Солтүстік Америка. Материктің географиялық орны. Ашылу және зерттелу тарихы

География
Солтүстік Америка. Материктің географиялық орны. Ашылу және зерттелу тарихы

Мақала авторы: Джанибекова Жанар Даулетовна
Жұмыс орны: "Тұрыш мектеп-балабақша кешені" КММ
Лауазымы: география пәнінің мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 15.04.2016


Сабақтың тақырыбы: Солтүстік Америка. Материктің географиялық орны.
Ашылу және зерттелу тарихы.
Сабақтың мақсаты:
білімділік: оқушыларға Солтүстік Америка материгінің ерекшеліктері мен географиялық орны, зерттелу тарихы туралы жан — жақты мәлімет беру;
тәрбиелік: оқушыларды өз бетімен оқуға, ізденуге тәрбиелеу;
дамытушылық: картамен жұмыс істеуге дағдыландыру, есте сақтау қабілеттерін дамыту;
Көрнекілігі: Жарты шарлар картасы, Солтүстік Америка материгінің физикалық картасы, атлас, кескін карта, оқушының жеке жұмыс дәптері, ғалымдардың суреттері;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі:
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
А. оқушыларды түгендеу;
Б. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;
ІІ. Жаңа сабақ барысы:
Мен өзім үш бұрышқа ұқсас жермін
Қазір де әл-ауқатты бірнеше елмін.
АҚШ бар, Канада бар, Мексика бар,
Даңқымен таң қалдырған барлық елдің,
Тауларым бар Кордильер мен Аппалачтай,
Маккензи, Миссисипи суым қандай!
Виннипег, Ұлы көлдер, тұзды көлім,
Тамаша көрген адам таң қалғандай.
(Балалар бұл өлең шумақтары арқылы қай материкті өтетінімізді айтып өтеді)

Солтүстік Америка — өзіміз тұратын Еуразиямен бірге солтүстік жарты шарда орналасқан материк. Үлкендігі жөнінен Еуразия мен Африкадан кейінгі үшінші орынды алады, жерінің ауданы 24,2 млн км2.
Солтүстік Американың шеткі нүктелері:
Солтүстікте: Мерчисон
Оңтүстікте: Марьято
Батыста: Принц Уэльс
Шығыста: Сент-Чарльз

Табиғатының мынадай басты ерекшеліктері бар:
. Дүние жүзіндегі аса ұзын әрі енді тау жүйесі – Кордильера, оның ұзындығы 9000 км – ге жуық, ең енді бөлігі 1600 км – ге тең;
Дүние жүзіндегі ең үлкен арал – Гренландия аралы Солтүстік Америка құрамына енеді, оның ауданы 2 млн 176 мың км
. Дүние жүзіндегі ең үлкен әрі терең Коларадо каньонының тереңдігі 1600м, ұзындығы 446 км, ені 25 км – ге дейін
жетеді;
Дүние жүзіндегі ең ұзын жер асты үңгірі – Флинт – Мамонт , ұзындығы 500 км;
Дүние жүзіндегі ең үлкен тау мұздығы – Аляска жотасында орналасқан Хабборт мұздығы, ұзындығы 145 км;
Дүние жүзіндегі ең үлкен толқын Фанди шығанағында байқалады. Оның биіктігі 18 м – ге жетеді;
Дүние жүзіндегі ең биік ағаш – мәңгі жасыл Секвойя ағашы, биіктігі 100 м – ден асады;
Ең биік нүктесі -Кордильер тауындағы Мак-Кинли шыңы-6193 м
• Ең төмен орналасқан нүктесі – Өлім аңғары, теңіз деңгейінен
86 м тереңдікте орналасқан;
• Ең суық жері – Гренландия аралының орталығы, мұнда
— 70 С тіркелген;
• Ең ыстық жер – Өлім аңғары, +57 С;
• Жауын – шашынның ең көп түсетін жері – Кордильераның солтүстік – батыс жағалауы, 6000 мм – ге дейін жауын – шашын түседі;
• Жауын – шашынның ең аз түсетін жері – Колифорния шығанағының солтүстігі мен Үлкен Алап, 100 мм – ден төмен жауын – шашын
түседі;
Географиялық орны. Солтүстік Америка материгі солтүстік жарты шарда арктикалық белдеудегі аралдардан субэкваторлық белдеуге дейін созылады. Материк оңтүстігінде сүйірленіп, Панама мойнағы арқылы Оңтүстік Америкамен жалғасады.
Материктің ашылу және зерттелу тарихы туралы түсінік беру;
Джон Кабот Ньюфаундлен аралы мен Лабрадор түбегі жағалауын ашты.

Генри Гудзон мен Александер Макензи материктің солтүстік және шығыс жағалауларында көптеген жаңа жерлерді ашты.
1741 ж Витус Беринг пен Алексей Чириков Алеут аралдарын бойлай жүзіп, Аляска жағалауын зерттеді.
1778 жылы Джеймс Кук Нортон шығанағын ашты.
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту:
1 — тапсырма: «Ең…. ең ….ең ойыны»
Ең биік нүктесі ……
Ең ұзын тау ……
Ең үлкен арал ……
Ең үлкен әрі терең каньон ….
Ең ұзын жер асты үңгірі ….
Ең үлкен тау мұздығы ……
Ең биік ағаш …..
Ең төмен орналасқан нүктесі …..
Ең ыстық жер …..

Сергіту сәті.
2 — тапсырма: «Географиялық есеп»
(200*2)+100 = 500
Флинт — Мамонт жер асты үңгірінің ұзындығы
(300*2)+193 = 6193
Мак — Кинли шыңының биіктігі
(400*3)+400 = 1600
Колорада каньонының тереңдігі

3 — тапсырма: кестемен жұмыс

Жылдар және ғасырлар Зерттеушілердің
аты-жөні мен суреттері Ашқан және зерттеген жерлері
Хростофор Колумб
Джон Кабот
Генри Гудзон
Александр Макензи

Витус Беринг
Алексей Чириков

4 — тапсырма: «Жас картограф» географиялық нысандарды картадан тауып кескін картаға түсіру

5 — тапсырма: Географиялық диктант
Мексика таулы қыратының солтүстігі мен Оңтүстік Америкаға дейінгі аралықты ……………….. деп атаған. ХХ ғасырдың басында Панама мойнағы арқылы материктің батысымен шығысындағы Тынық мұхит пен Атлант мұхитын жалғастырып тұратын ———- салынған. Солтүстік Американы Еуразиядан бөліп жатқан ———— екі материктің солтүстігіндегі Солтүстік Мұзды мұхит суларын Тынық мұхитымен жалғастырады.

6 — тапсырма: Семантикалық карта

100 6193 24,2 1600 145
Жерінің ауданы
Хабборт мұздығының ұзындығы
Мак — Кинли шыңының биіктігі
Колорадо каньонының тереңдігі
Секвоя ағашының биіктігі

Үйге тапсырма беру: мазмұндау, кескін картаны аяқтау.Колорадо каньоны, Флинт — Мамонт үңгірі туралы материалдар жинап келу;
Бағалау.

Конкурстар мен олимпиадалар - https://talimger.kz

Республикалық қашықтық олимпиадалар — http://clever.zti.kz

Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар — https://ukz.kz

Конкурстар, конференциялар және олимпиадалар — https://tarim.kz

Халықаралық семинарлар, олимпиадалар мен конкурстар — https://mriks.ru

Халықаралық педагогтар ассоциациясы - https://iae.su

Атаулы ертегілер - https://hansunqar.kz