Тірегі сен Тәуелсіздік төрінің

Тәрбие сағаты
Тірегі сен Тәуелсіздік төрінің

Мақала авторы: Жапарова Гульнара Кыдырбековна
Жұмыс орны: Көктөбе жалпы орта білім беретін мектеп
Лауазымы: Мұғалім
Порталға жариялану мерзімі: 06.04.2016


Сабақтың тақырыбы: «Тірегі сен Тәуелсіздік төрінің»

Мақсаты: Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын, «Невада-Семей» жабылғанына 25 жыл толуын атап өтіп, осы тақырыптар аясындағы тарихи білімдерін толықтырады, елжандылық, Отан сүйгіштік қасиеттерін қалыптастырады.

Нәтижесі: Тәуелсіздіктен бергі 25 жыл ішіндегі Қазақстан жетістіктері, «Невада-Семейді» жабу мәселесін көтерген тарихи тұлғалар туралы біледі.

Әдісі: «Шаңырақ» әдісі, постер құрады.

Керекті құралдар: постер, маркер, жіп, шаңырақ, стикер, интербелсенді тақта, қосымша дереккөздері /оқулықтар көрмесі/.

Қанатты сөздер:

«Өз Отаныңның патриоты болу дегеніміз – Қазақстанға жан – тәнімен қызмет ету».

«Рухы күшті ел – алынбайтын қамал».

Кезеңдер:

І Ұйымдастыру

ІІ Видеоролик көрсетіледі

ІІІ Постер жасау

ІҮ Қорытынды

Барысы

І Ұйымдастыру

/Бір оқушы шаңырақта көтеріп тұрады/ Шаңырақтан  сұрақтар жапсырылған екі түсті лента арқылы 10 уық тарайды, әр оқушы бір лентаны ұстап, соның сұрағына жауап береді. Осы арқылы тақырыпқа шығып, ұстаған ленталардың түсі бойынша 2 топқа бөлінеді. Сұрақтар:

  1. ҚР-ның екінші ғарышкері (Талғат Мұсабаев 1994 ж. шілдеде)
  2. ҚР-да екінші Ата Заң қашан қабылданды? (30.08.1995)
  3. Семей полигонын жабу туралы мәселені көтерген қайраткер. (Олжас Сүлейменов)
  4. ҚР-ның астанасы Ақмола қаласына қашан көшірілді? (1998 жылдың мамыр айынан)
  5. ҚР-ның бірінші ғарышкері (Тоқтар Әубәкіров 02.10.1991 ж.)
  6. ҚР-да бірінші Ата Заң қашан қабылданды? (28.01.1993 ж.)
  7. ҚР-ның Ата Заңының бірінші бөлімі не туралы? (Жалпы ережелер)
  8. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы жарлық шығарған күні. (1991 жылдың 28 тамызы)
  9. Қазақстанның Егемендігі туралы Декларация қашан қабылданды? (1990 жылы 25 қазанда қабылданған).
  10. 1991 жылы 16 желтоқсанда қандай оқиға болды? (Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заңды қабылдады)
  11. Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына қай жылы мүше болып кірді? (1992 жылы 2 наурызда).

 

Тақырыпқа шығу. Ой қозғау.

Қайталап өтсек, Семей полигоны қай жылы жабылды және біз Тәуелсіздігімізді қай жылы алдық? Содан бері қанша жыл өтті?

Ендеше, бүгінгі біздің тәрбие сабағымыздың тақырыбы анықталды.

ІІ Гульнара Кыдырбековнаның кіріспе сөзі:  

Биылғы жыл – қазақ халқы үшін айрықша ардақты, мемлекетіміз үшін ең мерейлі жыл. Биыл біздің тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл толып отыр. Ғасырға бергісіз 25 жыл күллі қазақтың арман – тілегін аспандатқан, бабаларымыз бен әкелеріміздің аңсаған арманы орындалған 25 жыл, ұлы мерекіміз құтты болсын! ХХІ ғасыр – білім ғасыры. Біздің алға қойған мақсатымыз – өткенімізді білетін, бүгінді түсінетін, ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат болу. Енді ең басты бақытымыз Тәуелсіздіктің 25 жылдық шежіресіне ой жіберейік.

ІІІ  «Болашақ» тобы сендер  «Тәуелсіздікке 25 жыл» тақырыбына,  «Бәйтерек» тобы «Семей-Невада» полигонының жабылғанына 25 жыл тақырыбында постер жасап, қорғайсыңдар.

 

ІҮ Оқушыларды тақырып бойынша білгендерін сұрақ жауап арқылы жинақтап, қорытындылау. (екі топ бір-біріне сұрақтар қояды)

Енді, бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді қоса, Тәуелсіз Қазақстан болашағына тілектеріңді стикерге жазыңдар.

Ү Гульнара Кыдырбековнаның қорытынды сөзі.

  • Қазақстан – бұл біртұтас жер, біртұтас халық пен бақытты болашақ екендігін және сол болашақтың тұтқасы біздер екендігін түсінді деп сенемін.

Тұғырымыз – тыныштық, тірегіміз – тұрақтылық, тілегіміз – татулық болсын!

Конкурстар мен олимпиадалар - https://talimger.kz

Республикалық қашықтық олимпиадалар — http://clever.zti.kz

Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар — https://ukz.kz

Конкурстар, конференциялар және олимпиадалар — https://tarim.kz

Халықаралық семинарлар, олимпиадалар мен конкурстар — https://mriks.ru

Халықаралық педагогтар ассоциациясы - https://iae.su

Атаулы ертегілер - https://hansunqar.kz