Шетел тілін оқытуда интерактивтік ақпараттық технологиялық құралдардың қолданылуы

Білім берудің негіздері
Шетел тілін оқытуда интерактивтік ақпараттық технологиялық құралдардың қолданылуы

Мақала авторы: Мауенова Дана Айтқалиқызы
Жұмыс орны: Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Өңірлік Мемлекеттік Университеті, Филология факультеті
Лауазымы: студент
Порталға жариялану мерзімі: 28.04.2020


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан, ұстазға жүктелетін міндеттер ауыр» деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу ғана емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білім жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады .

Шетел тілін оқытудағы негізгі мақсат – тілді коммуникативті қалыптастыру және дамыту, оны еркін игеру. Тілді еркін меңгеру үшін білім алушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастыратын жағдай туғызу керек. Бұл өзекті мәселе — білім беру саласындағы инновациялық үрдістердің күрделілігі мен қайшылықтары әрі жаңа құбылыстармен әрекеттесуі болып табылады. Соңғы жылдары оқу-тәрбие үрдісіндегі жеке тұлғаны дамытуға бағытталған оқытуға үлкен мән берудің өзі еліміздегі өзгерістердің маңыздылығын көрсетеді. Қазіргі таңда жаңа әлеуметтік жағынан қорғанған адам- ол технология ауысуына және нарық талабына сай терең білімді, жан-жақты адам. Сондықтан, білім алушы теориялық біліммен қатар практикалық білімнің алғы шарттарын меңгеруі тиіс. Бұл мақсат ақпараттық технологияны пайдалануда жүзеге асады.

Ақпараттық технологияның негізгі мақсаты — білім алушы қазіргі қоғам сұранысына сай ӛзінің ӛмірлік іс-әрекетінде дербес компьютер құралдарын қажетті деңгейде пайдалана алатындай жан-жақты дара тұлға тәрбиелеу .

Ақпараттық технология (information technology) –

 1) объектінің, үрдістің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинақтау, ӛңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын үрдіс.

2) ақпаратты ӛңдеу үшін пайдаланатын технологияның, элементтердің, құрылғылардың немесе әдістердің жиынтығы.

Ақпаратты жеткізу әдістері мен механизмдерін және оларды жазып, жинақты құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым. Сонымен, ақпараттық технология ұғымы-ӛңделген, жинақталған ақпаратты пайдаланушыға жинақталған түрде жеткізу әдістері, құрылғыларын, элементтерін қамтитын жиынтық. Яғни, ақпаратты бізге жинақты түрде жеткізу технологиясы болып табылады .

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының білім туралы тұжырымдамасы ойлы, ӛнерлі, білімді тұлғаны қалыптастыруға бағытталған және қазіргі білім жүйесі оқушылардың танымдық белсенділігін дамытатын оқытудың дәстүрлі емес, белсенді түрін және әдістерін оқу үрдісіне енгізу бағытында құрылуы тиіс. Білімді дамыту үшін білім берудің үйреншікті әдісінен оқыту үрдісінде білім алушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыратын білім берудің жаңа белсенді әдісіне кӛшу керек. Бұл тапсырманы оқыту үрдісінде тек жаңа технологияларды қолдану арқылы жүзеге асыруға болады.

Барлық экономикалық дамыған елдерде білім беру жүйесі толық ақпараттандырылған.

 Білім беру үрдісін ақпараттандыру — жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп жаңа типті оқыту, әр білім алушының қабілетін жан-жақты дамыту үшін қолайлы жағдай туғызу, оқу тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды кӛздейді.

Қазіргі кезде жаңа білім жүйесі интернеттің пайда болуының арқасында дамығанын барлығы мойындайды.

Бастысы, шетел тілін меңгеруде ақпараттық технологиялардың алатын орны зор. Интернет арқылы білім алушы грамматикалық, лексикалық, фонетикалық жаттығулар, оқуға және грамматикаға арналған тесттермен жұмыс істеу мүмкіндігін туғызып, шетел тілін үйренушіге аутентті мәтіндерді қолдану, үйреніп отырған тіл азаматын тыңдау, олармен қарым – қатынас жасау табиғи тілдік ортаны қалыптастырып қана қоймай, өзі оқып отырған тіл елінің тарихы мен мәдениеті, салт-дәстүрлері, экономикалық даму ерекшеліктерін қамтитын танымдық білімдерін кеңейтеді.

 Көптеген әдіскерлер видеофильм, электрондық почта, мультимедиалық презентация, анимациялық суреттер және т.б. көмегімен шетел тілінде сӛйлеу қабілетін қалыптастыратын жаттығуларды құрастырумен айналысып жатыр. Ал шетелде болмай-ақ, сол елдің тілінде сӛйлей алу қабілетіне ие болу оңай емес. Сондықтан, оқытушылардың маңызды тапсырмасының бірі шетел тілі сабағында жаңа технологиялардың түрлі амалдарын қолдана отырып, сөйлеушінің шын жағдаяттарын құру болып табылады. Шетел тілін үйрету үрдісінде компьютер технологияларын қолдану сабақты қызықты жолмен өткізуге көмектеседі. Мысалы, анимациялық суреттер, видео-көріністер, әр түрлі дыбыстық презентациялар, бейне-конференция, анықтама каталогтары, жүйеде сөйлесу білім алушылардың бар ойын өзіне бағыттайды, сонымен қатар, оқу үрдісінде білім алушының белсенділігі оянады. Нәтижесінде, білім алушы ақпаратты жеңіл әрі тез қабылдайды және білім алушының ынтасы мен қызығушылығы жоғарылайды. Тілді ақпараттықкоммуникативтік технология арқылы оқыту – тіл үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады.

Қорыта айтсақ дарынды, білімді жастар ғана егеменді еліміздің ертеңін баянды етіп, қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуына үлес қоса алады. Сондықтан, студенттер оқытушы берген білімді, іс-әрекет тәсілдері мен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағылымдарын игеріп қана қоймай, оны әрі қарай ӛзінің нысаналы, белсенді зерделі танымдық іс-әрекетімен сабақтастыруы тиіс.

Конкурстар мен олимпиадалар - https://talimger.kz

Республикалық қашықтық олимпиадалар — http://clever.zti.kz

Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар — https://ukz.kz

Конкурстар, конференциялар және олимпиадалар — https://tarim.kz

Халықаралық семинарлар, олимпиадалар мен конкурстар — https://mriks.ru

Халықаралық педагогтар ассоциациясы - https://iae.su

Атаулы ертегілер - https://hansunqar.kz