Прозвенел последний звонок этого учебного года. Ура каникулы! В летнее время дети должны отдыхать, правильно питаться и обязательно вдоволь насытить организмы летними витаминами. Если дети желают играть в компьютерные игры, то пускай наиграюся сейчас. Единственное нужно контролировать контент детских игр. А то мы знаем, какие нынче игры? Специально в помощь родителям мы подобрали список дистанционных летних кружков. Если ребенку нравится точные науки, тогда рекомендуем приобрести абонементы по итальяснким шашкам (doiby.zti.kz) или международным шахматам (chess.zti.kz). Если ребенка тянет к языкам, то запишите на лингвистические олимпиады "Wonder Words" (wonder.zti.kz). ...

Приглашаем всех желающих принять участие в лингвистической олимпиаде "Wonder Words" по казахскому языку на портале https://wonder.zti.kz ...

Приглашаем всех желающих принять участие в лингвистической олимпиаде "Wonder Words" по русскому языку на портале https://wonder.zti.kz ...

Баланың ғаламтордағы уақытын ақылмен қолданыңыздар! Шахмат кибер олимпиадасы баланың ой өрісін дамытып, ақылын жетілдіреді. Нақты ғылымдарды игеруге ықпал жасайды.
Онлайн шахмат клубына жазылыңыздар: https://chess.zti.kz
...

Мы являемся разработчиком систем дистанционного образования и на базе своих авторских порталов постоянно организовываем предметные олимпиады и другие образовательные мероприятия. На протяжении многих лет мы оказываем рекламные услуги организациям образования высшего и средне-специального звена (далее - рекламодатель) путем размещения рекламных баннеров, с приглашениями на образовательные мероприятия наших рекламадателей в выходных документах выдаваемых по итогам дистанционных олимпиад. Каждый участник получив диплом или сертификат от наших порталов приобретает скидку на обучение в курсах или приглашение на участие в мероприятиях наших рекламодателей. Договора на предоставление рекламных услуг заключаются только напрямую с рекламодателем без участия третьих лиц, или представительских организаций. Подробнее: https://zti.kz/ads/ ...

Как получить журнал за 2 дня? Данная возможность уже функционирует с начала 2022 года на портале www.kzu.kz. Но, многие об этом не знают. И мы решили, расскрыть этот секрет... Если у вас есть готовая статья, то вы можете ее публиковать на сайте www.adisteme.kz. Это бесплатно. Также вы можете принять участие в конференции. В этом случае ваш доклад будет в автоматическом режиме опубликована в специальном номере журнала для конференционных докладов. У журнала будет свой ISSN. В этом случае у вас будет возможность получить электронный вариант журнала в течений двух дней. Вот и все. Одним выстрелом примете участие в конференции и получите журнал, что не сомненно будет учитываться в период прохождения аттестации. ...

По результатам анализа радиационно-гигиенической обстановки на территории Республики Казахстан значительный вклад в дозу облучения населения вносит медицинское облучение за счет диагностических рентгенорадиологических исследований. Об этом расскажет автор Системы учета доз радиационного облучения доктор Тлеубаева Асел Бакытбековна в одноименной статье. Подробнее: https://adisteme.kz/sudro.html ...

Сколько нужно слов чтобы знать Английский?
- ответ знают учёные из Оксфордского университета. Составляя учебные материалы для студентов, они подсчитали главные слова для каждого уровня.
• 250 слов необходимый старт для новичков.
• 600 достаточно чтобы говорить на базовые темы в повседневной жизни.
• 1200 повысить твой уровень до уверенного среднего.

Мы создали систему быстрого запоминания «Wonder Words» в её основе метод интервальных повторений, доказанный учёными. Приложение предлагает все слова, которые максимально расширят твой словарный запас. https://wonder.zti.kz
...

Ескерту: Мақала сапасы туралы ақпараттарды, сертификат, анықтама және журналға тапсырыс беру батырмаларын мақала авторы немесе журнал тілшісі ғана көре алады.

