Туым – теңдігім, Елтаңбам – елдігім, Әнұраным — айбыным

Тәрбие сағаты
Туым – теңдігім, Елтаңбам – елдігім, Әнұраным — айбыным

Мақала авторы: Едильбаева Жадыра Рысбековна
Жұмыс орны: "Шаңырақ" көпсалалы мектеп-гимназия" КММ
Лауазымы: математика пәнінің мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 16.02.2016


Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандылығы мен даналығын, болашаққа деген үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Н.Ә.Назарбаев

Сынып 11
Тақырыбы: «Туым – теңдігім, Елтаңбам – елдігім, Әнұраным — айбыным»
Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсінік беру, елін, жерін, тілін, қазақ елінің рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу
Күтілетін нәтиже: Рәміздер жайында тарихи мәліметтермен, термин сөздермен танысады, рәміздерді құрметтеп, авторларын жатқа біледі.
Сабақ барысында жүзеге асатын жұмыс түрлері: Топтық, жұптық, ұжымдық, жеке жұмыс
Сабақ барысы
Кезеңдері, уақыты, бағалау Мұғалім іс-әрекеті Оқушының іс әрекеті
І. Ұйымдастыру
(3 мин) Оқушылармен сәлемдесу, топқа бөлу
Сонау көне заманда қазақтың ру-тайпаларының өзіне тән таңбасы және ұраны болған. Ұлан-байтақ өңірде мекендеген көшпенділер ұранды ат бәйгесі, балуандар күресі, соғысқа аттанарда, әрбір рудың ата-бабалары, батырлары аталып үндеу ретінде шақырылған. Ру таңбалары олардың жалауында белгіленген. Абылай ханның туы ақ болса, Әмір Темірдікі көк, Еңсегей бойлы ер Есімнің туы қызыл болған екен.
Әлемдегі кез келген жаңадан пайда болған мемлекет өзінің мемлекеттік рәміздерін: туын, елтаңбасын, әнұранын бекітеді. Бұл-әр елдің саяси егемендігінің белгісі.
Бүгінде Қазақстан – елтаңбасымен еңселі, туымен тұғырлы, әнұранымен айбатты ел! Оқушыларды топқа бөлінеді:
Гимн,
Ту,
Елтаңба

ІІ. Ой қозғау
(7 мин) Оқушыларға шағын видеороликті ұсынады. Тақырыпты сұрақ қою арқылы ашады.
Мұғалім шағын терминдермен, қосымша мағлұматтармен таныстырып өтеді.
1. Туларды зерттейтін ғылым – Вексиология
2. Елтаңбаны зертейтін ғылым — Геральдика
3. Қазақстан Республикасының 34-бабы, 2-тармағында:«Әркім Республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге міндетті» делінген. Оқушылар видеороликті тыңдап, ойларымен бөліседі
ІІІ. Мағынаны тану
(10 мин)
(Бас бармақ, үш шапалақ, «екі жұлдыз, бір тілек») Топтық жұмыс. Әр топқа тапсырма береді І топ- «Ту», ІІ топ –«Елтаңба», ІІІ топ – «Әнұран» сөздеріне кластер жасап қорғайды
ІV. Ой толғау.
Мың бір мақал
(10 мин)
Мақалдардың бір жолын береді
1. Таңбасыз ел болмайды, (Намыссыз ер болмайды)
2. Қыран қиясын сағынады, (Торғай ұясын сағынады)
3. Отан елдің анасы, (Ел ердің анасы)
4. Туы бірдің – түбірі бір, (Жолы бірдің – жүгі бір)
5. Отанға опасыздық еткенің, (Өмірден қаралы боп өткенің)
6. Құстың бәрі – сұңқар емес, (Аттың бәрі –тұлпар емес)
7. Отанды сүю – (отбасынан басталады)
8. Қыран бүркіт – көтерер елдің нарқын, (Қыран жігіт – асырар елдің даңқын)
9. Отан үшін күрес – (Ерге тиген үлес)
10. Ақсұңқар ұшар жем үшін, (Ер жігіт туар ел үшін)
Оқушылар екінші жолын аяқтап мағынасын ажыратып айта кетеді
VI. Шығармашылық жұмыс (10 мин) «Менің рәміздерім- менің мақтанышым» Берілген тақырыпта оқушылар жекелей жұмыс атқарады. Шағын әңгіме немесе шағын өлең жолдарын жазады
VII. Қорытындылау
(5 мин) Өзіміздің жерімізді, рәміздерімізді, Отанымызды құрметтеуге және патриоттық сезімімізді нығайта түсуге тырысайық! Туған жер киелі ұғымды әр қазақстандық құрмет тұтуға, оны қастерлеуге міндетті екенін ұмытпайық. «Ел ерімен мақтанар, жер кенімен мақтанар» деген, елімізді қорғар ер — азаматтар, асыл ұрпақтар, тәрбиелі ұл — қыздар молая берсін деп ашық тәрбие сағатымызды «Қазақстан» өлеңімен аяқтайық.
Оқушылар барлығы бірге «Қазақстан» атты өлеңді орындайды. (Өлең экранда шығып тұрады )

Конкурстар мен олимпиадалар - https://talimger.kz

Республикалық қашықтық олимпиадалар — http://clever.zti.kz

Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар — https://ukz.kz

Конкурстар, конференциялар және олимпиадалар — https://tarim.kz

Халықаралық семинарлар, олимпиадалар мен конкурстар — https://mriks.ru

Халықаралық педагогтар ассоциациясы - https://iae.su

Атаулы ертегілер - https://hansunqar.kz