Тәртіп – тәрбие бастауы, тәртіпсіздік – өміріңнің қас жауы

Құқық негіздері
Тәртіп – тәрбие бастауы, тәртіпсіздік – өміріңнің қас жауы

Мақала авторы: Казакбаева Айгуль Сарсенбаевна
Жұмыс орны: №2 жалпы орта білім беретін мектеп
Лауазымы: Бастауыш сынып мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 21.04.2016


Коуч: Казакбаева Айгуль  Сарсенбаевна
Тақырыбы:  «Тәртіп – тәрбие бастауы, тәртіпсіздік – өміріңнің қас жауы»
Мақсаты:   Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтарымен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.
Оқу  нәтижелері:  -Өз құқықтары мен міндеттерін   біледі.

-Құқықтық сауаттылық  дамиды.

-Адам құқықтарын сақтау  өмірде маңызды екенін бағалайды.

-Зиянды  әдеттерден  аулақ  болып, өзін де, өзгені  де   зиянды  әдеттердің  қасіретінен  қорғай  біледі.

-Салауатты   өмір   сүре  білуге  ат  салысады.

Оқыту әдістері: Оқытудағы жаңа тәсілдер

 СТО

Диалогтік оқыту

Жеке жұмыс

Топтық жұмыс

Сабақта қолданылатын материалдар: А-3 парақтары, стикер, интерактивті тақта, слайдтар, маркер, қалам.

                      Коучинг бойынша коуч пен оқушының  іс-әрекеті

                              Коучтің іс-әрекеті Оқушының  іс-әрекеті
Тренинг-психология лық  ахуалды  қалып тастыру

 

Шаттық шеңбері: Тренингтің мақсаты: Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым — қатынасты нығайту.

 1.«Танысу» тренингі.

Тренингке қатысушы басқа қатысушылармен амандасады және өзінің есімі мен бойындағы үш жағымды қасиетін айтады. Мысалы: Сәлеметсіздер ме! Менің есімім: Асылзат. Жағымды қасиетім: сабырлы, мейірімді, бауырмал. Уақыты: 5 минут. 

Сен нағыз доссың; ең әдемі қызсың, мейірімдісің,  еңбекқорсың, ақкөңілсің.  

  Жүректен-жүрекке жылы лебіз білдіреді.
Топтарға  бөлу Коучингке қатысушы  оқушылар   күн мен жұлдыз  арқылы топқа бөлу.   Топқа бөлінеді.
Топ ережесімен таныстыру                           Жүрісі: 

● Белсенді қатысу

● Тыныштық сақтау

● Ойын ашық айту

● Бір – бірін сынамау

● Ынтымақтылық

Топ ережесіне бағынады.
Видео  Жақсылық пен жамандық Видео арқылы өз пікірін айтады.
І тапсырма

 

«Құндылықтарды      анықтау»

 І топ     Әдепті бала ата- анасын мақтатар

ІІ топ    Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар  

(Бала тәрбиесі туралы мақал арқылы  әр топтан өз пікірін қорғау)   Оқушылар мәселенің түйінін, ұнамды және ұнамсыз жақтарын, ой-пікірлерін екі жікке бөлу.  

 Мақалдың мағынасын өз ойлары арқылы ашады.  
ІІ тапсырма

«Бала құқығы туралы халықаралық конвенциядан»

Құқық бұзушылық
Өз құқығым

    І топ                                                              ІІ топ

 

 

 

 

 Өз тобымен жұмыстанып, ортада жұмыс -тарын қорғайды. 
Сергіту сәті                               «Қазақ жастары» Хормен айтады.
ІІІ тапсырма

Сахналау.

 

Ізгі ой

(Пікір айту)

 Жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылық

Мақсаты: Жасөспірімдерге құқықтық тәрбие беру. Құқық- тық сана-сезім мен құқықтық мәдениетін қалыптастыру, жеке пікір айтуға үйрету. Жекеленген адамдардың іс-әрекетін бағалауға үйрету. Адамгершілікке тәрбиелеу.

Оқушылар пікір айтады.
ІҮ тапсырма

 

«Мен жақсы,

әлде жаман адаммын ба?» ситуациялық жағдаяттар.

