Ұстаздарға және оқушыларға арналған порталдар тізімі

  1. "Clever Quizzes" пән олимпиадалары - http://w.zti.kz/4a623c
  2. Лингвистикалық олимпиадалар - https://wonder.zti.kz
  3. Бастауыш білім беру негіздері бойынша 3 тілдік олимпиадалар - https://kokon.kz
  4. Итальяндық дойбы бойынша киберолимпиадасы - https://doiby.zti.kz
  5. Интеллектуалды шахмат киберолимпиадасы - https://chess.zti.kz
  6. Жарыстар, конференциялар, олимпиадалар - https://kzu.kz
  7. Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар мен курстар - https://ukz.kz
  8. Зияткерлік сайыстар, конференциялар мен олимпиадалар – https://tarim.kz
  9. Мұғалімдерге арналған әдістемелік журнал - https://adisteme.kz
  10. Республикалық қашықтық олимпиадалары – https://clever.zti.kz
  11. Жарыстар, конференциялар, олимпиадалар - https://talimger.kz

Ескерту: Мақала сапасы туралы ақпараттарды, сертификат, анықтама және журналға тапсырыс беру батырмаларын мақала авторы немесе журнал тілшісі ғана көре алады.

Үшбұрыштар теңдігінің белгілері

Математика
Үшбұрыштар теңдігінің белгілері

Мақала авторы: Назымбек Карим Қасымбекұлы
Жұмыс орны: Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Салқынкөл орта мектебі
Лауазымы: математика пәнінің мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 24.01.2018
Журнал қорына жариялаған: Н.


7.2В бөлім:Үшбұрыштар

(8 сабақ)

Мектеп: Салқынкөл орта мектебі
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Назымбек К.Қ.
Сынып: 7  а Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы: Үшбұрыштар теңдігінің  белгілері.
Сабақтың түрі: Бекіту және қолдану
Оқыту мақсаттары 7.1.1.22 үшбұрыштар теңдігінің белгілерін есеп шығару мен дәлелдеулерде қолдану;
Сабақ мақсаты Үшбұрыштар теңдігінің  белгілерімен есеп шығарады, оларды дәлелдейді және қолданады;
Бағалау критерийлері                 Үшбұрыштар теңдігінің белгілері арасындағы айырмашылықтарды көреді.

Үшбұрыштар теңдігінің белгілерін дәлелдейді.

Тілдік  мақсаттар -үшбұрыштар қабаттастыру кезінде  беттессе, онда…;

– үшбұрыштар … белгісі бойынша тең;

– үшбұрыштардың теңдігінен …;

– үшбұрыштар тең болғандықтан …  тең болады;

– екі қабырғасы мен олардың арасындағы бұрыш арқылы…;

Құндылықтарды дарыту

 

Жауапкершілік, мақсатқа ұмтылу, жаңа материалды тез игеруге дайын болу
Пәнаралық байланыстар
АКТ қолдану дағдылары Презентация
Бастапқы білім

 

Үшбұрыштар, бұрыштар, вертикаль бұрыштар.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар
Сабақтың басы

 

 

Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың бас кезінде оқушылар шеңбере тұрып, сапарға аттанардай өз қапшықтарына бір бір тілектен салады. Мұғалім олардың қандай тілекпен бүгінгі сабаққа аттанарын қадағалайды, әр оқушы өзінің есіміне байланысты тілек салып алу керек. Мүғалім «сен оны ала аласын, сен оны ала алмайсын» дегендей сөздер айтады.  Ойынның мақсаты оқушылардың сабақ басындағы эмоциялық көңіл күйі.

Үй тапсырмасын тексеру №11.3 64 бет

Өткенді қайталау. Сұрақ-жауап арқылы. «Ыстық орындық» әдісі арқылы

–          Үшбұрыштың неше элементі бар? (3)

–          Үшбұрыштың теңдігінің бірінші белгісі қандай?

–          Үшбұрыштың бірінші белгісіне қандай элементтер керек?

–          Үшбұрыштың теңдігінің екінші белгісі қандай?

–          Үшбұрыштың екінші белгісіне қандай элементтер керек?

–          Үшбұрыштың теңдігінің үшінші белгісі қандай?

–          Үшбұрыштың үшінші белгісіне қандай элементтер керек?

 

 

Сабақтың ортасы 

 

 

Бүгінгі сабақта оқушылар үшбұрыштың теңдігінің белгілерін әрі қарай жалғастырады, есеп шығарады.

1 тапсырма. Бұл тапсырманы оқушылар орындарында жекелей ІІ нұсқа бойынша орындайды.

 

І нұсқа  ABCD төртбұрышында <DAB=<CBA, AC және  BD диагональдары АВ қабырғасымен тең бұрыштар жасайды, АD=3 см, АС=4 см. BD кесіндісінің ұзындығын табыңыздар.

Жауабы: 3 см.

Дескрипторлар:

·         үшбұрыштың теңдігінің белгісін анықтайды;

·         үшбұрыштың теңдігінің белгісі арқылы бұрышты анықтайды;

·         ВD кесіндісінің ұзындығын табады;

 

ABCD төртбұрышында <АDB=<АCB, AC және  BD диагональдары АВ қабырғасымен тең бұрыштар жасайды, АD=5 см, АС=7 см. BС кесіндісінің ұзындығын табыңыздар.

