Топтық жұмыс әдістері оқу процесін белсендірудің негізі ретінде [Педагогика]
Организация : Шығыс Қазақстан обылысы, Катонқарағай ауданы, "Малонарым орта мектебі" КММ
Должность : география пәні мұғалімі
Дата : 08.02.2016
Номер журнала : 02-12-2021
Кіріспе.
Мектеп қабырғасында жалпы орта білім берудің көптеген әдіс-тәсілдері белгілі, оларды қолданудағы басты мақсат- оқушылардың білім игеруінде. Жаңашылдықтарды енгізу мен бұрынан қалыптасқан сабақ құрылымына үйлесімді түрде ендіру қажырлы еңбекті талап етеді. Оқу модульдерінен: белсенді, белсенді емес және интерактивті түрлерін бөліп қарастыруға болады.
Белсенді емес, яғни пассивті оқытуда оқушылар материалды мұғалімнің айтқан сөздерінен ,оқулық беттерінен игереді, оқушылар бір-бірімен қарым-қатынас жасамайды, шығармашылық тапсырмалар орындалмайды. Бұл модель ең дәстүрлі және де жиі қолданылады, дегенмен заманауи білім, қоғам, әлем белсенді әдістердің қолданылу талап етеді. Белсенді әдістер оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуі мен танымдық әрекеттерін белсендіруге бағытталады. Бұл модельдегі басты қарым-қатынас оқушы-оқытушы бағытындап болып, шығармашылық (жиі үй жұмысы) тапсырмалар міндетті түрде орындалады. Интерактивті модель білім берудің жайлы ортасын қалыптастыру мен оқушылардың бір –бірімен қарым-қатынастарына бағытталады. Интерактивті оқытуды ұйымдастырудың негізінде өмірлік ситуациялар мен рольдік ойындар, сондай-ақ ситуациялар мен жағдаяттарды анализдеу арқылы бірлескен шешім қабылдау жатады. Әрине, интербелсенді сабақ құрылымы, дәстүрлі сабақ құрылымынан өзгеше, сол себепті осындай сабақты өткізу мұғалімнің тәжірбиесі мен кәсібилігін талап етеді. Құрылым интерактивті технологияларды және нақты әдіс пен тәсілдер енгізіледі, басты мақсаты сабақты барынша өзгеше және қызықты ету.
Жұмыстың мақсаты топтық жұмыс әдістерін қарастыру.
Жұмыстың міндеттері келесідей:
- Сабақты ұйымдастырудың психологиялық негіздерін қарастыру;
- Сабақтың әдістемелік негізін қарастыру;
- Топтық оқыту әдістерінің түрлерін қарастыру.
Оқыту процессін ұйымдастру дегеніміз , бұл- оқытушы мен оқушының арасындағы өзара қарым-қатынасы мен оқыту процесін құрылымдау, оның ішінде оқу материалы, оқытушының білім беру мен оқушының білім алу әрекеті қарастырылады. Оқыту процессінің жоғары нәтижесі, оқушылардың әрекетімен сипатталады, ұстаз қандай болмасын, өз пәнін жоғарғы деңгейде білсе де, оқушылардың шығармашылық жұмысын ұйымдастыра алмаса, қызығушылықтарын оята алмаса және де оқушылардың өзара білімді де мазмұнды қарым-қатынастарына қол жеткзе алмаса, ол мұғалім жоғарғы нәтижеге жете алмайды. Оның оқушылары емтиханда жатталған материалды нақты айтып өтеді, алайда мұғалім оқушының данына шығармашылық отын енгізе алмайды.
Оқу процесі жоғарғы деңгейде ұйымдастырылған , барлық принциптерге сай өткізілетін болса да, оқушының білім алуға, тәрбиеленуге , дамуға құлқы жоқ болса, оқыту процесі осы оқушыға қатысты тиімсіз болып табылады. Сол себепті де әр мұғпалімнің басты міндеті- әр бір оқушыда білім алуға, өзін-өзі тәрбиелеуге, дамуға деген қажеттіліктерін қалыптастыру болып табылады.