 1 – жағдай:

— Сіз үйіңізден маңызды кездесуге бет алғаныңызда, кенеттен телефон шылдырлайды. Телефон шалып тұрған сіздің ең жақын досыңыз, өзінің сәтсіздікке душар болғанын хабарлайды. Сіз не істемексіз?

 

3 – жағдай:

-Сен сабаққа дайын емессің, бірақ оның белгілі себептері бар. Мұғалім саған жаман баға қойды. Әділ екеніңді өз тарапыңнан қалай дәлелдер едің?

 

Проблемалық сұрақтарға жауап беру.

Ү тапсырма

«Ой жалғау»

1.     Өш алғаннан гөрі……. (кешірген жөн)

2.     Ақырын жүріп…………. (анық бас)

3.     Асыл тастан………… (өнер жастан)

4.     Ұрлық түбі…………. (қорлық)

5. Әдепті бала……………….(арлы бала)

 6. «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің.»

8. «Жақсы бала сүйініш , жаман бала күйініш.»

9.«Атаңа не қылсаң алдыңа сол келер

10.Біреуге ор қазба, өзің түсесің.

11.Өтірікшінің құрығы, бір – ақ тұтам.

12. Қолыңмен істегенді, мойныңмен көтер.

13. Тек жүрсең, тоқ жүресің.

14. Заңды сыйлаған, еркін жүреді.

Мақалдың жалғасын табады.
Ән                         Қазақстан бақытты Оқушылар орындайды.
ҮІ тапсырма

«Түйін»

  Бәрі де өз қолыңда Видео арқылы өз ойларын айтады.
Түйін.  Қорытындылау

 

-Әрбір адам туғаннан керемет сыйға бөленген, ол – жетілуге талпыну. Біз бәріміз білімді аңсаймыз, биікке көтеріліп, ортамызға жағымды жақтарымызбен көрінуге тырысамыз, үлкен жетістіктерге қол жеткізуге ұмтыламыз. Ол үшін адам, ең алдымен, өзі неге қабілетті, өзінде жақсы не бар, со- ны түсініп алуы керек. Өзінің жетілуге талпынысында әр адам мейірімділік пен зұлымдылықты айыра білуі қажет, өзінің бар қабілеттерін   жетілдіріп және өзіндегі кемшілік-

терін түзете білуге тиіс.

     Жас жеткіншек! Сіз өзіңізді – өзіңіз құрметтеуге тиіссіз. Бойыңыздағы бар қабілетіңізді тек жақсылыққа бағыттай біліңіз. Зиянды әдеттерден, ішімдіктен, шылымнан, есірткіден аулақ болыңыз. Бойыңызды ластамай, жан – дүниеңізді таза ұстаңыз. Өзіңіздің бос уақытыңызды пайдалы іске арнаңыз.

Сіз ел үшін керексіз. Өйткені сіз – тәуелсіз еліміздің болашағысыздар!      

        Ата Заң- қорғанымыз. «Азамат жолы-ар жолы» демекші, ешкімнің ала жібін аттамай, өз құқымызды да, өзгенің құқығын да бұзбай тәуелсіз елдің арқа сүйер айбынды, ақылды ұл-қызы болып өсейік.«Еліміздің ертеңгі тағдыры сіздермен байланысты» деген еді Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев. 

Тыңдайды.
Хор «Жаса, Қазақстан!» Хормен айтады.
Рефлексия Бүгінгі біздің құқық бұзушылық туралы коучинігіміз  ұнады   дегендер    жұлдызды  көрсетеміз, ештеңе ұнамады дегендер бұлтты  көрсетеміз. Өз таңдауларын көрсетеді.

 

 

 

 

 

Конкурстар мен олимпиадалар - https://talimger.kz

Республикалық қашықтық олимпиадалар — http://clever.zti.kz

Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар — https://ukz.kz

Конкурстар, конференциялар және олимпиадалар — https://tarim.kz

Халықаралық семинарлар, олимпиадалар мен конкурстар — https://mriks.ru

Халықаралық педагогтар ассоциациясы - https://iae.su

Атаулы ертегілер - https://hansunqar.kz