Сауат ашу. Дауысты дыбыстарды пысықтау. Қоян

Бастауыш сынып
Сауат ашу. Дауысты дыбыстарды пысықтау. Қоян

Мақала авторы: Кашкинбаева Индира Сабитовна
Жұмыс орны: Ақтөбе қаласы, №23 орта мектеп- лицейі
Лауазымы: бастауыш класс мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 23.04.2016


Кашкинбаева Индира Сабитовна

бастауыш сынып мұғалімі

№23 орта мектеп- лицейі

Пәні: сауат ашу

Сабақтың тақырыбы: Дауысты дыбыстарды пысықтау. Қоян.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың дауысты дыбыстар бойынша өтілген білімдерін бекіту,қайталау. Қоян туралы мағлұмат беру.

Сабақтың міндеттері:

А) Білімділігі: Оқушыларға қоян туралы кең мағлұмат бере отырып, дауысты дыбыстарды жатқа жаздыру. Әр түрлі тапсырмаларды орындату.

Ә) Тәрбиелігі: Өз ойын еркін айта білуге дағдыландыру, аңдарғ қамқор бола білуге тәрбиелеу.

Б) Дамытушылығы: Балалардың мәнерлеп оқи білуін, ауызша және жазбаша сөйлеу тілін дамыту.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: сұрақ жауап, түсіндіру, сәйкестендіру, талдау әд.

Сабақтың көрнекілігі: қоян суреті, сызба, плакат

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру.

Балалардың зейінін сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық.

Сабақ музыкалық сергіту сәтімен басталады.

Өткенді пысықтау.

  • Үйге қандай тапсырма берілді?
  • «Саққұлақ» өлеңін жатқа сұрау.
  • Сонымен еңбек дегенді қалай түсінесіңдер?

Жаңа материал:

1.Қызығушылықты ояту.

Тақтада жасырылған қоянның суретін көрсете отырып, мозаикаларды сұрақтар қою арқылы шешу.

  • Сөз неден құралады? (дыбыстан)
  • Дыбыстар немен таңбаланып жазылады? (әріптермен)
  • Дыбыстарды біз не істейміз? (айтамыз, естиміз)
  • Әріптерді ше? (көреміз, жазамыз)
  • Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар? (15)

Мозаиканы ашу арқылы қоянның суреті шығарылады.

Олай болса, балалар, бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Қоян» деп аталады.

Көрнекілікпен жұмыс:

Барлығымыз тақтаға назар аударайық, қоянның үш түрімен таныстыру.

 

 

 

 

  1. Құмқоян- Қазақстанда мекендейтін үш қоянның ішіндегі ең кішкентайы. Қазақстанның оңтүстік бөлігінде биік тау белдеулеріне дейін көтеріледі, дегенмен шөл және шөлейтті аймақтарда кең таралған. Ін қазбайды, күндіз демалу үшін таяз сайларды пайдаланады. Құмқоян қасқыр, түлкі, дала мысығы, ірі қанатты жыртқыштардың да негізгі қорегі болып табылады. Қазақстанда жылына 85мың құмқоян терісін дайындайды.

 

 

 

 

  1. Ақ қоян- негізінен қалың қар түсетін орманды жерлерде тіршілік етеді. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, павлодар және Ақмола облыстарындағы орманды далаларда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарындағы таулы аймақтарда көптеп кездеседі. Ал Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы облыстарында сирек кездеседі. Жыл бойы жайылым жағдайына, қардың түсуіне орай жыртқыштардың азды көптігіне қарай қоныстарын ауыстырып отырады. Дене тұрқы 68 см, салмағы 5-6 кг. Жазда түсі сұрғылт, қыста түгелдей аппақ болып түлейді. Жылына, ақпан маусым айларында 2-3 көбейеді. Жазда шөптесін өсімдіктермен, бұталармен, ағаштармен қоректенеді.  Ал күз, қыс айларында ағаш бұталары мен қабықтарын кеміреді. Ақ қоян еті, терісі мен түбіті үшін ауланады.

 

 

 

 

 

 

  1. Орқоян— қояндардың ішіндегі ең үлкені. Жылдамдығы сағатына 70шақырымға жетеді, қашқанда көбіне кілт бұрылыстар жасап, ирек ирек жүгіреді. Орқоян 12 жылдай өмір сүреді. Негізгі жаулары қасқыр мен түлкі, кейде дала қыраны мен бүркіт те қоян алады.

Мәтінмен жұмыс:

  • Мәтінді оқу (мұғалім)
  • Балаларға тізбектей оқыту
  • Басқа аңдар туралы не білесіңдер? (Балалар өз ойларын айтып, әңгімелейді)

Сергіту сәті:            «Сұр қоян» өлеңін балалар хормен айтады.

Дәптермен жұмыс:

Көркем жазу:   Яя  Яя  Яя   Яя

Дауысты дыбыс әріптерін жатқа жазып шығыңдар.

А,ә,е,о,ө,ұ,ү,ы,і,и, (у), ю, я, е,э

Дәптерлерін балаларға өздеріне тексерту, дауысты дыбыстарды санау.

  • Балалар, осы дауысты дыбыстар ішінде ерекше бір дыбыс бар, ол қай дыбыс? (У) дыбысы.
  • Қане, у дыбысының қай кезде дауысты және қай кезде дауыссыз дыбыс болатынын кім айтып береді?

Бір оқушыдан сұрау.

Плакатпен жұмыс: Сөздерге дыбыстық талдау жасау.

Ту                              науа

Тау                           су

Ауа                           қу

(Дыбыстық талдау жасау, оқушылардың өздері у дыбысына байланысты ережені айта отырып, қорытынды шығарады.)

Сергіту сәті: « Аю туралы»

Ойын: «Адасқан буындар»  (Сәйкестендіру)

Да                       ян

Қо                      ла

Ақ                      рау

Қы                     қала

Балалар сәйкестендіріп, тақтаға сызады. Неше дауысты дыбыс бар екенін аңғарту,айта кету

Тақтамен жұмыс:

Балаларға қоян туралы сөйлем құрату, екі сөйлемді тақтаға жаздыру. Дауысты дыбыстың астын сызу.

Сабақты бекіту:

Топтастыру әдісі:

қоян

 

 

 

 

 

 

 

 

(Балалардың айтуы бойынша тақтаға топтастыру әдісін құрастыру)

Үйге тапсырма:   

«Қоян» мәтінін оқу.Қоян суретін салып келу. Дауысты дыбыстарды қайталау.

Бағалау:

Смайликтерді көп жинаған оқушылар өте жақсы бағаланады. Сабаққа белсене қатысқан оқушылар мадақталады.

Конкурстар мен олимпиадалар - https://talimger.kz

Республикалық қашықтық олимпиадалар — http://clever.zti.kz

Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар — https://ukz.kz

Конкурстар, конференциялар және олимпиадалар — https://tarim.kz

Халықаралық семинарлар, олимпиадалар мен конкурстар — https://mriks.ru

Халықаралық педагогтар ассоциациясы - https://iae.su

Атаулы ертегілер - https://hansunqar.kz