В.А.Сухомлинский жазғандай: «Мектептерде қызық оқиғалар орын алуда.... мұғалімдер тәрбиеленбейтін оқушыларды тәрбиелеуге тырысуда». [1, 121 б]
Тәрбиелеу адам бойында тәрбиеленуші болуға деген қабілеттерін қалыптастыруға бағытталады. Тәрбиеленуші болу қабілеті - жанның сезімталдығы, тәрбиешінің сөздеріндегі нәзік түстерін, көзқарасын, күлкісі мен үндемеуінің себептерін тануға деген жүрек сезімталдығы.
Оқушылардың оқу әрекеттерән басқару- бұл тек жоспарлау, материал дайындау мен сабақ өткізу ғана емес, сонымен қатар әр бір оқушы сынып ұжымында қалыпты эмоционалды көңіл –күй алуы мен қажеттілік-мотивациялық ортасын қалыптастыру болып табылады. Сыныпта шеткері қалған оқушылар мен өзге де эмоционалды түрде алғанда сәтсіз оқушылар қалмауы керек.
Мектеп, оқытушылар бір емес бірнеше күрделі түрде байлаынсқан мәселелерді шешумен айналысады. Мектеп бір емес, бірнеше мақсат қояды. Осы мақсаттар белгілі бір тәртіпке сүйене отырып, иерархиясы жасалады, яғни негізгі және басты мақсатқа өзге мақсаттар бағынады. Басты мақсатты оған жету құралдары анықтайды: мектептің және оқытушылардың әдістер мен тәсілдері. Педагогикалық еңбектің жеке мақсаттары екі басты және негізгі мақсаттарына бағытталады.
Бірінші мақсат барлық оқушылардың ғылым негіздерін игеру мен білім мен білік, дағдыларын қалыптастыру мен физикалық және еңбек әрекеттерін дамыту, профессионалды қабілеттерінің негізін қалау.
Екінші мақсат , жоғарғы құндылықты, жан-жақты дамыған , шығармашылық белсенділігін және қоғамдық саналығын тәрбиелеу. Мектептің тәрбиелік мақсаты ретінде қарастырылады, оқыту процесінің шеткері аумақтарына тиісті. Яғни, «оқыту тек қана білім берумен шектелмейді, оқыту мен тәрбие қатар жүреді» дегенді білдіреді.
Бүгінгі күні әрбір мұғалім оның жұмысының негізі оқушыларды тәрбиелеу мен әрбір оқушына жан-жақты дамыған, қоғамның белсенді мүшесін қалыптастыру болып табылады. Әрине, пән-мұғалімдернің өзгеше қойылған мақсаттары болуы мүмкін, тек бұл мақсат оқушыдан тұлға қалыптастыру мақсатымен бірлесе жүргізілуі тиіс. Тек тәрбие беру мен оқушының тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру арқылы қазіргі кездегі білім берудің мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыруға болады.
II. Сабақтың әдістемелік негізіҚазіргі сабаққа қойылатын талаптар қоғамның мектеп алдына қоятын талаптарының негізінде жасалады, Оқушының саналы, терең, сапалы білімін қалыптастыру, тәрбие негіздерін қалыптастыру, қоғамдық еңбекке белсенді қатысуын қалыптастыратын, дағдыларын, белсенділік, еңбекқорлық қаситтерін сабақта қалыптастыру. Сонымен қатар, білім мен танымдық қызығушылықтарын, шығармашылық, инициатива, өз бетімен жұмыс істеу дағдысын, білімдерін практикада қолдану, білімге деген қажеттіліктерін, қоғамдық және азаматтық парызын түсіну қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақ- логикалық түрде аяқталған, оқыту-тәрбие процесінің белгілі шектеулерімен анықталады.
