Үмбетей шығармалары — Қазақстан тарихының дерегі ретінде

Әдебиет
Үмбетей шығармалары — Қазақстан тарихының дерегі ретінде

Мақала авторы: Оразбаева Жансая Нурсеитқызы
Жұмыс орны: Алматы гуманитарлық-техникалық қазақ-түрік колледжі
Лауазымы: Магистрант
Порталға жариялану мерзімі: 31.01.2018


Ақтамберді мен Бұқар, Тәтіқара мен Қожаберген бастан өткерген XVІІІ ғасырдың  аласапыран  уақиғаларының ішінде  Үмбетей  де болды. Қазақ-жоңғар қатынастарындағы бірқатар шайқастардың қаһармандық рухын бізге дейін Үмбетей жырау, Ақтамберді жырау, Тәттіқара жырау, Көтеш ақын және Бұқар жырау туындылары жеткізді.

«Ақтабан шұбырындыдан » кейін қазақ батырлары жеткен алғашқы жеңістер, Ордабасыдағы съезд халықтың жауынгерлік рухын көтерді. Әрі батыр, әрі жырау Ақтамбердінің сөзімен айтқанда, көптеген қазақтар:

 

«Дұшпаннан көрген қорлығым

Сары су болды жүрекке

Он жетіде құрсанып,

Қылыш ілдім білекке

Жауға қарай аттандым

Жеткіз деп құдай тілекке!»-

 

деп жауға аттанды.

Үмбетей жырау өз толғауларында Жоңғарлардың Баянауыл, Қызылтау,Абралы,Шыңғыс таулары мен Қара Ертіс бойындағы Мамырықты және Алатауды қалай жаулап алғанын суреттеген.

 

«Баян Ауыл, Қызыл тау,

Абыралы, Шыңғыс тау

Қозы- Маңырақ,Қой-Маңыра

Арасы толған коп Қалмақ,

Қалмақты қуып қашырдың,

Қара Ертістен өткізіп,

Алтай тауға асырдың,

Ақ Шәуліге қос тігіп,

Ауыр қол жиып алдырдың,

Қалмаққа ойран салдырдың,

Қабанбай мен Бөгенбай

Арғын мен Найманға

Қоныс қылып қалдырдың».

Назар аударарлық – бұл деректер түгелдей дерлік ақиқат.Бұл мекендердің Қозымаңырақ мен Қоймаңырақтан өзгесі қазір де солай аталатын, бүгінгі Повлодар, Қарағанды, Семей, Шығыс Қазақстан облыстарының территориясын алып жатқан үлкен тау алаптары, шұрайлы, құйқалы қоныстар екенін көреміз. Осы аталып отырған жерлер ұзаққа созылған күрестерден соң Жоңғар тауларынан шыққан Ойрат тайпалары басып алған Қазақтың байырғы мекендері болатын.ХҮІІІ ғасыр орта шенінен бастап бұл қоныстар қайтадан қазаққа өтті. Осы жеңісті жорықтар кезінде Қазақ халқының басында жүрген батырлардың бірі Бөгембай еді.Тек бұлғана емес. Бөгембай — Жоңғарға қарсы күрестің қиын күндерінде, қазақтар ауыр жеңілістерге ұшырап, Сайрам, Түркістан, Ташкенттердің бірінен соң бірінен айрылғанда, Ақтабан-шұбырындыға ұшырап, атамекенінен босқан кездерде еңсесі    түспеген, жүрегі шайлықпаған ерлердің бірі еді.Бұл кезде Бөгембай Қалмақтарға қарсы күресті ұйымдастырушылардың бірі болды. Үш жүздің хан, сұлтандары бір сәт мәмілеге келіп,бас қосып,жоңғарға қарсы соғысты қайта ашқанда,ол алдыңғы сапта шықты. Қазақтардың  1728,1730 жылғы жеңісті жорықтарында Бөгембайдың атқарған рөлі ерекше.

Үмбетей бейнесі Бөгенбай батырдың есімімен байланысты. Оның Бөгенбайға қатысты екі ұзақ жыры бар: Біріншісі- Бөгенбайды  жоқтау; Екіншісі-Бөгенбай өлімін Абылайханға естіру.

Қанжығалы Бөгенбай батырдың аты кімге болсын жақсы таныс.Ол- Жоңғарға қарсы күрестің қаһарманы,әлуетті батыр, атақты қолбасы, еліне еткен қызметі арқасында жұрт сүйіктісіне айналған Қазақ халқының ардагер ұлдарының бірі.