Тапқыр математик

Бастауыш сынып
Тапқыр математик

Мақала авторы: Хайрмуханбетова Асем Жаксылыковна
Жұмыс орны: Ақшұқыр мектеп-лицейі
Лауазымы: Бастауыш сынып мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 30.03.2017
Журнал қорына жариялаған: Хайрмуханбетова Асем Жаксылыковна


http://Тақырыбы: «Тапқыр  математик»   Мақсаты: Оқушыларды ойлана білуге, тапсырмаларды тиянақты, тыңғылықты орындауға баулу, бірлікке ынтымақтастыққа, әдептілікке тәрбиелеу. Логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың ақыл-ой белсенділігін арттыру.Дарынды оқушыларды анықтау.  Түрі: сайыс Барысы:  Жүргізуші:  Қош келдіңіздер, қадірлі ұстаздар және оқушылар! Уа, жарандар, жарандар! Мына бізге қараңдар Мінекей залда тыныштық Естілмейді дыбыс түк Мұны біз де қостаймыз Кешіккенді тоспаймыз Ғылымдардың патшасы Математика пәнінен “Тапқыр математик ” сайысын бастаймыз. Жүргізуші:  -Қымбатты білім сүйгіш жас достар! «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін –математика, сондықтан да оны оқу керек, »  Олай болса, бүгін сендер қызықты, математиканың жұмбақты да, тартымды әлеміне саяхат жасайсыңдар. Сендер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткізесіңдер. Сайыста сендерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады. Сайыста жеңіске жету үшін сендер белсенділік танытып, берілген сұрақтарға өзгелерден бұрын тезірек ойланып, жауап берулерің керек. Сайысымыздың бағдарламасымен таныстырайық:  Сайыс 2- турдан тұрады, 1-турдан аз балл жинаған 4 топ ойыннан шығып, қалған топтар жалғастыратын болады. І тур: «Бәйге» «Жалғасын тап» «Математикалық жұмбақтар» ІІ тур: «Сиқырлы кесте» «Кім жылдам» «Ойлан, тап!» Жүргізуші: Бүгінгі  күн сайыста Ешкімнен сен қалыспа Білімі кімнің көп болса, Сол озады сайыста дегендей сайысқа қатысушыларға қошемет көрсетейік. Бағдарлама бойынша  І кезең «Бәйге».  1. Ұзындықтың өлшем бірліктерін ата. 2. Екі нүкте арасын қосқанда не пайда болады?/ кесінді/ 3. Қосу амалдарының компоненттерін ата. 4. Қабырғалары 2 см және 4 см-ге тең тік төртбұрыштың периметрі неше см-ге тең? 5. 50 мен 36-ның  айырмасы нешеге тең? / 14 / 6. 1метр неше см-ге тең? /100 см/ 7. Х+30=60  /х тің мәні нешеге тең?/ 30/ 8. Қосу амалының қасиеттерін ата./ ауыстырымдылық және терімділік / 9. Жеңіс күні қай айда ,қай күнде тойланады? / 9 мамыр/ 10.1 ғасырда неше жыл? /100ж/ 11. Қабырғасы 3 см шаршының периметрін тап./ 12 см / 12. Бұрыш түрлері? 13.Тышқан аулағышты 5 әріппен басқалай қалай атауға болады / мысық/ 14. Қалада 21 кітап дүкені және 45-і артық азық-түлік дүкені бар.Қалада барлығы қанша кітап пен азық –түлік дүкендері бар?/ 87/  2- кезең «Жалғасын тап»    Мақал-мәтелдердің жалғасын тауып,айту керек.       