Үш өлшемді графика

Информатика
Үш өлшемді графика

Мақала авторы: Бекзоджон Ибрагимов Рахманбердиевич
Жұмыс орны: "Шыпан" жалпы орта мектебі
Лауазымы: Мұғалім
Порталға жариялану мерзімі: 07.04.2016


Тақырыбы: Үш өлшемді графика.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Компьютерлік графиканың түрлері, 3 өлшемді графика жайлы түсінік алу, олардың артықшылық, кемшіліктерін ажырату.
Дамытушылық: Графиктік редакторлар Paint, Photoshop, CorelDraw туралы мағлуматтар алу. Word-та графиктік мүмкіндіктерді қарастыру, мультимедияда қолданылуы.
Тәрбиелік: Эстетикалық талғамын қалыптастыру. Дизайнерлік мамандыққа баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Paint, Word, Power Point терезелеріндегі көрнекіліктер, мультимедиялық фильм.
Техникалық құралдар: Проектор, сканер, фотоаппарат.
Сабақтың әдісі: СТО стратегиясы, баяндау
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту.
Пәнаралық байланыс: Геометрия, бейнелеу өнері, тарих, физика.
Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру – 2 мин.
Кезекшіден рапорт қабылдау және топ пен сәлемдесу, журнал бойынша қатысып отырғандарды тексеру. Сабаққа дайындықты тексеру .
Техникалық қаупсіздік ережесін ескерту.
2. Білімділігін пысықтау — 3 мин
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру — 15 мин.
4. Тапсырмаларды орындау – 20 мин.
5. Физминутка-2мин.
6. Сабақты қорытындылау және бағалау, үй тапсырмасы — 3 мин.

І. Ұйымдастыру.
Компьютерлерді дайындау, проекторды, сканерді іске қосу, фотоаппаратты пайдалану, көрнекіліктерді қою.
ІІ. Білімдерін пысықтау.
1. Компьютерлік графика деген не?
2. Компьютерлік графиканың негізгі бағыттарын атаңыз.(Ғылыми, іскерлік, конструкторлық, анимация, мультимедия, көркемдеу және жарнамалау, иллюстративтік графикалар)
3. Растрлық графиканың негізгі элементі.(нүкте)
4. Векторлық графиканың негізгі элементі (сызық)
5. Фракталдық графиканың базалық элементі.(математикалық формула)
6. Сызық, доға, шеңбер және төртбұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер.(примитивтер)
7. Векторлық кескіндермен жұмыс жасаудағы артықшылықты айтыңыз.( Кескінге сапасын жоғалтпай өзгеріс енгізуге, оңай кішірейтуге және үлкейтуге болады, ақпараттық көлемі растрлық кескіндермен салыстырғанда әлдеқайда аз болады)
8. Растрлық кескіндеудің артықшылықтарын атаңыз.( Растрлық кескіндер векторлық кескіндерге қарағанда сапасы жоғары, әсерлі болады. Қарапайым фотосуреттердің өзі компьютерде растрлық кескін түрінде сақталады.
9. Растрлық кескіндеудің кемшілігі.( Масштаб кішірейсе көріністің сапасы жоғалады, үлкейткенде көрініс дөрекіленеді. Масштаб кішірейсе көріністің сапасы жоғалады, үлкейткенде көрініс дөрекіленеді.)
10. Растрлық графикада қолданылытын қосымша программалар.( Мұндай типті кескіндер Paint, Adobe Photoshop, Corel Photo, Photofinish секілді қуатты графикалық редакторларда өңделеді)
11. Векторлық графикада қолданылытын қосымша программалар (Мұндай типті кескіндер CorelDraw, Adobe Illustrator секілді қуатты графикалық редакторларда өңделеді)
секілді қуатты графикалық редакторларда өңделеді)

