Сенің айналаңдағы түстер

Әдістемелік қоржын
Сенің айналаңдағы түстер

Мақала авторы: Жандосова Ардақ Серікқызы
Жұмыс орны: №3мектеп
Лауазымы: бейнелеу өнері пәні мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 07.01.2017


Сабақ тақырыбы Сенің айналаңдағы түстер
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 2.1 Қоршаған ортаның бейнелері
1.2.1.1Өз идеялары мен сезімдерін айқындау үшін қарапайым тәсілдерді
анықтап, қоршаған ортадағы кейбір визуалды элементтерді қолдану

Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:
Өз сезімдерін сипаттау үшін қоршаған
ортаның визуалды элементтерін
пайдаланады.
Оқушылардың басым бөлігі:
Шығармашылық идеяларын көрсету үшін
қоршаған ортаның элементтерін
пайдаланады
Кейбір оқушылар:
Негізгі және қосымша түстерді араластыру арқылы керекті реңктерді жасай біледі,көрсете біледі.

Жетістік критерийлері Қоршаған ортаның кейбір ерекшеліктерін, таныс образдар мен формаларын ажырата бастау,түстерді ажырату.
Тілдік мақсаттар
Оқушылар орындай білуі тиіс:
• негізгі түстерді араластыру барысында алынған түстерге сипаттама беру.
Пәнге тән лексика мен терминология:
ақшыл, ақшылдау, күңгүрт, аса күңгірт;
• солғын, өте солғын, ашық, өте ашық;
• контраст(қарама-қарсы), ұқсас;
• бояу, қылқалам;
• езу, араластыру, біріктіру;
• негізгі және қосымша түстердің атаулары, реңк/көлеңке, пропорция

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
Талқылауға арналған сұрақтар:
• Түстер арасындағы айырмашылыққандай?
• Қандай түстерді араластырдыңдар?
• Бұл түс неге ұқсайды?
• Бұл түссендерге несіменұнайды?

Құндылықтарды дарыту

Белсенділік ұстанымдар:
Оқушылар білімді дайын күйінде алмай, белсенді танымдық әрекеттің үдерісінде өздерінің меңгеруімен қорытындалады.

Пәнаралық байланыстар
Өзінн-өзі тану,жаратылыстану
АКТ қолдану дағдылары Белсенді оқытуға техникалық қолдау жасау үшін АКТ пайдалану.
Бастапқы білім
Балалар портрет,пішін,композиция ұғымымен таныс.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

С= бүкіл сынып
Т = топтық жұмыс
Ж = жұптық жұмыс
Ө = өздік жұмыс
Т = оқушы тәжірибесі
К = мұғалімнің көрсетуі
Қ = қалыптастырушы (формативті) бағалау
Менің сүйікті жануарым
(С, К, Қ)Оқушыларға «Жануарды тап» ойынын ойнауды ұсыныңыз.Жүн/шаш/ көз түсі қандай? Түстің қалай құрылғандығын ойлап көр».
Сабақты оқушыларға жануарлардың үлкен үлгідегі көзі, жүні және дене бөліктерінің фотосуреттері мен суреттерін көрсетуден бастаңыз. Оқушылар оларды сәйкестендіріп табады. Бұл оқушыларды бояуларды табуға және оларды қалай араластыру кезінде жасалғандарын анықтауға көмектесіп, ойынға дайындайды. Қосымша түстерді араластыру- ды және анықтауды көрсетіңіз. «Кім негізгі түстерді атай алады?», «Кім қосымша түстерді атай алады?», «Олар қалай жасалған?», Оларды біз бояулар арқылы қалай жасаймыз? » деген тәрізді сұрақтар қойыңыз.

1-тапсырма
• Сіз ненің суретін салуды жақсы көресіз? Өзіңізге ұнайтын заттың суретін
салыңыз және бояңыз. Ол туралы жұбыңызға айтып беріңіз.

Жануарлардың суреттері бейнеленген

Жануарлар көздерінің бейнелері

Сабақтың ортасы
2-тапсырма
Негізгі түстерді біртіндеп араластыру арқылы қосымша түстер шығарыңыз.
Акварель бояуын қолданыңыз.
• Қауырсынды өзіңіздің көңіл күйіңізге сәйкес түстермен бояңыз.

Альбомдар, қарындаш, көмір қарындаш, түсті қарындаш, бояулар материалдар

Сабақтың соңы

/Бағалау/
(Ө, Т) Оқушылар негізгі және қосымша түстерді араластырып, түстермен тәжірибежүргізеді. Жұмысты сурет салатын альбомдарында орындауларына болады.
1-тапсырма
Дескриптор: Білім алушы
— өзі ұнататын заттың суретін салады;
— затты түсіне келтіріп бояйды;
— жұмысы туралы жұбымен бөліседі. 2-тапсырма
Дескриптор: Білім алушы
— түстерді дұрыс араластыра отырып, қосымша түстерді
шығарады;
— қауырсынды көңіл күйіне байланысты бояйды.

Альбомдар
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Конкурстар мен олимпиадалар - https://talimger.kz

Республикалық қашықтық олимпиадалар — http://clever.zti.kz

Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар — https://ukz.kz

Конкурстар, конференциялар және олимпиадалар — https://tarim.kz

Халықаралық семинарлар, олимпиадалар мен конкурстар — https://mriks.ru

Халықаралық педагогтар ассоциациясы - https://iae.su

Атаулы ертегілер - https://hansunqar.kz