Сөз таптары. Болымды, болымсыз етістіктер

Бастауыш сынып
Сөз таптары. Болымды, болымсыз етістіктер

Мақала авторы: Абдильдинова Гульжайнат Мырзаханқызы
Жұмыс орны: КММ Балықтыкөл негізгі мектебі
Лауазымы: бастауыш сынып мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 16.04.2016


Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары. Болымды, болымсыз етістіктер.
Жалпы мақсаты: Сөз таптары бойынша өткенді қайталайды, сыни тұрғыдан ойлауын дамытады. Болымды, болымсыз етістіктерді меңгереді.
Күтілетін нәтиже: Сөз таптары түрлерін қайта жаңғыртады; сөздерді мағыналарына қарай топтастырады; сөздердің қай сөз табына жататынын анықтайды.Болымды, болымсыз етістіктерді ажырата алады.
Тапсырмалар: Топтық жұмыс « Сөздерді топтастыру »
Топтық жұмыс « Сөздерді салыстыру»
Жеке жұмыс « Кестені толтыру »
Көрнекіліктер: презентация, Венн  диаграмма, қима сөздер

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

 Психологиялық ахуал

  • Балалар, дүниенің неше тұсы бар?
  • Тұстарды қандай құралмен анықтайды?
  • Біз сендермен бүгін осы төрт тұсқа саяхат жасаймыз.
  • Осы саяхатта әр түрлі тапсырмалар орындау арқылы ең үздік саяхатшыны анықтаймыз. Дұрыс орындаған тапсырмаларына мен төс белгілеріне жұлдызша жапсырамын. Кім көп жұлдызша жинайды, сол үздік саяхатшы атанады.

Топқа бөлу

Бірінші топтық жұмыс

Берілген сөздерді топтастыру

І топ: бала, көгершіндер, күйші, жүрді, келе жатыр, қарама, әдемі, өнерлі, қара ала, бес, он бес, алтыншы.

ІІ топ: күн, тазалықшы, аңдар, секірді, ұйықтап жатыр, оқыма, сұлу, әдепті, ақшыл сары, төрт, жиырма бір, бесінші.

ІІІ топ: мал, оқулық, құстар, күлді, қарап тұр, айтпа, көк, көкшіл, қою көк, екі, отыз бес, төртінші.

Екінші топтық жұмыс

Берілген тыйым сөздерден

  1. Етістіктерді тап
  2. Етістікті сөз құрамына талда
  3. Салыстыр

І топ Үлкенді сыйла!  Үлкеннің жолын кеспе!

ІІ топ:  Көк шөпті жұлма! Табиғатты қорға!

ІІІ топ: Құстардың ұясын бұзба!  Құстарды қамқорлыққа ал!

 

 

 

Етістік

болымды                    болымсыз

күл, жаз                     күлме, жазба

Болымсыз етістік болымды етістікке –ма, -ме, -ба, -бе, -па,-пе жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.

Солтүстікке байланысты суреттер

  • Балалар, суреттерге сұрақ қойындар.
  • Осы сұрақтар қай сөз табына жатады?
  • Зат есім аймағына саяхатқа келдік.

Жеке жұмыс «Кесте толтыру»

Зат есімдерді екінші бағанға теріп жаз

Сөз таптары Зат есім
Әдемі, жұмысшы, жүгірді, отыз, достар, көрді, сабақ, жұмыртқа, жиырма, аңдар, сыпырды, қуыршақ, әнші, аңшы.

 

Тапсырманы тез, дұрыс орындаған оқушыға жұлдыз беріледі.

Шығысқа байланысты суреттер

  • Осы суреттерге байланысты қандай сұрақтар қоюға болады?
  • Осы сұрақтар қай сөз табына жатады?
  • Сан есім аймағына саяхатқа келдік
  • Сан есім кездесетін мақал-мәтелдер айту.

Сан есім аймағына саяхатқа бардық.

Оң түстікке байланысты суреттер

  • Осы суреттерге байланысты қандай сұрақтар қоюға болады?
  • Осы сұрақтар қай сөз табына жатады?
  • Етістікаймағына саяхатқа келдік.

Оқулықпен жұмыс

  • 172 бет 30- жаттығу
  • Мына етістіктерден болымсыз етістік жаса

Ал, аш, жап, сөйле, шақыр, тарт, үз, урле, кес

Батысқа байланысты суреттер

  • Осы суреттерге байланысты қандай сұрақтар қоюға болады?
  • Осы сұрақтар қай сөз табына жатады?
  • Кестеге сәйкес сын есімдерді жаз

 

Жақсы бала қандай? Жаман бала қандай? 

 

 

 

Негізгі төрт тұстармен бірге аралық тқстар бар. Олар: солтүстік-шығыс, оңтүстік-шығыс, солтүстік-батыс, оңтүстік –батыс. Барлығы 8 тұс бар. Қазақ тілінде 8 сөз табы бар: зат есім, сын есім, етістік, сан есім,одағай, шылау, үстеу, есімдік. Толық сөз таптарымен біз 4-сыныпта танысамыз.

Оқушыларды бағалау.

Рефлексия.

Конкурстар мен олимпиадалар - https://talimger.kz

Республикалық қашықтық олимпиадалар — http://clever.zti.kz

Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар — https://ukz.kz

Конкурстар, конференциялар және олимпиадалар — https://tarim.kz

Халықаралық семинарлар, олимпиадалар мен конкурстар — https://mriks.ru

Халықаралық педагогтар ассоциациясы - https://iae.su

Конкурстар мен олимпиадалар - https://kzu.kz