Студенттердің білім деңгейлерін анықтауда жаңа технологиялық элементтерді пайдалану [Педагогика]

Автор статьи : Камшат Т.
Организация : Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технология колледжі
Должность : Химия пәнінің оқытушысы
Дата : 24.03.2016

Білім берудің негізгі мақсаты - білім мазмұнын жаңартумен қатар,оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Осы мақсатты жүзеге асыруда ақпараттық технологияны пайдалану әдісі зор рөл атқарады. Осы орайда «оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды білім беру саласын жақсартуда қолдану саясын кеңейту керек»деген сөзді басшылыққа ала отырып,сабақта жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға жаппай көшуіміз керек. Ақпараттық технологияларды сабақта пайдаланудың негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыру болып табылады.

Көптеген жаңа технологиялар мен қатар соңғы кездері химия пәні сабақтарында ақпараттық технологиялар жиі қолданылуда. Заттардың құрамы мен құрылымын, қасиеттерінің құрылымына тәуелділігін, қасиеттері белгілі жаңа заттар мен материалдар алуды, химиялық өзгерістердің заңдылықтары мен оларды басқарудың жолдарын зерделеу - мектепте химия пәнін оқытудағы негізгі мәселелер. Заттар әлемін (олардың құрамын, құрылымын, бір заттың басқа затқа айналуын) зерделей отырып, оқушылар практикалық қызмет үшін тиянақты білім алуы тиіс. Осыған байланысты күнделікті сабаққа:

  1. мультимедия (видео, аудиоқондырғылары мен теледидарды, электрондық оқулықтарды);
  2. зертханалық тәжірибелер;
  3. компьютер (компьютерлік бағдарламалар, интерактивті тақта);
  4. анықтамалық мәліметте (сөздік,энциклопедия,карта,деректер қоры);
  5. интернет және т.б. көрнекі материалдарды пайдалану айтарлықтай нәтиже береді.
  6. Мұндай кондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдауға және алған мәліметтерді нақтылауға мүмкіндік береді. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту мұғалімнің сабақ өткізу тәсіліне де байланысты. Қазіргі таңда оқудың интерактивті әдіс-тәсілдері өте көп. Педагокикалық ғылым мен озық тәжірибенің бүгінгі даму деңгейінде белгілі болған оқыту әдіс-тәсілдерінің бәрін де еркін игеріп, әрбір нақтылы жағдайларға орай ең тиімдісін таңдап алу және олардың бірнешеуінің жиынтығын түрлендіре тиімді, үйлесімді әрі шығармашылықпен қолдану-сабақтың сәтті өтуінің кепілі. Осы ретте мына мәселелерге баса назар аударғым келеді:Мұғалім сәтсіз өткен сабақтарға өзіндік талдау жасап өз кемшілігін іздеуге әрекет жасау керек.
  7. Білім мен тәрбие беруде жариялылық, педагокикалық, ынтымақтастық, ғылыми-әдістемелік, тың ізденістерге сүйене отырып жаңашылдыққа талпыну қажет.
  8. Мұғалім күнделікті әр сабағына шығармашылықпен дайындалуы керек. Өйткені, сабақ-мұғалімнің өнері, шығармасы. Сондықтан әр сабақты тиімді ұйымдастыруда оқушыны жалықтырмайтын,қабілетін арттыратын жағдай туғызуға ықпал етуіміз керек деп ойлаймыз.

Ақпараттық технология негіздері тұлғаның химия пәнінен алған білім сапасы мен сауаттылығын кеңейтуде жәрдемдеседі,мысалы:интернет сайты арқылы жоғары деңгейдегі көрнекіліктерді пайдалануға болады. Заман ағымына қарай видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану оқушының дүниетанымын кеңейтеді. Әсіресе, оқулықтағы тарауларды қорытындылау кезінде оқушылар қосымша материалдар жинақтап,білімдерін кеңейтіп,танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай,қисынды ойлау жүйесін қалыптастырып, шығармашылығын дамытады.Компьютер көмегімен оқыту оң нәтижелер береді.Ақпараттық мәдениет дегеніміз-тек компьютермен дұрыс жұмыс істей білу ғана емес, кез-келген ақпарат көзін:анықтамаларды,химиялық формулаларды, сөздіктерді, теледидар бағдарламаларын т.с.с. дұрыс пайдалан білу деген сөз.Мысалы,бір ғана химиялық формуланың өзінен көп ақпарат алуға болады.Химиялық формула-химиялық тілдің ең маңызды бөлігі болып есептелінеді,себебі сол заттың химиялық құрамын ажыратып береді.

Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі - бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға,ізденуге,өз жұмысының нәтижесін көріп,өз-өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді. Ол үшін мұғалім өткізетін сабағының түрін дұрыс таңдай білуі қажет.Сабақты сәтті ұйымдастырудағы басты мақсат-оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырып,бүгінгі заман талабына сай білім беру. Сабақтың сәтті өтуі біріншіден, мұғалімнің біліміне, іскерлігіне, тәжірибесіне байланысты болса, екіншіден, сабақ материалына, ал үшіншіден, сынып типіне, төртіншіден, мұғалім мен оқушының көңіл-күйіне де байланысты. Сабақты тартымды әрі өткізе білу мұғалімдер қауымынан көп ізденуді, білімділікті, қабілеттілікті және тапқырлықты қажет етеді. Менің ойымша, сабақты сәтті ұйымдастырудың бірнеше алғышарттары бар. Олар:

  1. Сабақтың тақырыбына сай сабақ жоспарын жасау.Сабақ жоспары нақтылы жүзеге асатындай етіп жасалынуы қажет.Дұрыс құрылмаған сабақ жоспары жақсы нәтиже бермейді.
  2. Тақырыпқа сай сабақ түрін,оның әдіс-тәсілдерін түрлендіріп отыру.
  3. Қосымша материалдарды тақырыпқа сай шығармашылықпен іріктеп ала білу.
  4. Дидактикалық,техникалық құралдарды,электрондық оқулықтарды мақсатқа сай,оқушы сезіміне әсер ететіндей тұрғыда пайдалану.
  5. Сабақта алдыңғы қатарлы озық іс-тәжірибелер мен жаңа технологияларды пайдалану.Бұл орайда инновациялық технологияларды пән бойынша қандай тарауға,қай тақырыпқа пайдалану тиімді болатынына зерттеу,салыстырып жүргізіп отыру қажет деп ойлаймын.Сонымен бірге оқушының бастапқы білім деңгейін,жаңа технологияны пайдалану барысында қаншалықты білім алып шыққанын,не үйренгенін айқындап,диагностикалап отыру да артық болмайды.Өйткені мұғалім тарапынан білімі мен іскерлігі тексерілмеген оқушылар біртіндеп үлгермеушілер қатарына қосылады.Бұл өз кезегінде сабақтың сәтті өтуіне зиянын тигізбей қоймайды.

Ақпараттық технологиялардың бірі-интерактивтік тақта,мультимедиялық және он-лайн сабақтары.Оқыту үрдісін компьютерлендіру мақсатында интерактивті тақтамен жұмыс жасау тиімді.Қазіргі уақытта Қазақстанның жалпы орта білім беретін мектептерінің барлығы дерлік интерактивті тақтамен қамтамасыз етілген.

Тақтаны қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын,интелектуалдық танымын ,білім сапасын арттыруға болады.Бейорганикалық химия пәнін оқытуда интерактивті тақтамен жұмыс жасауда оқушылардың қызығушылығын танытып қана қоймай,шығармашылық қабілеттерін дамыту мен қатар жаңа ақпараттық технолгияны меңгеруге,оны пайдалана алуына мүмкіндік береміз.Сабақта интерактивті тақтаның элементтерін пайдалану,дайындалған арнайы тапсырмаларды тыңдап қана қоймай,көздерімен көріп,оны жетік түсінуге дағдыланады.Интерактивті тақтаны пайдалану арқылы оқушылардың білімін тексеру үшін әр тарауды аяқтаған кезде немесе жаңа сабақты бекіткен уақытта тестілеу әдісін қолдануға болады.Оқушылардан бір уақытта жауап алуға мүмкіндік береді.Тестілеудің нәтижелерін құрылған график арқылы тексеріп,сол уақытта бағалауға болады.Жауап нәтижелерін бақылап және оқушылардың материалды түсіну деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.Интерактивті тақтаны пайдалану арқылы тестілеген кезде мұғалім оқушылардың білім деңгейін анықтай алады.Оқушыларға тест сұрақтарына жауап беруі үшін уақыт беріледі.Бұл жүйе тұйық оқушылардың ойын білдіріп,жалқау оқушылардың қызығушылығын арттырады.Оқушылар жауаптарын құпия түрде бере алады.

