Тәуелсіз елдің баласымын

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
Тәуелсіз елдің баласымын

Мақала авторы: Мусабаева Кулзайраш Жуматаевна
Жұмыс орны: «Балауса» балабақшасы мемлекеттік мекемесі
Лауазымы: Әдіскер
Порталға жариялану мерзімі: 04.12.2016


Ертеңгілік тақырыбы: «Тәуелсіз елдін баласымын»
Мақсаты:Мектепке дейінгі балаларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздік алуының арқасында жеткен жетістіктерін мадақтау,ел туралы,жер туралы ән мен тәтті күйді орындап, одан жағымды әсер ала білуге баулу.Балалардың Отанға, туған еліне деген сүйіспеншілігін, Қазақстан Республикасы туралы білімін арттыру.
1 – бөлім.
Зал ішінде 1986 жылғы 16 – шы желтоқсан оқиғасының құрбандарына арнап стенд жасалған. «Желтоқсан желі» әні ойналып тұр. Балалар сап құрып ортаға келіп тұрады.
Жүргізуші:Құрметті қонақтар,ата-аналар,бүлдіршіндер.СіздердіТәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерей тойымен құттықтаймыз.Ертеңгілігімізге хош келдіңіздер.
Жүргізуші: 16 – шы желтоқсан.Бұл күн қазақ халқы үшін ұлы күн,әрі қайғылы күн,әрі бақытты күн.
Ұлы күн,әрі бақытты күн.Өйткені,еліміз,ата-бабамыз армандап,аңсап өткен еркіндікке,егемендікке,тәуелсіздікке қол жеткізген күн.1991 жылы тәуелсіздіктің таңы атып халқымыз бір қуанса,биыл тәуелсіздігімізге 25 жыл толып,тағыда бір қуануда.
Ал,қайғылы күн дейтініміз 1986 жылы 16 –шы желтоқсанда осы тәуелсіздігімізге қол жеткізу жолында отты оқиға болды.Ол дүниені дүр сілкіндірген желтоқсан оқиғасы.Ол оқиғаны ұмыту мүмкін емес.Міне,осындай ұмытылмас оқиғадан бері 25 жыл өтсе де,өмір-өзен толқындары бізді әйгілі 16 –шы желтоқсан оқиғасынан уақыт өткен сайын алыстатып,әкетіп бара жатса да,жүректерде мәңгілік ұмытылмайтын бір нәрсе бар.Ол дүниені дүр сілкіндірген сол үш күн ішіндегі қазақ қыздары мен жігіттерінің ерлігіне деген тағзым,құрмет.
Иә,сол бір қанды шеру оқиғасы қалай басталып еді?
Жүргізуші: Сол күндерді есіме мен көп алам,
Желтоқсанның 16 –сы.Топ. Алаң.
Тоғышардың түсіне де кірмеген,
Басталды бір сұмдық,у-шу,зобалаң.

1 бала: Рас досым 86 есімде,
16-шы желтоқсанның кешінде.
Намыс кернеп,шықты жастар алаңға,
Шындық үшін,тар жол,тайғақ кешуге.
Ортаға 4 бала қолдарына лозунг ұстап шығады.
1бала «Біз қазақ ежелден еркіндік аңсаған!»
2бала «Әрбір ұлттың өз көсемі болсын.»
3бала «Ешбір ұлтқа,ешбір тілге артықшылық берілмесін!»
4 бала «Қазақстан жасай берсін!»
Ортаға Қайрат Рысқұлбеков – Алижан шығады. Қайрат-бала: Қазақ деген затым бар,
Қайрат деген атым бар.
Атам десеңдер атыңдар.
Атам десеңдер атыңдар.

Жүргізуші: Тегеурінді соққыларды жайратқан,
Ақша қарға судай ақты қайнап қан.
Қайдан білсін,қызбаланған ерлерім,
Айрыларын Ләззат,Ербол,Қайраттан.

Мадина Дінмұхаммед
Желтоқсанның ызғары-ай, Ызғарлы қыс – тоқсан күн,
Кірпікке қатқан мұздары-ай. Желтоқсан деп аталған.
«Елім-ай»,деп егілген, Желтоқсанда жастарым, Ұлдары мен қыздары-ай. Тәңірінен бата алған.

Жүргізуші: Туған елдің азаматтығы мен тәуелсіздігі жолында,қайсарлық пен ерлік жолында құрбан болған Қайрат Рысқұлбеков,Ләззат Асанова,Ербол Спатаев,Сәбира Мұхаметжанова сияқты көптеген аға-апаларымыздың есімдері ешқашан да ұмытылмайды.Желтоқсан құрбандарына тағзым етіп,1 минут үнсіздікпен еске алайық.
(1 минут үнсіздік).
Жүргізуші: Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп,шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болдық деп талпындың.
Кеудеңде сызы жатыр сол кездегі салқынның,
Айналайын,айналайын жас өркені халқымның.
Балалардың орындауында «Желтоқсан желі» әні хор.

