САБАҚ ЖОСПАРЫ
Пән: Математика |
|
Мұғалім: Алимова А.Е. | |
Мектеп, сынып ММ«Мичурин орта мектебі» 6 « Ә»сынып |
|
Сабақ тақырыбы: «Таңбалары әр түрлі рационал сандарды қосуға есептер шығару» |
Сабақтың мақсаты | – таңбалары әр түрлі рационал сандарды қосуға есептер шығара білуге үйрету;
– таңбалары әр түрлі рационал сандарды қосу ережесін қолдануға дағдыландыру; |
Сабақтың міндеттері | – Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға, еркін сөйлей білуге, өз ойын жеткізе білуге, ортақ шешім шығаруға баулу;
– танымдық белсенділіктерін арттыру, алған білімін тәжірибеде қолданып, нәтижесін қорытындылай алу, болжам жасау біліктіліктерін дамыту. |
Сабақ түрі | Есеп шығару. |
Модульдер | АКТ, СТОү, ТжДОЖ, диалогтық оқыту, ОЖЕСО, оқыту және оқудағы жаңа тәсілдер, оқытудағы басқару және көшбасшылық, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. |
Әдіс-тәсілдер | Проблемалық оқыту, жұптық, топтық,жеке,Блум таксономиясы, т.б |
Дереккөздер | Оқулық, А.Е.Абылкасымова ,Т.П.Кучер, З.А.Жумагулова «Математика», 6 сынып; дидактикалық материалдар, Bilimmedia. Kz.интербелсенді тақта, стикер, маркерлер, бағалау парағы. |
Оқыту нәтижесі | Сын тұрғыдан ойлау арқылы «Таңбалары әр түрлі рационал сандарды қосу» тақырыбының мазмұнын меңгерді, топтық диалогта өз ойын еркін жеткізіп, ортақ шешім шығаруға үйренді, танымдық белсенділігі артты, білімін іс жүзінде қолданып, іскерлік қабілеттері дамыды.Таңбалары әр түрлі рационал сандарды қосу тақырыбының анықтамаларын қолданып есептер шығара алады. |
Сабақ барысы
Сабақтың кезеңдері | Уақыт | Кіріктірілген модульдер | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Білу
Ұйым.кезеңі |
5 мин | СТОү, диалогтық оқыту, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, ОЖЕСО. | Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы оқушылар өздерібір- біріне қоя отырып, өткен сабақ туралы не білгендерін ортаға салады.
«Талапты ерге нұр жауар» Мен білемін… 1. Рационал сандар дегеніміз не ? 2.Нүктені координаталық түзу бойымен оң сандар бірлігіне; теріс сандар бірлігіне жылжытса, онда сол нүктенің координатасы қалай өзгереді ? 3.Екі қарама-қарсы рационал сандардың қосындысының мәні неге тең? 3.Неліктен теріс сан мен нөлдің қосындысының мәні нөл мен теріс санның қосындысының мәніне тең болады? 4.Екі теріс рационал санды қалай қосамыз? 5. Таңбалары әр түрлі екі рационал санды қалай қосамыз? |
Үйге берілген тапсырманы пысықтап талдау.
Оқушылар үш топқа бөлінеді және тақырыпқа шығады, мақсатын қояды. Өздерін бағалайды. |
Түсіну
|
6 мин | АКТ,СТОү, оқытудағы жаңа тәсілдер, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, басқару және көшбасшылық. | Миға шабуыл.
Логикалық тапсырмалар: 1) Раушан, Орал және Маржан жеңіл атлетикадан Қазақстан турниріне қатысты. Раушан жүгірумен, дискі лақтырумен айналыспайды. Орал – жүгірумен айналыспайды, ал Маржан ұзындыққа секіру және дискі лақтырумен айналыспайды. Турнирге кім спорттың қай түрімен қатысты? Шығару жолы:
|
Оқулық, А.Е.Абылкасымова ,Т.П.Кучер, З.А.Жумагулова «Математика», 6 сынып.
Оқушылар есеп қай тақырыпқа берілгенін анықтап, сәйкес ережені айтады. Диалогқа түседі, өздеріне деген сенімдері артады. Әр оқушы барлық тапсырмаларды орындайды,тапсырма шартын қанағаттандырады. Өздерін бағалайды. |
Қолдану
|
8 мин | АКТ, оқыту, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. | «Терең ой».
Топтық жұмыс “Адасқан сөздер”(Миға шабуыл)
Үш топқа 3 тапсырма беріледі
Өткен сабаққа шолу ( Қызығушылықты ояту) “Ойлы болсаң, озып көр”(сұрақ-жауап)
|
Әр топ тапсырмаларды
орындайды,тапсырма шартын қанағаттандырады. Тақтада постер қорғайды
Өздерін бағалайды.
|
Талдау
|
8 мин | ДжТОЖ , диалогтық оқыту, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. | Оқулықпен жұмыс.
( №437,№442, 95бет)
әр топқа есеп беріледі, шешуі тақтада тексеріледі
Сергіту сәті (Сандарды бейнеле.1-5 )
|
Алған білімдерін негізге ала отырып,есеп шартын қанағаттандыру мақсатында түйін жасайды.
Өздерін бағалайды.
|
Жинақтау
|
8 мин | АКТ,ДжТОЖ,оқытудағы жаңа тәсілдер,оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. | Деңгейлік тапсырмалар “Біліктілік сайысы”(тест, кестемен жұмыс, жеке тапсырмалар,семантикалық карта), (Мағынаны тану)
Барлығына ортақ тапсырма беремін.
Шығармашылық жұмыс.Тест тапсырмасы, электрондық оқулық бойынша
Bilimmedia. Kz
http://bilimland.kz/kk/content structure/852-arifmetika#lesson=11173 |
Тапсырманы
орындау арқылы тақырып бойынша білімдерін жинақтайды. Өздерін бағалайды.
Оқулықтағы ұқсас тапсырманы талдау.
|
Бағалау
Рефлексия
|
5 мин | Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. | Сабақ барысындағы жұмыстарына тұжырым жасап, өздерінің жұмысын бағалауға бағыттау.
Үйге тапсырма: №445 №449, 96бет. талдау-пысықтау/ Қорытындылау. |
Әр оқушы/әр топ/өзжұмысын бағалайды, пікірлерін дәлелдейді.
|