Талаптыға нұр жауар

Информатика
Талаптыға нұр жауар

Мақала авторы: Джусупбекова Алтынгуль Абдибековна
Жұмыс орны: №138 Абай орта мектебі
Лауазымы: Математика пәні мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 31.03.2016


«ТАЛАПТЫҒА  НҰР  ЖАУАР» 

Армысыздар, құрметті ұстаздар, әділ-қазылар, оқушылар. Сіздермен бірлесе отырып «Талаптыға  нұр  жауар» атты  сайысымыды бастауға рұқсат етіңіздер.

Ойын толқын, айналған қатты ағысқа

Табылғандай танымда, жат дауыс та.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу қалып жатады асығыста.

Ойын толқын жатқандай асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де жеңілсең де қал ма жасып

 

Бүгінгі  біздің сайысқа  қош  келіпсіздер!   Бүгінгі  сайысымыз  6  кезеңнен  тұрады.

  1. Таныстыру
  2. Бәйге (сұрақ – жауап)
  3. Полиглот
  4. Үй тапсырмасы
  5. Сен маған, мен саған
  6. Оратор

 

Сайысқа қатысатын  топтарды ортаға шақырайық:

  1. «Жас ұрпақ . KZ» тобы
  2. «Кибернетика» тобы

.

Әділ халқым берерсің әділ баға

Өнері мен өренін салыстырып

Төрағасы, төбе билер, жюрилер

Әділетпен кеңес құра біліңдер

Енді  сіздерге осы ойында әділ бағасын берер әділқазылар алқасымен таныстырайық

 

Бәріңіз  маған  қараңыз!

Ойынымызды  бастайық

Алуан  түрлі  ойларды

Ортамызға  тастайық.

1-кезең. Таныстыру

I  — топ – «Жас ұрпақ. KZ»

II — топ – «Кибернетика»

Бұл кезеңде  әр топ  өздерін  таныстыра  отырып, өздерінің  эмблемаларын  және   дайындаған  файлдарын  әділ  қазы  алқасына  ұсынады.

Қарап тұрмай  бәйгеге  еріңіз

Шәкірттерге  әділ  шешім  беріңіз

Жүзден  жүйрік, мыңнан тұлпар  шығарар

Бәйге, бәйге, бәйгелерді  көріңіз дей келе  біз  келесі  кезең БӘЙГЕ  кезеңін бастайық.

 

2-кезең. «БӘЙГЕ» (сұрақ-жауап)

Тақтадағы ұяшықтарды таңдай отырып, сұрақтарға жауап беру.

 

10 балл- Принтердің  неше  түрі бар? (3 түрі)

  • балл — ЭЕМ-ның неше буыны бар? (5 буыны)

10 балл- Қандай жолмен ешуақытта адам жүрмейді?

10 балл – Елеуішпен су әкелуге бола ма?

20 балл — Жыпылықтап тұратын тік  сызықша? (меңзер, курсор)

20 балл – Алгоритм типтері?

20 балл – Егер стакандағы судың бәрін ішіп қойса ішінде не қалады?

20 балл – Неліктен су отты сөндіреді

30 балл – Архивтеу программасының қызметі?

30 балл – Модем дегеніміз не және ол не үшін керек?

30 балл —  Қандай ыдыстарға су құйылмайды?

30 балл – Теңізде қандай тастар табылмайды?

3-кезең. «ПОЛИГЛОТ».

Ана тілім арым бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте, — деп  Қадыр Мырзалиев ағамыз айтқандай,  жас қырандардың тіл білімін тамашалайық

  1. Батырмасын басасын,

Қажет файлды ашасың.

(Мышь – тышқан- mouse)

  1. Өшірілген файлдар қайда сақталады? (себет-корзина-basket)

 

  1. Ақпаратты қағазға шығарады,

Бұл құрылғы қалай деп аталады.

(Принтер – баспа- printer )

  1. Үйдің негізгі бөлшегі немесе жақтаулармен шектелген экрандағы төртбұрышты аймақ.

(терезе-окно-window)

 

  1. Құжатты сақтау батырмасын ата.

( сақтау – сохранить как …- save as)

 

  1. Өзі затты құрайды,

Тексеруге таразыны сұрайды?

(салмақ- масса)

  1. Отқа жанбас, суға батпас

(мұз, лёд,ice)

 

  1. Табаныма байладым,

Қос аяқпен айдадым.

(Шаңғы, лыжый)

  1. Тұмсығымен қозғалар

Сонымен аппақ із қалар.

(бор, мель,cholck)

 

  1. Алтын теңге кетеді,

Күміс теңге келеді

(күн мен ай, солнце и луна,

4-кезең.   «Үй тапсырмасы» (PAINT-та  сурет салу)

Бұл  сайыста   оқушылар  графикалық  редакторде  сурет  салады. Бұл  сайыста  біз  оқушылардың  сурет  салу  өнерлерін  байқаймыз. Суретті қандай  құралдар  пайдаланғанын  түсіндіріп  айту  керек.

«Жас ұрпақ. KZ» тобы    суреті..

«Кибернетика» тобы   суреті.

Мәңгі  бақи  есте  қалар

Ғажайып  бір  сайыс  болсын

Білімдірек  шәкірт  озар

Қиынырақ  сұрақ  болсын  деп біз  енді  сайысымыздың  келесі  кезеңіне  келдік.

5-кезең.  «Сен маған, мен саған»

Бұл  сайыста  екі топ  кезектесіп  бір-біріне  сұрақтар  қояды.   2 топ  бір- біріне   6 сұрақтан  қояды.

Білімдіден  шығады  алғыр,   шешен,

Шешендіктен  болған  ғой  барлық  көсем.

Сайра  шәкірт, суырыл , шарықташы,

Қалмасын  бұл  жарыста  сенің  есең.- дей келе

6-кезең.   «Оратор» кезеңіне көшеміз.

«Жас ұрпақ. KZ» тобына  — «Компьютердің  пайдасы »

«Кибернетика» тобына – «Компьютердің   зияны»

Өмірге өзек болған нақты ғылым,

Халқымның жүрегіне шашты нұрын.

Келеді тәрбиелеп еркін елдің

Ертеңгі алғыр қызын, тапқыр ұлын

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан Республикасының «Бәсекеге барынша қабілетті, дамыған 50 елдің қатарына қосылу» стратегиясы бәрімізге мәлім. Осы стратегияны жүзеге асырудың басты шарты білім екені даусыз. Сондықтан «Ешқашан да бәрін білемін, енді маған бұдан артық үйренетін ештеңе жоқ  деп санаушы болма»,- деген Н.Д.Зилинскийдің сөзімен «Талаптыға нұр жауар» сайысымызды аяқтаймыз. Білім алудан кеш қалмаңыздар!

Конкурстар мен олимпиадалар - https://talimger.kz

Республикалық қашықтық олимпиадалар — http://clever.zti.kz

Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар — https://ukz.kz

Конкурстар, конференциялар және олимпиадалар — https://tarim.kz

Халықаралық семинарлар, олимпиадалар мен конкурстар — https://mriks.ru

Халықаралық педагогтар ассоциациясы - https://iae.su

Атаулы ертегілер - https://hansunqar.kz