Тапқыр достар

Тәрбие сағаты
Тапқыр достар

Мақала авторы: Ибраева Алтынгуль Амангельдиевна
Жұмыс орны: №18 М.Сатыбалдиев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп
Лауазымы: Мектеп директорының оқу ісінің орынбасары
Порталға жариялану мерзімі: 02.02.2016


Тақырыбы:   «Тапқыр достар»

Мақсаты:    Балаларды  озық  ойлы  оқушы  болуға  тәрбиелеу, білімді,

жан – жақты болуға  үйрету.

Түрі :       Сайыс

 

Көрнекіліктер: Үлестірмелі   қағаздар, интерактивті тақта

 

Қатысушылар:       2 а  сынып оқушылары

 

Армысыздар   ұстаздар мен оқушылар!  Бүгінгі   біздің  сайысымызға   ғылымның    сырларын   ұғынып,  білім  шыңына  шығамын  деп,  ұқыптылық  пен  зеректікті  бойына   серік  еткен   оқушыларыма   қадамдарың  оң  болсын  деп  сайыс  жолында  тек  сәт  сапар  тілеймін!

Ғылымның  сырын  ұғына,

Шығыңдар  білім  шыңына

Ұқыптылық  пен  зеректік,

Серігің  болсын  бойыңда

Қадамдарың  оң  болсын,

Сәт  сапар, сайыс  жолында !

Сайысымыздың   сарапшыларымен  таныстырып   өтейін.

1.

2.

3.

Олай   болса ,  сайысымыздың   кезеңдерімен   таныстырып  өтейін.

 Сайыс  шарттары :

  1. «Кім көп  біледі?»
  2. « Сөзден сөз құрау »
  3. «Білім — ақиқат бастауы »
  4. «Талантыңмен  таныл»
  5. «Ұшқыр ой»

І кезең  «Кім  көп  біледі?» 

Шарты:  Әр  топқа  10  сұрақтан    қоямын .  Тез   жылдам   жауап  беру  керек.  Дұрыс  жауап  10  ұпаймен  бағаланады

Ітоп:

1.Кел,  балалар  оқылық!  Өлеңінің  авторы  кім?   Ы. Алтынсарин

2.Күйді  орындайтын  адам?  күйші

  1. Бір жылда неше  ай  бар?   12  ай
  2. Ұя салмайтын құс.  Көкек
  3. 16 желтоқсан  қандай  күн?   Қ.Р.  Тәуелсіздік  күні
  4. Әліппенің атасы кім?   А. Байтұрсынов
  5. «Күз» өлеңінің авторы кім?   Абай
  6. Тірі табиғатқа нелер  жатады?  Адам,  өсімдік,  жануар
  7. 25+15 қосындысы  нешеге  тең?  40
  8. Балалар сөзін   ағылшынша  қалай  айтады?   children

 

 

ІІтоп: 

  1. Ауаның  негізгі  қасиеті ?  Көзге  көрінбейді,  түссіз,  иіссіз,  дәмсіз
  2.  Егер картинада табиғат бейнеленсе,бейнелеу өнерінің бұл жанры не деп аталады?  (пейзаж)
  3. Биыл қандай  жыл?  Қой
  4. Оқу немен  құдық қазғандай?   инемен
  5. Көкжиек тұстарын   анықтайтын арнаулы  құрал?  Тұсбағар
  6. 30+25 қосындысы  нешеге  тең?   55
  7. Сау болыңыз  ағылшынша  қалай  айтамыз ?
  8. Бір аптада  қанша  күн  бар?  7 күн
  9. Сөз құрамына қалай талданады? (түбір –қосымша)
  10. Тұңғыш  президент  күні.   1  желтоқсан

ІІІтоп

  1. Атақты суретші?  Әбілхан  Қастеев
  2. Сөйлем дегеніміз  не?  (Сөйлем  аяқталған  ойды  білдіреді. )
  3. Сөйлемнің соңында  не  қойылады?  нүкте
  4. Кітап сөзін   ағылшын  тілінде  қалай  айтамыз?
  5. 85-60 айырмасы  қаншаға  тең?  25
  6. Өлі табиғатқа  нелер  жатады?   Құм,  тас,  су,  ауа,  т.б
  7. Мәтін түрлерін  ата? Хабарлау,сипаттау,пайымдау
  8. 1 сағатта  неше  минут  бар?   60мин
  9. Сұлба дегеніміз  не?  Бір  заттың  үстінен  қарағандағы   көрінісін  айтамыз.
  10. Ұзындық өлшем  бірліктерін  ата?  Мм,см,дм, м, км

ІІ  кезең «Сөзден сөз құрау »

 

І топ —Шамшырақтарыңыз

 

ІІ топ-Жұлдыздарыңыз

 

ІІІ топ-Келешектеріңіз

(Ең көп сөз құраған топқа 10 ұпай беріледі.)