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Компьютерлік графика төмендегідей түрлерге бөлінеді:
1. Растрлық (Paint, Photoshop),
2. Векторлық (Corel Draw, Adobe Illustrator),
3. Фракталдық (фрагмент, яғни ұсақ объекттерден құралған графика түрі, мәселен архитектуралық жоба — фракталдық графика түріне жатады),
4. Үшөлшемді графика (сосын кете береді ғой ішінен 4D, 5D, 6D т.с.с, 3D Studio MAX, AutoCAD, Компас),
5. Символдық графика
Олар бір-бірінен монитор экранында бейнелену және қағаз бетіне басып шығарылған кезде кескіндердің қалыптасу принциптері бойынша ажыратылады.
3 өлшемді графика – бұл ені, бойы, ұзындығы бойынша жасалған компьютерлік графика (Слайд 2)
Қоғамдің әр түрлі саласында біз 3 өлшемді графикамен кездесеміз. Бұл жұрнал бетіндегі суреттерді форматтау да, видео-роликтегі жарнамалар болсын, т.б. Интернеттеде барлық сайттардағы жарнамалар 3 өлшемді графикасыз болмайды. Ең көп пайдаланатын қазіргі заман компьютерлік ойындары үшін, киноматографияда, телевиденияда, баспа өнімдерін шығаруда.
Үш өлшемді графика(3D ) ғылыми есептеулер, инженерлік жобалау және физикалық объектілерді компьютерде үлгілеу облыстарында кең таралған.
Объектілердің шынайы үлгісін жасау үшін геометриялық фигуралар (тіктөртбұрыш, шар, куб т.б.) және сплайндық бет деп аталатын тегістер қолданылады. Соңғы жағдайда тең өлшемді емес тордағы бикубикалық рациональды В-сплайндар (NURBS) әдісі жиі қолданылады. Мұнда беттің түрі кеңістікте орналасқан демеу нүктелер торымен анықталады. Әр нүктеге, нүктенің жақын өтетін кеңістіктің бөлігіне әсер ету деңгейін анықтайтын коэффициент меншіктеледі. Нүкелердің орналасуының және коэффициенттер өлшемінен кеңістік формасы және «тегістігі» тәуелді болады. Объектінің «қанқасы» құрылып болғаннан кейін оның бетін материалдармен жабу керек. Компьютерлік үлгілеуде қасиеттердің барлығы беттің көрінуіне арналады, яғни беттің мөлдірлік коэффициентін есептеуге, материалдың шекарасында және қоршаған кеңістікте жарықтың сәулесін сындыруды есептеуге. Бетті бояу Гуро (Ground) немесе Фонга (Phong) әдістермен жүзеге асады. Бірінші жағдайда фигураның түсі оның төбесінде ғана есептелінеді, одан кейін беті бойынша сызықты түрде жойылады. Екінші жағдайда объектіге нормаль құрылады, оның векторы құрауыш фигуралардың бетімен жойылады және әр нүктенің жарықтануы есептелінеді.
Үш өлшемді графиканың бағдарламалық құралдары. Үш өлшемді графиканы дербес компьютерде өндейтін бағдарламалық құралды үш пакет құрайды. Олар Windows операциялық жүйесімен басқарылатын машиналар нәтижесінде жұмыс жасайды.
1. Kіnetix фирмасының 3D Studio Max бағдарламасы.
2. Microsoft компаниясының Softimage 3D бағдарламасы.
3. Мүмкіндіктер және интерфейс тұрғысынан революциялық болып әйгілі компаниялардың (Alias, Wavefront, TDI) консорцимымен жасалған Maya бағдарламасы.
Тапсырмаларды орындау.
1 – тапсырма.
Екі топ кестені толтырады.
Растрлық графика Векторлық графика
Графиканың базалық элементі? Түрлі түсті нүктелер (пиксель) Примитивтер (нүкте,сызық,шеңбер, тікбұрыш т.б.)
Қайда қолданылады? Ескі фотосүретті жаңалау үшін;
ақ-қараны түрлі-түсті қылу үшін.
көркемдеу жұмыстары үшін. Көпнүктелі объекттерді сақтау үшін (чертеж, схема)
Масштабы өзгергертілсе не болады? Масштаб кішірейсе көріністің сапасы жоғалады, үлкейткенде көрініс дөрекіленеді. Кескін сапасын жоғалтпай өзгеріс енгізуге, оңай кішірейтуге және үлкейтуге болады, ақпараттық көлемі растрлық кескіндермен салыстырғанда әлдеқайда аз болады
Объект боялғанда? Әр бір нүкте боялады Фигура толығымен боялады
Графикалық редакторда не істеуге болады? Әр бір пикселдің түсін ауыстыруға болады; жарықтығын көтеруге; кішігерім деталдарды өшіруге; эффект қоюға. Өлшемін өзгертуге,графикалық примитивтің түсін ауыстыруға; объектерді біріктіруге, үстме-үст қоюға.

Түсініктеме береді.
2-тапсырма.
Карточкада қандай суреттің екілік коды жазылған

Физминутка: Ребусты шеш.

3-тапсырма.
Практикалық жұмыс. Болашақ дизайнерлер
Әр бір оқушы компьютерде мерекелерге арнап CorelDraw -да құттықтау беттерін жасайды.

4-тапсырма.
Компьютерде электронды тест орындау.

Бағалау, қорытындылау, үйге тапсырма.

Конкурстар мен олимпиадалар - https://talimger.kz

Республикалық қашықтық олимпиадалар — http://clever.zti.kz

Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар — https://ukz.kz

Конкурстар, конференциялар және олимпиадалар — https://tarim.kz

Халықаралық семинарлар, олимпиадалар мен конкурстар — https://mriks.ru

Халықаралық педагогтар ассоциациясы - https://iae.su

Конкурстар мен олимпиадалар - https://kzu.kz