Жауабы: 5 см

Дескрипторлар:

·         үшбұрыштың теңдігінің белгісін анықтайды;

·         үшбұрыштың теңдігінің белгісі арқылы бұрышты анықтайды;

·         BС кесіндісінің ұзындығын табады;

Бағалау: Тапсырманы дұрыс орындаса, 5 ұпай, бір қате болса – 4 ұпай, дұрыс орындамаса – 0 ұпай.

 

2 тапсырма. Өздерің тапсырма құрыңыздар. Топтық жұмыс. Нұсқа бойынша.

І нұсқа тапсырмасы.

Үшбұрыштың теңдігінің белгісіне тапсырма құрастырыңдар.

ІІ нұсқа сол тапсырмаларды орындайды.

 

Кері байланыс «Егер мен 5 минут сендердің орнында болсам» арқылы бағалау. Оқушылар, топтың тапсырмасын тыңдайды, содан соң өз пікірлерін 5 минут әдісі арқылы айтады. Егер мен тағы 5 минутым болса, мен мынаны өзгертер едім, немесе тағы да мынандай тапсырма қосар едім.

 

 

Сергуті сәті. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын әрі қарай дамыту үшін тапсырма беріледі.

Сандар белгілі бір заңдылық нәтижесінде алынған. Сұрақ белгісін қандай санмен ауыстыру керек?

Жауабы: 20

 

3 тапсырма. Жеке жұмыс. (Қалыптастырушы бағалау)

Тест тапсырмасы:

1.  Үшбұрыштың қабырғалары 10см, 14см, 20 см. Үшбұрыштың периметрін табыңыз.

А) 44 см

В) 34 см

С) 40см

Д) 30см

Е) 45см

2. Үшбұрыштың бір қабырғасы мен оған іргелес жатқан бұрыштар бойынша үшбұрыштар теңдігінің нешінгі белгісі анықталады?

А) бірінші

В) екінші

С) үшінші

Д) төртінші

Е) бесінші

3. Үшбұрыштың екі қабырғасы мен олардың арасындағы бұрыш бойынша  үшбұрыштар теңдігінің нешінгі белгісі анықталады?

А) бірінші

В) екінші

С) үшінші

Д) төртінші

Е) бесінші

4. АВ қабырғасы 4 см, ал А1С1=5 см, А бұрышы 350 болса, А1 бұрышы неше градусты құрайды?

А) 1450

В) 550

С) 750

Д) 450

Е) 350

5. АВ=12 см,  ал А1С1=10 см, ВС=7 см болса, А1В1С1 үшбұрышының периметрін анықта

А) 30 см

В) 29 см

С) 28см

Д) 35см

Е) 15см

 

Дескрипторлар:

·         үшбұрыштың периметртін анықтайды;

·         үшбұрыштың теңдігінің белгісін анықтайды;

·         үшбұрыштың теңдігінің белгісін анықтайды;

·         үшбұрыштың теңдігінің белгісі арқылы бұрышты анықтайды;

·         үшбұрыштың теңдігінің белгісін қолданып, периметрді анықтайды;

Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай. Жалпы 5 ұпай. Көршісі тексеріп, сәйкес ұпайды қояды. (Өзара тексеру)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытындылау:

Рефлексия

 

 

 

 

 

 

Үй тапсырмасы

Рефлексия:

 «Бағдаршам» кері байланыс.

 

 

 

 

№ 11.8 65 бет

 

 

 

 

 

 

 

 

Саралау – оқушыларға қалай  көбірек қолдау көрсетуді  жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
1. Қабілеті жоғары оқушыларды консультант ретінде тағайындауға болады. Олар қабілеті төмен оқушыларға көмек көрсету арқылы олардың жинақталуына септігін тигізіп, оқуға тарта алады.

2.  Әрбір оқушыны назардар тыс қалдырмай жеке қадір-қасиетін сезіну үшін іс-әрекетіне қарай мадақтау алады.

Оқушы өзін-өзі және басқаларды бағалау арқылы неге жеткенін және неге әлі қол жеткізу керектігін бағалап отырады. Ойлауды сезінуді дамытатын материалдар. Оқушылардың өзара әрекеттесу мәдениетін қалыптастыру, кездескен қиын және күрделі жағдайларда оқушы өзін бірқалыпты ұстануға көмектеседі
Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. 

 

Ұстаздарға және оқушыларға арналған порталдар тізімі

  1. "Clever Quizzes" пән олимпиадалары - http://w.zti.kz/4a623c
  2. Лингвистикалық олимпиадалар - https://wonder.zti.kz
  3. Бастауыш білім беру негіздері бойынша 3 тілдік олимпиадалар - https://kokon.kz
  4. Итальяндық дойбы бойынша киберолимпиадасы - https://doiby.zti.kz
  5. Интеллектуалды шахмат киберолимпиадасы - https://chess.zti.kz
  6. Жарыстар, конференциялар, олимпиадалар - https://kzu.kz
  7. Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар мен курстар - https://ukz.kz
  8. Зияткерлік сайыстар, конференциялар мен олимпиадалар – https://tarim.kz
  9. Мұғалімдерге арналған әдістемелік журнал - https://adisteme.kz
  10. Республикалық қашықтық олимпиадалары – https://clever.zti.kz
  11. Жарыстар, конференциялар, олимпиадалар - https://talimger.kz