Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды тұрлаулы мүшелер сөйлем негізін құрайтынын, оларды ажырата білуді, сөйлемде атқаратын қызметіне түсінікберу. Сөйлем мүшелері туралы білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Өз ойын жүйелі жеткізуге, бастауыш пен баяндауышқа сұрақ қоя білуге үйрету.
Тәрбиелілік: өз ана тілін сүюге,құрметтеуге,тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Деңгейлеп оқыту
Сабақтың көрнектілігі: Интерактивті тақтада слайдтар,перфокарталар, ашық журнал.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
-Балалар, бүгінгі сабаққа дайынбыз ба? Көңіл – күйіміз қалай? Ендеше сабақты ұранымызбен бастайық. Сабақ ұраны:
Қазақ тілі-өз тілім,дана тілім
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім,
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым қазақ тілім.
Қызығушылығын ояту.
1-слайд «Тез ойла»
Денсаулық — зор … .
Мемлекетіміздің бас қаласы- … .
Зере – Абайдың … .
2-слайд «Ой қозғау»
Абай – ұлы ақын.
Ыбырай – алғашқы ұстаз.
Жамбыл – халық ақыны.
-Осы жерде қандай ереже шығады?
-Жақында ғана елбасымыз халыққа «Нұрлы жол» атты жаңа жолдауын хабарлады.
3-слайд «Нұрлы жол»
Бізде еліміздің өркендеуіне үлес қосуымыз керек, егер бүгінгі сабақты өздеріңнің білімдеріңді көрсете білсеңдер, болашақта сендерде қазақ елінің нағыз ұлтжанды азаматы болатындарыңа сенемін.
-Ендеше, бізде бүгінгі сабағымызды «Нұрлы бағыттар»деп атай отырып, бағыттар бойынша жұмыс жасаймыз және бағалау жүйесін алған балдарыңды есептей отырып, мына ашық журналда бағалаймыз.
1 – нұрлы бағыт. Өткенді пысықтау. Онда сендер деңгейлік тапсырмаплар орындайсыңдар.
4-слайд 1 – деңгей
Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойыңыз.
Жа…бырлы күн, түнде сал…ын, далада т…ман, б…ран соқты, қар жа…ды.
5-слайд 2 – деңгей
Берілген сөйлемдерден бастауыш пен баяндауышты табыңдар.
Мал өрістен қайтты.
Ержан үйірмеден қайтты.
Бүгін жапалақтап қар жауды.
6-слайд 3-деңгей
Берілген сөздерді пайдаланып мәтін құрастыр.
Суық, боран, жапалақтап, аяз, қар.
Бұл қандай мәтін?
2-нұрлы бағыт. Бәйге жарысы
7-слайд 1. Сөйлем мүшесі дегеніміз не?
- Қандай сөйлем мүшелерін білеміз?
- 3. Бастауыш дегеніміз не?
- Баяндауыш дегеніміз не?
3- нұрлы бағыт. Жаңа сабақ
8-слайд Тұрлаулы мүшелер
Қар жауды.
Бүгін жапалақтап қар жауды.
Электронды оқулық
Дәптерлеріне күннің ретін, тақырыпты жаздыру.
Сергіту сәті.
4- нұрлы бағыт. Оқулықпен жұмыс
61-жаттығу. Сөйлемдерді оқыту.
. Тұрлаулы мүшелерді табу.
. Неліктен тұрлаулы дейтінін түсіндіріп көр.
62- жаттығу. Мәтінді тиісті тыныс белгісін қойып көшіріп жазу.
.Тұрлаулы мүшелердің астын сыз.
. Мәтінге ат қой.
63- жаттығу. Мақалдарды жатқа жаз.
. Тұрлаулы мүшелердің астын сыз.
. Мақалдардың мәнін түсіндір.
64- жаттығу. Сөйлемдерді оқу, мағыналық байланысына қарай ретімен айтып бер. Тұрлаулы мүшелерді тап.
. Бұл қай ертегіден алынған сөйлемдер?
Үйге тапсырма 65- жаттығу. Шығармашылықпен жұмыс жасаймыз.
5- нұрлы бағыт. Перфокартамен жұмыс. 9-слайд
6- нұрлы бағыт. Қорытынды
Электронды оқулық
10-слайд Кім жылдам?
Көп нүктенің орнына керекті сөзді қой.
- Қазақ тілі сабағында оқушылар шығарма … .
- … бір-біріне сұрақтар қойды.
11-слайд Семантикалық карта
12-слайд Ойлан, тап.
Бағалау. Оқушылар өздерінің ашық журнал арқылы жинаған балдары бойынша бағасын алады.