Екі жақсы қас болмас,…/ екі жаман дос болмас./       Бес бармақ жиналса,../ жұдырық болады./       Отыз тістен шыққан сөз,… /отыз рулы елге жетеді./       Жеті жұрттың тілін біл,…/ жеті түрлі білім біл./       Жүз теңгең болғанша, …/жүз досын болсын./       Бір тал кессең,…/ он тал ек./       Досынды үш күн сынама,…/ үш жыл сына./       Айдың он бесі жарық,…/ он бесі қараңғы./       Бір кісі қазған құдықтан…/  мың кісі су ішеді/ 3- кезең «Математикалық жұмбақ»    — Айқасқан екі таяқ,      Тұрады жоқты сұрап. / икс / — Жоқ өзінде бас та,қас та,мойын да,      Ұзындығы жазулы тұр бойында./сызғыш / — Аяғын жерге тірей қап,      Шеңбер сызды тұра қалып./ циркуль/ — Нүктеден,екі сәуледен, Құрылған бұл не екен? /бұрыш / — Алды-артымыз шексіз де, Жете алмайсың біздерге. Сәуле менен кесінді, Шыққан тегін білсе де./ түзу / Жұргізуші:Осымен сайысымыздың 1-туры өз мәресіне жетті.Әділ қазылар алқасы аз балл жинаған 4 топты атайды,сол топтар сайыстан шығады, ал көп балл жинаған 5 топ сайысты жалғастырады. Ендеше сайысымыздың 2- турын бастаймыз. 1- кезең «Сиқырлы кестелер»    4,5,6,7,8,9 сандарын орналастырып,тігінен де,көлденеңінен де сандардың қосындысы 15 шығу керек. 9 1 5 4 8 3 2 6 7 2-кезең «Адасқан әріптер»   Әріптердің орындарын ауыстырып, геометриялық фигуралардың атауларын жазу керек. еңбрше / шеңбер / шбұрүыш / үшбұрыш / рашыш / шаршы / елусә / сәуле / үзут / түзу / 3-кезең «Ойлан, тап»   1.«Қожанасыр  мен ұрылар»     Бір күні Қожаның үйіне ұрылар түспек болады.Үй иесі мұны сезіп: -Сапырып-сапырып Сарманға бер,   Құйып-құйып Құрманға бер,   Есіктегі екеуге бер,   Төрдегі төртеуге бер   Өзің іш те маған бер деген екен. Мұны естіген ұрылар – «Қой мұнымыз болмас. Бұл үй толы кісі болды, әрі бізден екі есе артық екен, кетейік»- деп кетіп қалыпты. Үй иесі тапқырлығымен ұрылардан осылай аман қалыпты. -Сонда үйдегі адамдар нешеу, ұры қанша? (10 адам, 5ұры) 2. «Күлшеқыз»     Күлшеқызға өгей шешесі «45 бұршақты үш ыдысқа бөліп, екеуіне бірдей, үшіншісіне 2 есе аз сал» деп тапсырма берді. Күлшеқызға бұршақтарды дұрыс бөлуге көмектесіңдер. (9+18+18) 3. «Шаштараз »     Таныс емес қалаға келген математик шашын алмақшы болды. Қалада екі ғана шаштараз бар, әрқайсысының өз орны бар. Біреуіне кіріп, ол оның орны лас екенін көріп, шебердің алқам-салқам киімін көріп, шашы қалай болса солай алынғанын байқады. Ал екіншісінде тап-таза, иесі мұнтаздай таза және шашы тамаша алынған екенін байқады. Аз уақыт ойланып, математик бірінші шаштаразға барды. -Неге? (қалада екі ғана шаштараз болғандықтан әрқайсысы да бірін-бірі қырқады. Демек, біріншісі – жақсы шашатараз) Жүргізуші:     -Ендеше, сайыстың қорытындысын шығарып, бүгінгі сайысымыздың ең тапқыр оқушылар тобын  атап өтсек.  Оқушыларды грамотамен марапаттау. Математика-толған тәртіп, мағына мен мән Математика-толған тамаша заңдылық пен сән Математика-толып жатқан терең сыр Шетсіз, шексіз дариядай бейне бір-дей отыра бүгінгі сайысымызды аяқтауға рұқсат етіңіздер. Сау болыңыздар!