Тәрбие жұмысындағы кураторлық сағат нысандардың көптүрлілігі [Педагогика]
Колледждегі тәрбие жұмыстарының негізгі бағыты білім алушылардың танымдық белсенділігін дамыту, сол арқылы олардың өмірдің маңызды жақтарына қатынасын қалыптастыру: — адамның табиғатпен өзара үйлесімді қарым-қатынас ортасы (ноосфера); — қоғамдық қатынастар аясы (адамгершілік, құқықтық, экономикалық, өндірістік, т.б. — әлеуметгік ортасы); — психологиялық орта (саналылығы, тәртібін дұрыс басқара білу, ойлаудың интуициялық механизмдері, табиғи болмысы, дарыны, қабілеті, т.б.). Тәрбие процесі оқыту және дамыту процесімен ажырамастай байланыста әрі ол адамның дамып қалыптасуында маңызды орын алатын негізгі өзек болып табылады. Оқыту процесінде білім-білік, икем-дағдының өзара тығыз байланысы пайда болады да, ол тәрбие процесінде ғылым негіздерімен бірлесе келіп адамның айналасындағы құбылыстарға қатынасын туғызады. Соның нәтижесінде адамның дүниетанымы қалыптасады. Осыдан келіп тәрбие жұмыстарының негізгі бағыттары туындайды:
- Білім алушының танымдық белсенділігін дамыту.
- Жеке тұлғаның қоршаған ортаға гуманистік қатынасын туғыза отырып, оның адамгершілік негізін калыптастыру.
- Жеке тұлғаның өзін-өзі жетілдіруіндегі ішкі қажеттіліктерін оятуға түрткі туғызу.
Колледждерде тәрбие жүмыстарын кураторлар үйымдастырады. Кураторлар сынып жетекшілерінен атымен ғана емес, сонымен бірге ең алдымен оның атқаратын қызметінің терең мазмұнды өзгерістерімен де ерекшелінеді. Кураторлардың міндеттері өзірге түбегейлі анықталған жоқ, дегенмен бүгінгі танда белгілі болған функционалдық міндеттерді атап көрсетуге болады. Олардың қатарына 4 психологиялық және 4 педагогикалық міндеттер жатады:
- Әкімшіл куратор, бүл сынып жетекшісінің әкімшілік міндеттерін жүзеге асырушы педагог: ұйымдастырушылық (тәртіп мәселесі, сабаққа қатыстыру және т.б.), ақпараттық (әрбір оқушының сабақ үлгірімі туралы ақпарат жинау және ата-аналармен байланыс), мәдени-көпшілік (эпизодтық мәдени-көпшілік шаралар және т.б.)-
- Тәрбиеші куратор — бұл өзінің тәрбиешілік міндеттерін оқушылардың жас ерекшелігі теориясына сүйене отырып жүзеге асырушы ғана емес, сонымен бірге өзінің педагогикалық қызметін оқушынын жеке психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асырушы педагог. Баланың жеке психологиялық ерекшеліктеріне төмендегілерді жатқызамыз:
а) білім алушының коллежден тыс уақыттағы жағдайларын білу: оның ортасы, қызығушылығы, немен шұғылданатыны. ә) білім алушының отбасы туралы мәлімет: оның құрамы, білімі, білім алушының ата-аналарына деген қарым-қатынасы, ата-аналарының колледжге деген қатынасы, отбасының психологаясы (мүмкіндігінше). б) Колледжде білім алушы туралы не белгілі? (мәліметгер): — мінез-құлық ерекшелігі; — ерік-сезім сапасы; — таным мүмкіндіктері мен қабілеті; — баланың ұстанған бағыты; — сабаққа, еңбекке қатынасы; — қызығушылығы, бейімі; — өзіне қатынасы; — ұжымға қатынасы. Тәрбиеші куратор топта сабақ беретін оқытушылардың көмегіне сүйенбей, өз бетінше дербес тәрбие жұмысьшен айналысады. Кейде мұндай кураторларды міндетіне қарай “өз бетінше ойлаушы куратор” деп те атайды. Бұл басқа пән оқытушыдлармен байланыста жұмыс істеуді қаламағандықтан емес, мұндай кураторлардың арнайы ұйымдастырылған дағдыларының жоқтығынан.
- Байланыстырушы куратор, бұл өз тобында пән оқытушылармен тығыз байланыста жұмыс істейтін, яғни білім алушы -куратор-моқытушы арасын байланыстыратын тәрбие жұмысымен айналысушы педагог тәрбиеші,
Куратор әрбір білім алушының психологиялық ерекшеліктері мен отбасындағы жағдайларын біле отырып, әрбір пән оқытушысына жеке білім алушылармен қалай жұмыс істеу қажеттігіне көмектеседі, . сондай-ақ пән мүғалімдері кураторларға ақыл-кеңес беріп отырады. Оған ата-аналарға белгілі бір ақпараттарды жеткізіп отыруды тапсырады.
