Қысқа мерзімді жоспар
Пәні: Әдебиеттік оқу | Күні: | Сыныбы: 3 «А» | |
Сабақтың
Тақырыбы: |
Тарауды қайталауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар | ||
Сілтеме: | 1.Әдістемелік құрал 2014 жыл
3-сыныпқа арналған әдебиеттік оқу оқулығы Авторлары : Б.А.Тұрғанбаева, З. Мүфтибекова Портал материалдары |
||
Мақсаты:
|
«Туған елім – туған жерім» тарауы бойынша өтілген материалдарды пысықтап, бекіту. Оқушылардың бойларында туған жерге, туған елге, Отанға деген патриоттық сезімдерін қалыптастыру. | ||
Күтілетін
Нәтижелер:
|
Топтық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір-бірінен үлгі алады, нені қалай оқу керектігіне өзіндік тиімділігі артады, Отанға деген патриоттық сезім қалыптасады. | ||
Сабақтың түрі: | Пысықтау сабағы | ||
Пәнаралық байланыс: | Қазақ тілі, дүниетану | ||
Қолданылатын әдістер: | Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолданамын: қызығушылығын ояту, мағынаны ашу, ойтолғаныс, топтастыру, БЛУМ таксономиясы, АКТ. Білім беру үшін және оқуды бағалау тәсілдері бойынша жиынтық бағалау, көшбасшы. | ||
Керекті жабдықтар:
|
Демонстрациялық материалдар, «Кубизм» стратегиясы, «Өрмекші торы» ойынына керекті заттар, маркерлер, постер, стикерлер. | ||
Сабақтың барысы: | |||
Сабақ
кезеңдері |
Уақыт | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті |
Кіріспе
|
1 мин
3 мин |
Ұйымдастыру
Топқа бөлу Сыныпты түстер арқылы топқа бөлу
Психологиялық ахуал туғызу «Мен саған сенемін» Әуен ойнап тұрады. Жұп құрып, бір- бірінің көздеріне қарап отырады. «Мен саған сенемін …» өйткені сен жақсы адамсың. 2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылардың өткен білімдерін тексеру үшін, тест жұмысы алынады. Жауап парағы арқылы көршіңді тексер.
|
оқушылар түстер бойынша топтасып, өз үстелдерінің басына жиналады.
Топ басшысын сайлап,топ ережесін құрастырады.
Оқушылар бір-біріне сенімдерін білдіреді.
Оқушылар жұппен бір-бірін жауап парағы арқылы тексеріп, бағалайды. Критерийлер: «5»- 0 қате «4» — 1 қате «3»- 2-3 қате |
Тұсаукесер
|
2 мин | «Сыни тұрғыдан ойлау» арқылы жұмыс жүргізеді. Тақтадан су, жарық, тамақ, жылу бойынша суреттер көрсетіліп, сұрақтар қойылады.
— Нелердің суреттерін көріп тұрсыңдар? — Олардың қажеттілігі бар ма? — Қандай маңызы бар? — Осылардың ішіндегі ең маңызыдысы не? — Ендеше, су туралы қандай мақал білеміз? (Оқулықта берілген мақалмен жұмыс жүргізу) -Ендеше, оқулықта берілген 2-тапсырма бойынша адам өміріне ең қажетті ауызсу туралы өз ойымызды бірнеше сөйлемдермен дәптерге түсіріп көрейікші. |
Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
2-тапсырма бойынша дәптермен жұмыс жүргізеді. |
Негізгі бөлім
Білу |
5 минут | 3-тапсырма бойынша кестені толтыруды ұсынамын . | Оқулықпен жұмыс, 77- бет.
Оқушылар кестені толтырып, талдайды. |
Түсіну
|
5 мин
|
Мақсаты:Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін қадағалау.
1.Оқулықпен жұмыс 6-тапсырмада берілген ребусты шешеді. «Халық, тіл, отан» М.Мақатаев «Үш бақытым» өлеңі. |
Оқушылар топ болып тапсырманы орындайды, |
Қолдану |
5 мин
|
Мақсаты:
Алған теориялық білімді практикада қолдана білу. Топтық жұмыс. 7-тапсырма: Мақалды толықтырып жазуға тапсырма беріледі. |
Оқушылар тапсырмаларды топпен орындайды.
|
Сергіту сәті
|
2 мин | Сергіту сәтін жүргізу | Оқушылар әуен сазымен қимылды орнында жасайды. |
Талдау
|
5 мин | Мақсаты:
Оқушының қиялдау дағдыларын жетілдіру. 8-тапсырма: Атауларды «Топтастыру» және «Кубизм» стратегияларын қолданып орындау. Өзен-көлдер: Қалалар: |
Оқушылар дәптерге орындайды. |
Жинақтау
|
8 мин | Мақсаты:
Оқушылардың салыстыру және ажырата алуын қадағалау «Өрмекші торы» ойыны арқылы оқушылар бір-біріне сұрақтар қоя отырып сабақты қорытындылау. |
Оқушылар тапсырманы орындайды. |
Қорытынды
Рефлексия |
6 мин | «Менің туған жерім» тақырыбында постер қорғауға тапсырма беріледі.
Топтық бағалауды ұсыну.
Кері байланыс |
Оқушылар постер қорғайды.
Топтар бір-бірін бағалайды.
Оқушылар стикерлерге сабақтан алған әсерлерін жазады.
|
Үйге тапсырма | 1мин | 4, 5- тапсырмаларды орындау.
|
Оқушылар күнделіктеріне жазып алады. |
Бағалау | 2 мин | Мұғалім қорытынды бағаны өзі қояды. | Оқушылар бағалау парақшалары арқылы топтағы көршілестерін бағалайды. |