 

ІІІ – кезең «Білім –ақиқат бастауы»

 (Әңгімедегі керекті сөздерді  суретпен көрсет)  І  топ 

                                          Қыс

       Қыс келді.  Күн суытты. Далада аппақ  …..  жауды. Балалар  шанамен ойнады.Қардан   ……..   жасады.Аққалланың басына  шелек  кигізді. Қолына күрек  пен  сыпырғыш  ұстатты. Мұрнын  ………. жасады.Қыс мезгілі  балаларға  қызықты болды.

 

(Әңгімедегі керекті сөздерді  суретпен көрсет)  ІІ  топ 

                                          Көмек

       Әлия ………….. жинауға  көмектесті. Аспанда ……… қоюлана түсті.Бір кезде ………… құйып кетті.Олар жиюлы ……….. жапты.

 

(Әңгімедегі керекті сөздерді  суретпен көрсет)  ІІІ  топ 

                                          Жаңбыр

………  ыстық еді. Балалар ……….. теруге тоғайға барды. Күн бұлттанды.    Дауыл қатты соқты. Сіркіреп  …….. жауа бастады. Балалар  …………..   қайтты.

 

 

І V кезең  «Талантыңмен  таныл »

Нұсқау: Әр топ берілген  тапсырманы  орындайды.

І топ —  Көрініс «Жер-Ана»

ІІ топ – Балапаш Айнәзіктің орындауында «Аяулы ұстазым»

ІІІ топ – Бауыржанқызы Гауһардың «Ертегілер»

V  кезең  «Ұшқыр ой »        Нұсқау : Әр топқа  10 сұрақтар беріледі жауапты «Я» немесе  «Жоқ»  айтады. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі,барлығы 10 ұпай.

І топ

  1. Қазақ тілі мемлекеттік тіл? – я
  2. А дыбысы дауыссыз дыбыс — жоқ
  3. Дыбыс екіге бөлінеді? – я
  4. Ы.Алтынсарин дала жұлдызы ? – я
  5. Қазақ тілінде 32 дыбыс бар? Жоқ
  6. Күн сөзі  бір   буынды  сөз – я
  7. Жер су  аттары  бас әріппен  басталып  жазылады – я
  8. Ұя сөзінде екі дыбыс бар – жоқ
  9. М дыбысы  қатаң  дауыссыз  дыбыс – жоқ
  10. Сөйлем бас  әріппен басталып  жазылады – я

ІІ топ

  1. Біздің ана  тіліміз  қазақ тілі – я
  2. Қазақ тілінде  42 әріп  бар – я
  3. Дауысты дыбыс  созылып  айтылады – я
  4. О дыбысы  жуан  дауысты  дыбыс – я
  5. Б дыбысы ұяң  дауысты  дыбыс – я
  6. Сөйлем кіші  әріптен  басталып  жазылады – жоқ
  7. Аю сөзі  екі  буынды  сөз – я
  8. Жан жануарларға  қойылатын  аттар  кіші  әріптен  басталып  жазылады – жоқ
  9. Ата сөзі  үш дыбыстан  тұрады – я
  10. Мәтіннің екі  түрі бар – жоқ

ІІІ топ

  1. Біз қазақ  тілінде  сөйлейміз – я
  2. Қазақ тілі мемлекеттік тіл  — я
  3. Дыбыс үшке  бөлінеді – жоқ
  4. С дыбысы дауыссыз дыбыс – я
  5. Р дыбысы жуан  дауысты  дыбыс – жоқ
  6. Сөйлемдегі сөздер  бір-бірімен  бөлек  жазылады – я
  7. Кітап сөзі  үш  буынды  сөз – жоқ
  8. Қою сөзінде  екі  дыбыс  бар – жоқ
  9. Адамның аты жөні бас әріппен  басталып  жазылады – я
  10. Ш дыбысы дауыссыз ұяң – жоқ

Қорытынды :  Міне  балалар 5 кезеңнен  тұратын  сайысымыз  аяқталды.  Осы сабақтан  алған  әсерлеріңді көңіл күйлеріңді берілген  шарға / смайлик / көрсетіп сурет саласыңдар.

Кездескенше  күн нұрлы болсын. Озық, ойлы  шәкірттеріміз  көбейе  берсін.

Көріп  тамашалағандарыңызға рахмет!

Конкурстар мен олимпиадалар - https://talimger.kz

Республикалық қашықтық олимпиадалар — http://clever.zti.kz

Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар — https://ukz.kz

Конкурстар, конференциялар және олимпиадалар — https://tarim.kz

Халықаралық семинарлар, олимпиадалар мен конкурстар — https://mriks.ru

Халықаралық педагогтар ассоциациясы - https://iae.su

Конкурстар мен олимпиадалар - https://kzu.kz