- Ұйымдастырушы куратор, бұл пән мұғалімдерін олардың сабақтарынан тыс уақытта топтағы белсенді шығармашылық жұмыстарға қатыстыра отырып ұйымдастыратын тәрбиеші. Шығармашылық істерді бір топ білім алушыларымен ғана емес, бірнеше параллель білім алушышарымен өткізетін іс-шараларды ұйымдастырушы куратордың деңгейі әлдеқайда жоғары болады. ұйымдастырушы куратордың қызметі бірнеше кезеңдерден тұрады, нақтырақ айтсақ, бұл кезең немесе сатылар төмендегідей:
1 саты — куратор білім алушылардың ұйымдастыру ісіндегі қолдауына сүйенбей, топпен жан — жақты жұмыс істейді, жұмысты өзі жоспарлайды, өзі ұйымдастырады, білім алушылар өздері үшін жасалып жатқан жұмысқа ықыласты болады. 2 саты — куратор топтың кіші белсенді тобы болып табылатын референттік топпен жұмыс істейді, бірақ микро —псевдо-активтер болуы мүмкін. 3 саты — куратор өзінің жеке — референттік топтарымен жұмыс істейді, яғни олардың әрқайсысы шығармашылық істің белгілі бір бөлігі үшін жауап береді. 4 саты — куратор референттік топтардан тұратын топ ұжымымен жұмыс істейді, мұндай жағдайда олар бірлескен қызметтерінде өзара тығыз байланыста болады. Әрине, мүндай сызба өте тиімді, бірақ алғашқы үш сатыда ол шын мәнінде жүзеге асады да, ал сыныптағы психологиялық ахуал өте жоғары деңгейде болса, онда ұжымды ұйымдастырудың 4 сатысы тиімді болмақ. Колледжде ұйымдастырылатын тәрбие жұмысының негізгі формасы –кураторлық сағаты. Кураторлық сағат білім алушылардың дүниетанымын, мәдениетін, іс-әрекетін қалыптастырады. Кураторлық сағат ағартушылық, бағыттаушылық, болжамдық және қалыптастырушылық қызмет атқарады. Тәрбиенің ағартушылық қызметі оқыту формаларының түрлі жүйесінде іске асырылатын жетекші идея мен әрекет түрлерін, білім жүйесі мен дүниетанымды меңгеруге, біліктер мен дағдылардың қалыптасуына көмектеседі. Тәрбиенің ағартушылық қызметі оның болжамдық қызметімен тығыз байланысты. Болжамдық қызмет оқушыларда өмір шындығына белгілі бір қарым-қатынас орнатуға, рухани және материалдық құндылықтар жасауға талпындырып, оларды бағалай білуге үйретеді. Тәрбие формасының бағыттаушылық қызметі білім алушылардың өмірін тәжірибелік әрекетке бағыттайды. Нақты бағытты белгілеудің тәрбиелік ықпалы жоғары болады, ол оқушының мінез-құлқын жетілдіре түседі.Қалыптастырушылық қызмет тәрбие формасының алдыңғы аталған қызметтерінің іске асырылуымен байланысты, атқаратын ісін ойланып іске асыруға, өз өміріне керекті құндылықтарды бағалай білуге, өзгелермен тіл табысуға, өз пікірін дәлелді жеткізуге тәрбиелейді. Кураторлық сағатта басты екі мәселе қарастырылады. Білім алушылардың апта бойындағы оқу үлгерімдері, тәртібі, қоғамдық істері, бірімен-бірінің қарым қатынасын қарастыратын топ жиналыстары мен әр аптада атқарылатын тәрбиелік шаралар. Топтан және колледжден тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстары да кураторлық немесе тәрбие сағаттары деп аталады. Онда түрлі мәдени, сәулет орындарын тамашалауға, табиғат аясына, өзіне жақын айналасындағы өндіріс және шаруашылық орындарымен танысуға, т.б. шараларға кеңінен қамтылады. Кураторлық сағаты белгілі жоспарға байланысты нақты белгіленген уақытта өткізіліп отырады. Біртұтас педагогикалық процестегі оқыту мен тәрбие формаларының ортақ түрлері бар. Дәстүрлі формалары: сабақ, дәріс, әңгіме, экскурсия, дәстүрлі емес формалар: конференция, пікірталас, саяси хабарлама, дөңгелек үстел, оқырмандар конференциясы, тақырыптық конференция, баспасөз конференциясы, конкурстар, т.