. 2 – бөлім.
Жүргізуші: 1991 жыл. 16 – шы желтоқсан.
«Қанша ғасыр өмір сүрсе бұл қазақ,
Сонша ғасыр ұмтылды ғой елдікке.»-деп Төле би бабамыз айтқандай,басынан қаншама қиындықты өткізген қазақ халқының арманы орындалды,он екі де бір гүлі ашылмай қыршын кеткен Асанқызы Ләззаттың,СыпатайұлыЕрболдың,МұхаметжанқызыСәбираның,Ноғайбайұлы Қайраттың аңсаған армандары мен үміт-тілектері бұл күнде толық жүзеге асты.Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін жариялап,дербес мемлекет болды.

Жүргізуші: Қуан халқым!
Қуанатын күн бүгін,
Серпіп таста,мұңды жүрек түндігін.
Тәуелсіздікке қол жеткізген халқым-ау,
Мерекені тойлайықшы біз бүгін.

Жүргізуші: Балалар:
Намысымның шырағы да — Тәуелсіздік!
Сұрқай өмір сынағы да — Тәуелсіздік!
Жігіттіктің ұрпағы да — Тәуелсіздік!
Жаңа күннің шуағы да — Тәуелсіздік!
«Қазақ биі» орындайтындар Шерхан,Қадырбек,Ерғанат,
Жанерке,Жібек,Дильназ.
Жүргізуші:Тәуелсіздікті нығайту жолында талай-талай мазмұнды оқиғалар болды.Бұл оқиғалардың бәрін «Тәуелсіздікті шежіресі» десекте болады.Осы мазмұнды оқиғаларды еске алу мақсатында «Тәуелсіздікті шежіресін» бір-бірлеп парақтап шықсақ.
1991 жылы 16 –шы қазанда Қазақ КСР жоғарғы Кеңесінің Президентті сайлау қаулысы шықты.
1991 жылы 1-ші желтоқсанда Қазақ КСР-ның алғашқы президенті. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
1991 жылы 10 – шы желтоқсан елбасымыз Н.Ә.Назарбаев мемлекетімізге Қазақстан Республикасы атауын беру туралы заңға қол қойды.
1991 жылы 16 – шы желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі жарияланды.

Медина Аяулым
Туған жерге нұр шашып жарық берген, 16 – шы желтоқсан,
Қуаныш пен мол бақыт алып келген. Тәуелсіздік алған күн.
16-шы желтоқсан шуақ болып, Ерекше болып мәңгілік,
Тәуелсіздік еліме алып келген. Ел жанында қалған күн.
Темірлан Айдын
Мерекеге шығады, Жыр арнадым еліме тебірене,
Бүкіл халық біліп қой, Үміт артам елімнің ертеңіне.
Отандастар ұғады, Тәуелсіз ел атанып елім менің,
Тәуелсіздік-ұлы той. Жылдан-жылға Қазақстан көркеюде.
1992 жыл.Тәуелсіз Қазақстанға 1жыл толды.Осы жылы Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы,Әнұраны қабылданды.Біз өзіміздің Туымызбен,Елтаңбамызбен,Әнұранымызбен басқа елдерге мақтаныш етеміз.
Диана
Қазақсан – Туымен тұғырлы.
Елтаңбасымен еңселі.
Әнұранымен айбатты.
(Диас-Туды,Айдын –Елтаңбаны,Дінмұхаммед -Әнұранды ортаға алып шығады).

