Сонғы қоңырау күнінімен құттықтау [Эссе]

Автор статьи : Әлімбайқызы А.
Организация : Зияткерлік технологиялар институтының "Әдістеме" журналы
Должность : Жуапты редактор
Дата : 25.05.2021
Номер журнала : 02-12-2021

Құрметті ұстаздар!

Мектеп қабырғасынан әлдеқашан алыстап кетсе де, бойында жылуы бар әрбір парасатты азамат әліп үйретіп, білім теңізіне жетелеген ұстаздары мен балалық шағының талай қызықты күндеріне куә болған алтын ұя – мектебін әрдайым үлкен сағынышпен, құрметпен еске алып отырады. Аса көрнекті қазақ геологы, ғалым, қоғам қайраткері, Қазақстан Ғылым академиясының ұйымдастырушысы және тұңғыш президенті, академигі Қаныш Сәтбаевтың айтуынша “... 1 қыркүйекте не салтанатты шеру, не салюттер болмайды. Бірақ бұл күн ешқандай мерекемен тең келмейтін, білімнің асқар шыңына жетелейтін, қайталанбайтын күн. Бұдан асқан ұлы мереке жоқ”- деп толғаған. Мұғалім бақыты – шәкірт құрметі. Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.

Барша ұстаздар қауымын ерекше оқу жылының аяқталуымен құттықтаймыз.  Сіздер жасаған еңбектеріңіз үшін  "Қазақстан ұстазы" қоғамының атынан шексіз алғыс білдіреміз!