Сабақтың сапалы деңгейде өтуі, әр бір компонент, яғни мақсат, мазмұн, әдістер, тәсілдердің дұрыс таңдалып алынуы мен тиімді түрде қолданылуына байланысты. Сабақ құрылымын жасау кезінде тек қана оқушылардың білім игеруіне ғана бағытталып қоймай, сонымен қатар осы сабақтың қай кезеңінде білім игерілуі тиіс екендігін анықтап алған жөн. Сабақ- оқыту процесінің бір бөлшегі болып табылатындықтан, білім үш деңгейде игерілуі мүмкін:
- Таным деңгейінде, саралау мен есте сақтау;
- Үлгі бойынша іс-әрекет ету деңгейінде;
- Жаңа ситуацияда білімді қолдану деңгейінде.
Сабаққа қойылатын бір қатар талаптар бар:
- Сабақ ьтек қана материалды берумен шектелмеу тиіс, сонымен қатар осы білімді практикада қолдана алатындай бірнеше тапсырмалар берілуі тиіс.
- Білімнің белгілі бір көлемі оқушылардың ізденімпаздығы мен мәселелерді шешуі нәтижесінде игерілуі тиіс.
- Материалды беру вариативті негізде жүргізілуі тиіс.
- Бірде бір сабақ оқытудың барлық мәселелерін шеше алмайды. Сабақ белгілі бір курстың, тақырып пен бөлімнің бөлігі. Оның логикалық өлшемі болып табылады.
- Сабақ құрылымы логикалық түрден қарастырған нақыт болуы тиіс яғни бір кезеңнен екінші кезеңге өту дидактикалық мақсатқа, оқыту процесінің заңдылықтарына сай болуы тиіс.
- Оқу процесін бұрын алған білім ,білік, дағдыларды қайталаусыз елестету мүмкін емеес.Әр сабақта міндетті түрде бекіту кезеңі болуы тиіс.
- Игерілген білім жүйелі түрде жоспарлы тексерілуі тиіс. Мұғалім мәдениеті мен оның интеллектуалды және адами құндылықтары сабақ тиімділігін арттырады.
Сабақ құрылымына қойылатын талаптар:
- Сабақтың оқу программасына сай болуы.
- Сабақ құрылымы мен, кезеңдердің уақыт талабына сай болуы.
- Ғылыми және бірегей болуы.
- Эстетикалық тәрбие беру мен сабақтың эмоционалдық жақтары.
- Жаңа материалды беру.
- Дамыта оқыту принциптерін сақтау.
- Өмірмен байланыстылығы.
- Көрнекіліктер.
- Кітаппен жұмыс.
- Таным мен жаңа түсініктердің қалыптасуы.
- Жаттықтыру тапсырмалардың орындалуы.
- Өзбетімен жұмыс жасай білу.
- Оқушылардың белсендлігі мен инициативалылығы.
- Оқушыларды іс-әрекеттің түрлі формаларымен қамтуы.
- Ауызша және сөздік практикаларды қолдану.
- Жекеше жұмыс, дарынды және үлгерімі төмен балаларға көңіл бөлу.
- Оқушылардың білімін тексеру.
- Оқушы білімінің қоры мен терңдігі.
- Бағалаудың нақты біліміне сай болуы.
- Үй тапсырмасын ұйымдастыру.
- Сабақ барысының темпі.
- Мұғалімнің педагогикалық тактісі.
- Мұғалім сөзі мен субъективті қасиеті.
- Дұрыс оқу мен айта білу.
- Сөздік-фразеологиялық және стилистикалық жұмыс.
- Дұрыс сөйлем құрып, өз ойын жеткізе білу.
- Оқу жылдамдығы.
- Ауызша және жазбаша жұмыстың мәдениеті.
- Жазбаша жұмыс жүйесі.
Сабақ кезеңдері:
- Ұйымдастыру кезеңі.
- Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
- Білімдерін жан-жақты тексеру кезеңі.
- Жаңа материалды белсенді игеруіне дайындық кезеңі.
- Жаңа материалды игеру кезеңі.