Медина
Әнұраным – жан ұраным,
Айтар әнім – сөйлер сөзім.
Мәңгі бақи шырқалады,
Республика әнұраны.
(Әнұран орындалады).
Жібек
Елтаңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.
Мұнда да бар ерлігім,
Мұнда да бар жер күші.
Балалардың орындауында « Елтаңбасы елімнің» әні.
Айжан
Көк байрағы бабамның,
Бүгінгі ұрпақ алауы.
Тірегі әке баланың,
Қазақстан жалауы.
Балалардың орындауында «Қазақстан жалауы» әні.
1993 жылы 15 қарашада Қазақстан Республикасының ұлттық теңгесі дүниеге келді. Әрбір дербес мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін басты белгілерінің бірі – ұлттық ақшасы.Біздің де өз тәуелсіздігімізді білдіретін басты белгілеріміздің бірі – ұлттық теңгеміз.
Белгісі егемендік ұлттық теңге,
Әр беріп тұр ол біздің туған жерге.
Құлдырамай теңгеміз көтерілсін,
Татитындай маңдайдан аққан терге.
1997 жыл 17- ші шілде Қазақстанда «Тіл туралы заң» қабылданды.Мемлекеттік тіл қазақ тілі болып саналды.
1998 жыл 22 қыркүйек Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жарлығына сәйкес «Қазақстан халықтарының тілдері күні» деп аталады.
Аяулым
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өзтіліңді құрметте.
Айжан,Дильназ,Жібектің орындауында «Ана тілін сүйеміз» әні.
Жүргізуші: Қазақ тілі дегенде қазақтың тілін,үнін,бабамыздың үнін тебіренте жырлаған домбыраны қалай ғана айтпасқа.Ендеше кезекті қыздарымыздың орындауындағы «Домбыра» биіне берейік.
1997 жылдың 10 желтоқсанынан бастап Қазақстан Республикасы президентінің жарлығымен Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының жаңа астанасы болып жарияланды.
Бақытжан
Отан дейміз кең байтақ Астананы,
Жасыл жайлау,жаңа жол,жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ,шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
Ұлдардың орындауында «Отан – ортақ үйіміз» әні.
Айлана Ислам
Отан деген — атамекен, Қазақ жері – Қазақстан,
Отан деген – туған жер. Мөлдірлене ашық аспан.
Отан ана,Отан өлкең, Алыс кетсем сағынамын,
Қазақстан туған ел. Отаным сен – Қазақстан.
Арман
Елім менің – Қазақстан,
Жерім менің – Қазақстан.
Саған арнап айтылады,
Әнім менің – Қазақстан.
Балалардың орындауында «Қазақстан» әні.
Жүргізуші: Азаматқа лайық,
Отанымның ұлымын.
Отанымды қорғайтын,
Батырлардың бірімін, дегендей келесі кезекті батыр ұлдарымыздың «Батырлар» биіне кезек берейік.
3 – бөлім.
Жүргізуші:2016 жыл 16 желтоқсан.Тәуелсіз Қазақстанға 25 жыл.
Далада думан,қалада думан жыр бүгін,
Ғасырлар бойы,аңсай да күткен бұл күнім.
Жасай бер,жаса Тәуелсіз Қазақстаным,
Құтты болсын 25 жылдық мерйтойың.
Асел
Жыр арнадым еліме тебірене,
Үміт артам елімнің ертеңіне.
Тәуелсіздік,еркіндік алған елге,
О,халайық 25 жыл толды міне.
1998 жылдың 6 –шы мамырында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен Ақмола қаласының аты Астана болып өзгертілді.
1998 жылы 10 – шы маусымда жаңа астананың ресми тұсаукесері болды.
Жаңа Астана ғасырдың жаңа ауқымы жағынан орасан зор жобасының бастамасы болды.
Дильназ Гүлчихра
Отанымның төрінде, Болшаққа басталған,
Сарыарқаның өрінде. Шарықтайды асқақ ән.
Ту ұстаған Астанам – Елордасы Отанның,
Әсем қалам,басқалам! Мақтанышы – Астанам!
Қыздардың орындауында «Астана» әні.
Жүргізуші: Тал шыбықтай бұралған,
Қазағымның қыздары-ай.
Сүйсіндірер биімен,
Өнерлі ғой,қыздар-ай.
Ендеше кезекті өнерлі де,биші қыздарымыздың «Киіз басу» биіне берейік.
Дербес,тәуелсіз ел болу деген қандай бақыт!Иә,біз бақыттымыз,өйткені біз ынтымағы жарасқан егеменді,еркін елде,тәуелсіз Отанда өмір сүріп жатырмыз.
Ульяна Иван
Ең бірінші бақытым – халқым менің, Отан менің ата-анам,
Ал,екінші бақытым – тілім менің. Отан досым бауырым.
Бақытым бар үшінші – Отан деген, Отан өлкем,Астанам,
Кім мықты-десе,біреу Отан дер ем. Отан туған ауылым.

Дина
Болашағы жайнаған бақ тұғыры,
Бұл да болса қазақтың мықтылығы.
Еркіндік,тәуелсіздік аңсаған ел,
25 жылға қыр асып шықты,міне.
Балалардың орындауында «Жас жеткіншектер» биі.

Аділмаджахан
Қазақ жері – сәніміз,
Қазақ елі – бағымыз.
Арайлап атсын әрқашан,
Шұғылалы таңымыз.
Жүргізуші: Сен неткен Отан – Анам,ғажап едің,
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін,
Жайнай бер,Егеменді – Қазақ елім!
Балалардың орындауында «Қазақ елі» әнімен тәуелсіздік күніне арналған ертеңгілік аяқтайды.

Конкурстар мен олимпиадалар - https://talimger.kz

Республикалық қашықтық олимпиадалар — http://clever.zti.kz

Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар — https://ukz.kz

Конкурстар, конференциялар және олимпиадалар — https://tarim.kz

Халықаралық семинарлар, олимпиадалар мен конкурстар — https://mriks.ru

Халықаралық педагогтар ассоциациясы - https://iae.su

Атаулы ертегілер - https://hansunqar.kz