Сондықтан «дұшпанға қарсы оқ атқан», үрей болған қалмақты талқандаған,

«Қолтығы ала бұғының

Пәйкесіндей Бөгембай,

Жалаң қия жерлерден

Жазбай түсіп түлкі алған,

Білегі жуан бүркіттің

Тегеурініндей Бөгембай»,-

дүниеден көшкенде Үмбетей жырау көзінің жасын көл қылады, батырдың өлімін аза тұтады, оның тірісінде халқына еткен қызметін еске алып,марқұмды мадақтайды. Бөгембай қабірінің басында жоқтау жырын айтқан соң жырау батырдың аманатын орындауға Абылай ханның ордасына барады,ел сүйіктісінің өлімін хабарлайды.Үмбетейдің өмірі Абылайханмен тұтас өтеді және ол хан мен істес қимыл  жасайды.Қалмақ басқыншылары жүргізген үздіксіз ұзақ соғыс кезінде Үмбетей батырлар бастаған жорыққа белсене қатысады. Өз атынан халыққа, батырларға үндеу тастап, ел амандығын сақтауды,жауға берілмеуді,ашына жыр еткен.Өзі өмір шеккен ғасырдағы халықтың ардақты азаматтарын, яғни батырларын, билерін құрметтеп мадақтайды.

Бөгенбайдың Қалмақты қырып, туған жерден қуып тастағанын шабыттана толғайды.

«Қалмақты қуып қамырдың,

Қара Ертістен өткізіп,

Алтай тауға асырдың»,

деп атамекенді жаудан босатқанын мадақтайды.

Үмбетей жыраудың  қалмаққа қарсы күресін шындық түрінде жырлаған ақын және өзі көрген жортуыл туралы жырлар шығарған  эпик ақын. Үмбетей Абылай маңында болған шағында ханды оның тірегі болған Бөгембай, Олжабай сынды батырлардың халық үшін сіңірген еңбегін, қалмақпен соғыста жасаған қаһарман ерліктерін мақтан етіп жырлап отырады. Соғыстың ауыр сәтінде батырға дем беріп, оларға қиыншылыққа мойма деп әрдайым жігерлендіреді. Ақын батырлармен бірге жауға аттанып, шайқастың ортасында жүреді. Сондай сәттерде өзі көрген ұрыс- барысы, ерлік істі куәгердей суреттеп, батырдің  күш-қайратына сүйсініп, отты жырлар төгеді. Сондай соғыстардың бірінде  Абылай ханның жортуылда  жолы болмапты.Өкшелеген жаудан  құтылуға айналғанда алдыдан өткел бермес тасыған өзен кездеседі. Жұрт ұйлығып қалыпты.Бәріне де харап болу қаупі төнеді.Сонда ақын:

Қамыстың басы майда,түбі сайда,

Жәнібек Шақшақұлы  болат найза.

Алдыңнан су артыңнан жау қысқанда

Ер жігіттің ерлігі осындайда.

Бөкейді айт соғыр менен дулаттағы

Дербісәлі маңдайды айт, қыпшақтағы.

Өзге батыр қайтса да біз қайтпайтын,

Сары менен Баянды айт уақтағы.

Ағаштың биіктігін айтсаң,қарағайды айт.

Жігіттік ерлікті айтсаң,Бөгембайды айт.

Найзаның ұшына жау мінгізген,

Керейде Еменәлі, Ержебайды айт.

дегенде, аты аталған батырлар ақынның соңынан тасып жатқан өзенге түсе бастайды.Бұлардың артынан қалың қол еріп судан аман өтіпті.

Қазақ халқының тұтастығын, елінің жауға алдырмас қайсарлығын жырлай отырып елдің басына түскен зар заманды, күйзелісті жырына арқау еткен Үмбетей жырау болашақ ұрпақтың да  таңы жарқын, рухы биік  болсы деп тарих бұрмаланбасын деп  ел алдындағы тарихты жырымен жазуы қазақ тарихының жаңа көзқарастарды тануына жетелейді.

Конкурстар мен олимпиадалар - https://talimger.kz

Республикалық қашықтық олимпиадалар — http://clever.zti.kz

Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар — https://ukz.kz

Конкурстар, конференциялар және олимпиадалар — https://tarim.kz

Халықаралық семинарлар, олимпиадалар мен конкурстар — https://mriks.ru

Халықаралық педагогтар ассоциациясы - https://iae.su

Атаулы ертегілер - https://hansunqar.kz