- Жаңа материалды игеру деңгейін тексеру кезеңі.
- Жаңа материалды бекіту кезеңі.
- Үй тапсырмасы жайлы ақпарат беру кезеңі.
III. Топтық оқыту әдістері
Бүгінгі таңда оқшыларды ХІХ ғасырда дайындау үшін ұстаздар әр сабағын сапалы түрде ұйымдастырып, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білуі шарт.
Мектепте алған білімдерін өмірді қолдана алатындай етіп сабақты құру мұғалімдерден көп шығармашылық ізденістерді талап етеді.
Оқыту сапасын арттыру мақсатында балалардың танымдық қабілеттерін дамыту, оқуға деген қабілетін, зейін, сөйлеу дағдылары, шығармашылық ойлау сияқты қабілеттерін дамыту өте маңызды. Сыныптағы әр бір оқушы ақпаратты әр түрлі қабылдайды. Оқушылардың қабылдау ерекшеліктерін ескере отырып, әр сабақты тиімді стратегиялар мен әдіс-тәсілдерді қолдану қажет. Жаңа сабақты түсіндіруде, аудио, бейнемәтіндер болса, қолдану сатысында топтық әдісті қолдану ұтымды болады. Себебі топтар бір –бірлеріне сұрақ қоя алады, бір-бірлерінің жұмыстарын бағалай алады, өз идеяларын ұсынады,соның нәтижесінде біз «оқушының үнін» естиміз.
Топтық жұмыс, бұл:
- Генерация;
- Шаттық;
- Тапсырмалар;
- Ізденіс;
- Қарама-қайшылықтар;
- Тәжірибе;
- Шабыт;
- Анықтылық;
- Белсенділік;
- Нәтиже;
- Аралық даму;
- Қарым-қатынас;
- Шығармашылық;
- Анализ.
Топтық жұмыс не береді?
- Бірлескен әрекет;
- Сұрақ қоя білу;
- Мәселелерді шешу;
- Келісім жасай білу;
- Рольдер мен жауапкершіліктерді жүктеу;
- Өзгелерді тыңдау;
- Өзгелерді өзіңе сендіру;
- Өзін үшін жауап беру.
Топтық жұмыстың келесідей түрлері бар:
- Жұптардағы жұмыс;
- «Миға шабуыл» әдісі;
- «Жалғастыр» ойыны;
- «Қазына іздеу»;
- «Дельфи» әдісі;
- Мозаикалық топтар;
- «Зигзаг» әдісі (Ара әдісі);
«Миға шабуыл» әдісі - идеяларды басқару үшін қолданылады, қатал регламент , жүргізуші, хатшы, хронометрист рольдері белгіленеді. Яғни топ ішінде шешім қабылданған соң, баяндама немеесе хабарлама жасалады.
«Жалғастыр» ойыны - топ ішінде «тізбек» әдісін қолдану арқылы жасалады. Яғни бірінші оқушыдан бастап соңғы оқушыға дейін барлығы бір тақырып шеңберінде ойларын айтады. Мысалы, шығарма немесе қандай да бір оқиғаны баяндау кезінде қолдану тиімді.
«Бір әріп шығармасы» ойыны - әңгімені бір әріптен басталатындай етіп құрастырып шығу.
«Қазына іздеу» - мұғаалім сұрақтар құрастырады. Сұрақтар білім мен танымды қажет етеді. Топтар интернет көздері мен кітап мәлімметтерін қолданады.
Мозаикалық топтар - мұғалім материалды бірнеше бөліктерге бөледі. Әр топ өз тақырыбында жұмыс жүргізеді. Топтарға қажетті мәліметтер беріледі.
Әр топ өзге топтарға өзінің тақырыптары мен игерілген білімдерімен бөліседі. Жұмыс соңында резюме жасалынады.
