Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштың биіктігі, биссектриссасы және медианасы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Үшбұрыштың биіктігі, биссектриссасы және медианасымен танысу.
Дамытушылық: Үшбұрыштың биіктігі, биссектриссасы және медианасының
қасиеттерін пайдаланып есептер шығара білу
Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында
тереңдету
Сабақтың түрі: Бекіту сабағы
Сабақтың типі: Іскерлікті, дағдыны қалыптастыру
Сабақтың әдісі: Сұрақ жауап,
Сабақтың көрнекілігі: Инт. тақта, плакат,сызғыш, карточкалар
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі: Суреттер салынған карточкаларды пайдаланып, сыныпты үш топқа бөлу, оқушыларды түгендеу, ынталандыру
- Үйге берілген тапсырмаларды тексеру:
А) Үш топ мүшелері өздері алған карточкалары бойынша, топтың атын ашады. Сол топ атын қорғап шығады.
Ә) №110 ,№111 есептер
- Тапсырмалар беру (жұппен орындау)
І топқа. № 114 есеп
ІІ топқа.№ 115 (1) есеп
ІІІ топқа.№ 115 (2) есеп
- Жоба қорғау. «Үшбұрыш»
І топқа. Тұжырымдамалық карта
ІІ топқа. Семантикалық карта
ІІІ топқа. Ассоциация
Топтар бірін бірі бағалайды: Екі жұлдыз, бір ұсыныс
- Деңгейлік тапсырма
А деңгей тапсырма
Сәйкестендіру тесті.
№ | Халықаралық атаулары | Анықтамасы |
1 | Тең бүйірлі үшбұрыш | Барлық қабырғалары тең үшбұрыш |
2 | Медиана | Төбесінен қарсы жатқан қабырғасы арқылы өтетін түзуге түсірілген перпендикуляр |
3 | Биіктік | Төбені қарсы жатқан қабырғасының ортасымен қосатын кесінді |
4 | Биссектриса | Төбедегі бұрыш биссектрисасының қарсы жатқан қабырғасымен шектелетін кесінді |
5 | Тең қабырғалы үшбұрыш | Екі қабырғасы тең үшбұрыш |
В деңгей тапсырмасы
№ | Халықаралық атаулары | Анықтамасы |
1 | Тең бүйірлі үшбұрыш | |
2 | Медиана | |
3 | Биіктік | |
4 | Биссектриса | |
5 | Тең қабырғалы үшбұрыш |
С деңгей тапсырмасы
№ | Халықаралық атаулары | Анықтамасы |
1 |
|
|
2 |
|
|
3 |
|
|
4 |
|
|
5 |
|
- Тарелке ойыны
Үш түрлі бояумен берілген тарелкаға тапсырмалар беріледі.
Кызыл (оңай)1. Біреуі екіншісіне 30 0 үлкен сыбайлас бұрыштарды тап.
- Үшбұрыш сыз. Үшбұрыштың медианаларын жүргіз
Сары (Орташа) 1. АВС жәнеДЕF үшбұрыштары тең: ДЕ=2 см, ЕF= 3 см, ДF= 5 см,. АВС үшбұрышының қабырғаларын табыңдар.
2.Егер екі түзу қиылысқанда пайда болатын бұрыштардың екеуінің қосындысы 500-қа тең болса, онда осы бұрыштарды тап.
Көк (Қиын) 1. АВ=ВС, < 1=1300 /
<2=?
2.Табаны ВС болатын АВС тең бүйірлі үшбұрышының медианасы АК . Егер АВС үшбұрышының периметрі 32 см, ал АВК үшбұрышының периметрі 24 см болса, онда АК –ны табыңдар
Оқушылар өз шамаларына қарай тапсырма таңдап алады.
- Үйге тапсырма беру
Үшбұрыштың биіктігі, биссектрисасы және медианасы.№121, №122
- Бағалау. Сабақты қорытындылау.