковна
Жұмыс орны: Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы саз мектебі
Лауазымы: Қобыз класының мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 03.02.2017


Ақтөбе облысы Шалқар қаласы Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы саз мектебінің қобыз класының мұғалімі Тулешова М.И
Ұстаздық еткен жалықпас…
Жайханова Бану Рамазанқызы 30 жылдан бері жаңалыққа жаны құмар Сүлеймен Алмас Бақытқалиұлы басшылық ететін Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы Шалқар ауданының саз мектебінде жұмыс жасап келеді.Бану Рамазанқызы облыстық оқу – әдістемелік орталығынан алғыс хатпен, облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталған.
«Ұстаз талантты болса, шәкірті талапты болады» демекші, өзінің дарыны мен қабілетін жұмыс барысында көрсете білген Бану апайымыз осы уақыт аралығында оқушыларын білім биігіне шығара білді. Мәселен А.Әбимолдаева облыстық 46- шы жас музыканттар байқауының жеңімпазы, А.Төлегенова Облыстық «Ақбөбек» байқауының III – орын иегері, Республикалық «Зимняя сказка в Алматы» байқауында С.Әбдіғазиева
III- орынмен марапатталды. Ал Төлегенова Ақбота Халықаралық «Күншуақ » байқауында II- орын, X – Халықаралық «Ақ көгершін» байқауында I- орын, Жұмахан Айеркем Республикалық «Платон» байқауында
I- орынға ие болды. Халқымыздың қаһарман перзенті Бауыржан Момышұлы «Ұстаз – ұлық емес, ұлы қызмет » деген екен.Шын мәнінде ұстаз болу үшін талмас талап пен ізденіс, табиғи дарын, ерен еңбек болуы шарт.
Міне, бойында осы қасиеттерді жинай білген қобыз класының мұғалімі Жайханова Бану Рамазанқызы шығармашылық жұмыспен де жүйелі түрде айналысып отырады.Бұл әркімнің қолы жете бермейтін биіктік.
Бану апайымыздың өнер жолын жалғастырып жүрген шәкірттері де аз емес. Мысалы Аманбаева Гүлбану – Ақтау қаласында қобыз класынан дәріс береді,Кәрібаева Айнұр Ақтөбе қаласында қобыз класының мұғалімі. Ұрпақ тәрбиелеуде уақыт талабынан қалмауға тырысып, үздік нәтиже көрсетуі – төккен тердің еленуі деп білемін. Шәкірттеріңіз білімнің биік шыңына көтеріле берсін!

Конкурстар мен олимпиадалар - https://talimger.kz

Республикалық қашықтық олимпиадалар — http://clever.zti.kz

Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар — https://ukz.kz

Конкурстар, конференциялар және олимпиадалар — https://tarim.kz

Халықаралық семинарлар, олимпиадалар мен конкурстар — https://mriks.ru

Халықаралық педагогтар ассоциациясы - https://iae.su

Атаулы ертегілер - https://hansunqar.kz