б. Тәрбие үрдісін ұйымдастыру нысандары (формалары). Тәрбие нысандарының жалпы сипаты мен классификациясы. Тәрбие нысандары (тәрбие жұмыстарының формасы) — бұл нақты тәрбие үрдісін ұйымдастыру нұсқалары; тәрбие шараларының композициялық құрылысы (построение). Олар әрқашан да тәрбие мазмұнымен байланысты болып отырады. Нысан (форма) дегеніміз — үрдістің, құбылыстың, заттың тіршілік ету бейімінің мәні мен мазмұндық көрінісі. (Философиялық сөздік, М.,1989, с. 595) В.И.Дальдың “Толковый словарь живого великорусского языка” (М., 1991, с. 537) атты сөздігінде “форма”, яғни нысан — образ сияқты белгіленген тәртіп деген анықтама берілген. Мектеп тәжірибесінде кейде тәрбиенің ұйымдастыру нысандары деп те айтады. Яғни, бұл сонымен бірге тәрбие үрдісін ұйымдастыру тәсілдері, оқушылардың жеке және ұжымдық іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыру тәсілдері деген түсіндіреді де қамтиды. Тәрбиенің бір ғана ұйымдастыру нысанын үнемі пайдаланып отырудың өзі тәрбиенің тиімділігін әлсіретіп жібереді. Тәрбие үрдісін ұйымдастыру нысандары мазмүны жағынан неғұрлым бай әрі әрқырлы болып келсе, солғұрлым ол тиімдірек болмақ. Куратор білім алушылармен өткізетін төрбие нысандарын қаншама көп қырлы етіп тандағанмен, ақылды, әсерлі, ойлы да өткір тілмен жүргізген оның әнгімесіне ешнәрсе жетпейді. Белгілі педагог В.А.Караковский соңғы жылдары ізденімпаз энтузиаст мұғалімдердің оқушылардың бос уақыттарын өткізуге арналған тәрбие шаралары нысандарынан төрт мыңға жуық түрлерін ойлап тапқандарын атап көрсетеді. (Қараңыз: Караковский В.А. Любимые мои ученики. М.,1987, с.27). Сондай-ақ тәжірибеде тәрбие шаралары деген анықтама да кеңінен қолданьшып жүр. Шаралар — белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған ұжымның ұйымдастырылған әрекеті. Тәрбиенің күрделі үрдісін мүғалімнің бір ғана нысанға бағыттай жүргізуіне болмайды. Кезінде А.С.Макаренко тәрбие жұмыстарының ұйымдастыру нысаны өздігінен не жақсы, не жаман бола алмайтынын айта келіп “Никакое средство педагогическое, даже общепринятое…, не может быть признано всегда абсолютно полезным… Никакое средство нельзя рассматривать с точки зрения полезности или вредности, взятое уединенно от всей системы средств… никакая система средств не может быть рекомендована как система постоянная” (Макаренко А.С. Проблемы школьного советского воспитания. Соч. т. V. с. 117) дейді. Тәрбие жұмысы нысандарының көпқырлылығы, олардың жүйесі жеке тұлғаның ішкі жан дүниесінің көпқырлылығына, оның жан-жақты дамуына сәйкес келеді. Педагогикалық әдебиеттерде тәрбие жұмысының нысандарын классификациялауда бірыңғай бағыт жоқ. Білім алушылардың қалай ұйымдасқанына байланысты тәрбиенің ұйымдастыру нысандарының неғұрлым кеңірек таралған классификациясына мыналар жатады: бұқаралық сипатты нысандар, (бүкілсыныптық немесе бірнеше сыныптық), үйірмелік сипатты нысандар (топтық), жекеше сипатты нысандар (жеке балалармен өткізілетін). Сол сияқты тәрбие әдістеріне байланысты оларды шартты түрде мынадай топтарға бөлуге болады: сөз арқылы өткізілетін нысандар (лекциялар, оқырмандар конференциялары, диспуттар, кездесулер, ауызша журналдар, т.б.); практикалық нысандар (саяхат, экскурсиялар, спартакиадалар, конкурстар, үйірмелер, еңбекке қатысты жұмыстар және т.б.); көрнекі нысандар (мектеп музейлері, тақырыптық стенділер, көрмелер және т.