Септеулік шылаулар

Қазақ тілі және әдебиеті
Септеулік шылаулар

Мақала авторы: Қуанышбекова Гүлнар Қасылқызы
Жұмыс орны: Қарағанды облысы «Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицей» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Лауазымы: мұғалім
Порталға жариялану мерзімі: 19.05.2016


Сабақтың тақырыбы: Септеулік шылаулар
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушыларға шылаудың түрлерін меңгерте отырып,септеулік шылаудың мәнін, қызметін, ерекшелгін түсіндіру.
ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.
б) тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: ашық сабақ
Сабақтың түрі: жаңа сабак.
Сабақтың әдісі: СТО, талдау, ой қорыту, «Миға шабуыл»,Венн диаграммасы, ой қозғау
Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру, назарларын сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасының орындалысын тексеру
— Шылаулар қызметіне қарай нешеге бөлінеді?
— Жалғаулық шылаулар қандай қызмет атқарады?
-Жалғаулық шылаулар өзара мағыналарына қарай қандай мәнде жұмсалады? Оған қандай шылаулар жатады?
Жаңа сабақ
Сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстыру.
Септеулік шылаулар — белгілі бір септік тұлғадағы толық мағыналы сөздермен тіркесіп келіп, оған қосымша (мезгілдік, мекендік, амалдық, шектік, себептік, мақсаттық, т.б.) мән үстеп, оны екінші сөзбен сабақтастыра (бағындыра) байланыстыратын шылау түрі. Септеулік шылаулар септеуліктер деп те аталады.
Септеулік шылулар сөйлемде екі түрлі қызмет атқарады.
1. Сөз бен сөзді байланыстырады.Мысалы: Мейрам әлдекімге телефон арқылы әмір етті.
2. Құрмалас сөйлемнің құрамындағы екі сөйлемді байланыстырып тұрады. Мысалы: Қорғана жүрерлік күнәсі болмаған соң, кеудесін жоғары ұстап келе жатыр.
Септеулік шылаулар
№ Ереже Септеулік шылаулар Мысал
1. Атау септігіне қатысты септеуліктер Туралы, арқылы жайлы, сияқты, тәрізді, секілді, үшін, сайын, жайында Мен күн сайын таңертең жүгіріп тұрамын.
2. Барыс септігіне қатысты септеуліктер Дейін, шейін, қарай, тарта, таман, жуық,салым Түске дейін жүзге жуық хат жібердік.
3. Шығыс септігіне қатысты септеуліктер Кейін, соң, әрі, гөрі, бері, бұрын Бұдан әрі оның сөзін ести алмадым.
4. Көмектес септігіне қатысты септеуліктер Бірге, қабат, қатар Мен әкеммен бірге жұмыс істедім.

240-жаттығу. Оқып шығып, шылауларды табыңдар, тіркескен сөздерге қандай мағына үстеп тұрғанын айтыңдар.
Үлгі: Ыдыс-аяққа дейін-шектілік мән үстеп тұр
241-жаттығу. Топқа бөлініп, «Талант бірінші ме, әлде қабілет бірінші ме?» деген сұрақ төңірегінде пікірталас ұйымдастыру.
Кім жылдам?
Көп нүктенің орнына тиісті шылауларды қой

Еріншек түске … ұйықтайды,
Кешке … есінейді.
Борсық ұрған … семіреді.
Жаманның ақылы
Түстен … кіреді.
Ақыл – дария, алған … таусылмайды,
Жер – қазына, сауған … таусылмайды.
Талдау-табыс кілті.
 Көкжиек .Фонетикалық талдау жасау.
 Ол кісіні мен жаңа клубта көрдім. Жақыпбек хатшы кабинетінен көңілді шықты.Биыл көктем белгісі ерте білінді. Ақ мақтадай ұлпа бұлттар жайлап шұбатылып барады. Сөйлемдерге синтаксистік, асты сызылған сөйлемге морфологиялық талдау жасау.
Семантикалық карта толтыру
№ Септеулік шылаулар Атау септік Барыс септік Шығыс септік Көмектес септік
1 Кейін
2 Бірге
3 Тәрізді
4 Гөрі
5 Қатар
6 Салым
7 Секілді
8 Қабат
9 Соң
10 Жуық
Венн диаграммасы
Септеулік шылау Жалғаулық шылау

Сабақты қорыту:
-Септеулік шылаулар дегеніміз не?
-Септеуліктер қандай қызмет атқарады?
— Септеулік шылаулар мағыналарына қарай қандай мәнде жұмсалады?
Үйге тапсырма: Көркем шығармадан септеулік шылауы бар 10 сөйлем жазып,талдау.
Бағалау. Ереже жаттау.

Конкурстар мен олимпиадалар - https://talimger.kz

Республикалық қашықтық олимпиадалар — http://clever.zti.kz

Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар — https://ukz.kz

Конкурстар, конференциялар және олимпиадалар — https://tarim.kz

Халықаралық семинарлар, олимпиадалар мен конкурстар — https://mriks.ru

Халықаралық педагогтар ассоциациясы - https://iae.su

Атаулы ертегілер - https://hansunqar.kz