Ақпараттық технологияларды жүзеге асырудағы тағы бір мүмкіндігі –ол электронды оқулық. Электрондық оқулық - бұл дидактикалық әдіс-тәсілдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негізделген түбегейлі жүйе. Электронды оқулықпен оқыту оқытушының оқушымен жеке жұмыс істегендей болады. Электронды оқулық тек қана оқушы үшін емес,мұғалімнің дидактикалық әдістемелік көмекші құралы да болып табылады.

Қазіргі заманның даму қарқыны мұғалімдерден шығармашылығын жаңаша,ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді. Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырады. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары болмақ. Жаңа ақпараттық техникаларын пайдалану соңғы уақытта мектептегі білім беру жүйесінде маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Мультимедиялық технологиялар көбіне компьютерлік сыныптарда қолданылады. Қазіргі уақытта сабақ материалына байланысты көптеген компакт-дискілер бар. Мектептегі химия сабағын компьютердің көмегіне сүйеніп өткізуге көп мүмкіндіктер жасалған. Жаңа материалды түсіндіруде интерактивті компьютерлік графиканы пайдалануды көздейтін аппараттық-бағдарламалық құралдарды пайдалануға болады.Компьютерлік графикалық материал презентациялық монитор көмегімен көрсетіледі. Химия пәні бойынша компьютерлік тестілеуді қолдану оқушылардың интелектуалдық танымын арттырады. Оқушылар бір тестілеуден жақсы нәтижеге жеткенше бірнеше қайтара өтеді.Бұл тестілердің барлығы химия бойынша минимум талаптарына сәйкес келеді.Келесі бір маңызды жағдай уақытты үнемдеу. Аз уақыттың ішінде бағдарламаның көптеген қиын сұрақтарын формулалар мен эксперименттер көрсету арқылы түсіндіріліп,бекітіледі. Химия сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып өз бетінше жұмыс істеу факторы-есептерді шығара білу,шапшаңдылық, шеберлік дағдыларын ұйымдастыра отырып, сабақтар өткізіледі.

Осындай ақпарат құралдарын пайдалана отырып,мен сабақ барысында оқушылардың қабілетіне, білім деңгейіне, ынтасына қарай топқа бөліп, өз бетімен еңбектенуге, ізденуге, шығармашылыққа баулып, қорытынды жасауға машықтандырамыз, оқушының ақыл-ойын дамытып, озіндік дүниетанымын қалыптастырамын, сабаққа ынтасын арттырып, тапсырманы орындау барысында оқушыларды біліммен қаруландырып қоймай оларды қисынды ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту үшін оқушылардың шығармашылық ізденісін, тапқырлығын, зеректігін, ойлауға икемділігін арттыруға болады. Алынған өзекті тақырыпты басшылыққа ала отыра және істелінген жұмыстарды қорытындылай келе өзін-өзі бағалай білетін,шығармашылық деңгейі жоғары жан-жақты тұлға қалыптастыра отыра,оқушының білім сапасын көтереміз,алған білімдерін өмірмен ұштастыруға бағыт беріп оқушы құзырлығын дамытамыз. Химиктердің өмірі мен қызметі жайында компакт-дискілерде кең қамтылған. Рефераттар жазуда оқушылар атақты химиктердің өмірбаяны жөнінде ақпарат құралдарынан энциклопедиялық мәліметтер ала алады. Жалпы оқушылардың ақпараттық технология негіздерінен алған білімі арқылы:

  1. Оқушының пәнге деген қызығушылығы артады,құлшынысы оянады.
  2. Шығармашылыққа қабілеттері артады.
  3. Жылдам ойлауға машықтанады,білім сапасы артады.
  4. Оқушылар өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланады.
  5. Экологиялық сауатты болуға үйренеді.
  6. Тағамның химиялық құрамының зияндылығын іс-тәжірибелер барысында анықтайды.
  7. Химиялық технологияны меңгеруге ұмтылыс пайда болады.

Ақпараттық технолгияның мұғалім жұмысына ең тиімдісі-оқушылардың білім олқылықтарына үнемі зерттеу жасап, түзету жұмыстарын жүргізуге пайдасы бар. Қазіргі заманның даму қарқыны мұғалімдер шығармашылығын жаңаша,ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді.Сондықтан,ХХІ ғасыр-информатика ғасыры,яғни ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы-жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп,жан-жақты дамуына ықпал ету мұғалімнен шығармашылық ізденісті,үлкен сұранысты талап етеді. Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып,оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы».
  2. «Информатика, математика негіздері» журналдары.
  3. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы.
  4. А.Салихова «Оқушылардың шығармашылығын дамыту».
  5. Ғаламтор материалдары.