«Зигзаг» әдісі (Ара әдісі) - топ 6 адамнан құралады, сұрақтар белгілі бір фрагменттерге бөлінеді, әр оқушы немеес топ сол сұрақты қарастырады, жалыпылама түрде белгіленген келесі топтың сұрағымен танысады. «Эксперттер кездесуі» әдісі де осы негізде құралады, яғни бір оқушыдан шығып өз сұрақтарын талқылайды, алған жауаптарды топ ішінде қарастырады.
Оқуды жақсарту үшін оқушылардың білімдеңгейі қай дәрежеде, оның дамуына ықпал ету жолында бағалаудың да бірнеше түрлері бар.
Өзара бағалау көбіне үй тапсырмасын тексеру кезінде қолданылады, оқуышылар бағалап қана қоймай ,сонымен қатар қай тақырыпты қайталау қажеттілігін де жазады. Топтық жұмыста өзін-өзі бағалау, кей тапсырманы критерий бойынша бағалау кең қолданылады.
Топтық және жұпытқ жұмыстың нәтижелері:
- Топтық, жұптық жұмысты пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі;
- Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады;
- Олардың әрқайсысының деңгейін анықтай аласын;
- Оқуышлардың көбін бағалауға мүмкіндік;
- Оқушыларды ізденіске баулып, жұппен, топпен жұмыс істеуге үйретеді;
- Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады;
- Жеке тұлғалық сипатын дамытуға,шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген сенімін қалыптастырады.
Қорытынды
Сабақ- мұғалімнің шығармашылығы. Оқыту процесінде барлық оқушыларды белсенді қатысуы мен өзара қарым–қатынасқа түсуі бізге байланысты. «Пассивті» оқушыдан «активті» оқушы жасау үшін интерактивті оқыту технологияларының элементтерін қолдану қажет.
Өзін-өзі реттей білетін , жаңалыққа құштар ұстаз заман ағымына қарай өзгере алатын болуы керек. Мұғалім тағдыры-үнемі, өмір бойы іздену, оқу-тоқу. Үнемі ізденіс үстінде жүретін мұғалім жаңа мектеп моделін шығаруына өз үлесін қосады. Себебі білікті ұстаз өз сабағына оқушыларды тегіс қатыстыра алады. Егер сабағын балалардың қызығушылығы арттыратындай етіп құрастырса, оқушының оқуға деген ынтасы да пайда болады, әр сабаққа бала өз қалауымен барады. Бұның бәрі тек біздіің өзіміздің қолымызда және балаларды қолдап, мадақтап отыру қажет.
«Оқушы–толтыратын құмыра емес, тұтататын алау»,- деп Д.Хорвард айтқандай, шәкірттерімізге сапалы білім беру, біздің міндетіміз.
Нарықтық экономиканың сұраныстарын қанағаттандыруға және экономиканың, дамуына сай жеке тұлға ретінде қалыптастыру үшін мұғалімде жұптық, топтық жұмыстарды пайдаланып, оны одан әрі заман талабына сай жетілдіруі қажет. Осылай оқушылардың білім жетістіктерінің деңгейін көруге болады деп есептеймін.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- Беспалько В. Программирование обучения.
- Стрекалова, Н.О. Применение проектной технологии на уроках иностранного языка в среднем профессиональном образовании / Н.О. Стрекалова // Педагогический менеджмент и прогрессивные технологии в образовании: Сборник статей X Международной научно-методической конференции. – Пенза: Изд-во Приволжский Дом знаний, 2003. – 560 б
- Иваненко А.М. Современный урок. – М.: Прогресс, 2005. – 256 б
- Коринев А.Д. Современные технологии. – М.: ИНИТИ, 2005. – 452 б
- Шпак, Н.О. Развитие творческого мышления студентов при осуществлении проектной формы работы / Н.О. Шпак // Психология образования: проблемы и перспективы: Материалы Первой международной научно-практической конференции. – Москва: Смысл, 2004. – 670 б.
- Кобдикова Ж.У. Деңгейлеп саралап оқыту педагогикалық технологиясы талаптарына сәйкес өтетін сабақтардың үлгісі.- А., 2006