б.). Соңғы уақытга көптеген жаңа ұйымдастыру нысандары пайда болды. Солардың ішіндегі топ жетекшісінің (тәрбиешінің) тәрбие жұмыстарының бағыттарымен сәйкес келетін тәрбие үрдісін ұйымдастыру нысандарын анықтауға әрекет жасауы көңіл аударарлықтай. Мысалы, білім алушылардың танымдық — дамытушылық қызметін ұйымдастыруға мынадай нысандар лайықты: викторина, білім аукционы, “Бәрін де білгім келеді” деген клубтың отырысы, жобалар конкурсы, эрудиттер конкурсы, интеллектуалдық конкурс, іскерлік ойындары, білім байқауы, оқушылардың ғылыми конференциялары, тапқырлар мен фантазерлар конкурсы, шешендік өнер сайыстары, кітаппен жұмыс істеудің әртүрлі нысандары (оқырмандар конференциялары және т.б.), ауызша журнал, практикалық сабақтар, білім алушылардың ғылыми ұйымдары, т.б. Колледж білім алушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде және өзін-өзі тәрбиелеуінде мынадай тәрбие нысандары кеңінен қолданылады: дөңгелек стол, баспасөз конференциясы (пресс-конференция), ауызша журнал, диспуттар, сұрақ-жауап кештері, әдеп, өзін-өзі төрбиелеу тақырыбындағы әнгімелер, әдеби — музыкалық композициялар, “Қарым-қатынас мәдениеті”, “Құқық пен міндеттер бірлігі” типіндегі практикалық сабақтар, телекөпір, сырттай саяхаттар, мейірімділік акциялары, ізденіс әрекеттері және т.б. Эстетикалық тәрбие беруде әдеби-музыкалық кештер, Поэзия сағаты , өнер адамдарымен кездесулер өткізу, музей, театр, көрмелерге экскурсиялар жасау, табиғатқа саяхат, музыка мен сурет әлемі туралы әңгімелер, “Туған табиғаттың сұлулығын танып, бағалай білейік” атты сыныптык дискокеш ұйымдастыру, көркемөнер тақырыбындағы мерекелер өткізу, журналдарға шолу жасау, қолжазба журналдар шығару, т.б. тәрбие нысандарын кеңінен қолдануға болады. Сол сияқты дене тәрбиесіне байланысты жан-жақты қолдануға болатын ойын типтерін де атауға болады: “Көңілді старттар”, кіші олимпиадалық ойындар, туристік саяхаттар мен эстафеталар, әртурлі спорт өкілдермен кездесулер, спорт тақырыбындағы кештер, гигиена, денсаулық және дене мәдениеті туралы әнгімелер мен сұхбаттасулар және т.б.
Тәрбие нысандарын таңдау. Тәрбие жұмысының нысандарын таңдау тәрбиенің ғылыми ұстанымдары негізінде анықталады. Әрбір білім алушылар ұжымы үшін неғүрлым ынғайлы, лайықты нысандарды таңдаған жөн. Жалпы тәрбие жұмысының нысандарын таңдау педагогикалық мақсатқа сәйкес анықталады. Өйткені, тәрбие қызметін ұйымдастыру нысандарын таңдау көптеген компоненттерге байланысты. Бұл ең алдымен оқушылардың жас ерекшеліктерінің тәрбие міндеттерінің бағыттары мен мазмұнына сәйкестігіне, олардың тәрбиелік деңгейі мен жеке тұлғалық әлеуметтік тәжірибесіне, балалар ұжымының ерекшеліктері мен оның дәстүрлеріне, аймақтың ерекшеліктері мен дәстүрлеріне, мектептің техникалық және материаддық мүмкіндіктеріне, оқытушының кәсіби деңгейіне байланысты болып келеді. Тәрбие жұмысын ұйымдастырудың неғұрлым мақсатқа сәйкес нысанын анықтау — бұл куратордың тәрбие міндеттерін шешудегі жетістігінің алғашқы қадамы. Қолданатын кез-келген нысанның тиімділігі көп жағдайда осы міндеттердің ғылыми негізде жүзеге асырылуына байланысты. Оған мыналарды жатқызуға болады: алда тұрған шараны өткізу дайындығына оқушыларды барынша көп қатыстыру және оны өткізу; шараларды өткізуге дайындық пен оны өткізуге оқушылардың белсенді, өзіндік іс-әрекетіне ықпал ететін эмоционалдық және рационалдық факторлар; оқушылар бойында іс-әрекеттін маңызды мотивтерін қалыптастыру жатады. Колледж тәжірибесінде бір ғана тәрбие жұмысын ұйымдастыру нысандарын қолдану әдетте трафаретке айналып кетеді де және оның бірте-бірте сапасы әлсірейді. Тәжірибелі педагогтар тәрбие нысандарының көпқырлылығын шебер пайдаланып отырады. Сондықтан да, әрбір топ жетекшісі тәрбие нысандарының көпқырльшығы мен тәрбие үрдісі технологиясының барлық ерекшеліктерін меңгергені жөн.