Cабақтың тақырыбы:Санды және әріпті өрнектер.
Сабақтың мақсаты: Санды,әріпті өрнектерді құру,оқу және жазу,салыстыру,
олардың мәндерін табу біліктігін қалыптастыру; көбейту
мен бөлу амалдарына байланысты есеп шығаруын
біліктігін жетілдіру; талдай және салыстыра білу қабілетін
дамыту.
Түрі: білімін жетілдіру сабағы.
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену,салыстыру.
Көрнекілігі: суреттер, сызбалар, геометриялық фигуралар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу,түгендеу, оқушы зейінін сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық:
4 топқа бөліну. Әр топ сурет бойынша әңгіме құрау.
Қызығушылықты ояту:
Ұстазы мен шәкірттері турады аңыз айтып беру.
Бір күні нысананы ағашқа іліп қойып, ұстазы шәкірттерінен «Не көріп тұрсыңдар?» деп сұрақ қояды.
-Ағаш пен нысананы – деп жауап қатты бірінші шәкірті.
-Нысана, ағаш және аспанды- дейді екіншісі
-Сүйікті ұстазым мен ағашқа ілінген нысананы –деді жылы лебізбен үшінші шәкірті.
Жауаптарды естіген сайын ұстазының көңіл күйі түсіп, басқалардан оқшау тұрған шәкіртінің қасына келіп тоқтайды. Сонда ол: — Кешіріңіз, мен қанша тырысып қарасамда тек қана нысананы көріп тұрмын –деп жауап қатты соңғы шәкірті. Ұстазы жарайсың деген кейіппен басын изеп, арқасынан қатты .
- Не себептен ұстазы соңғы шәкіртінің жауабына ғана қанағаттанды?
(Оқушылардың ойын тыңдау)
- Дұрыс тек мақсатын дұрыс таңдай білген адам да жетістікке қол жеткізуі мүмкін. Олай болса, бүгінгі сабағымызда біздер тапсырмаларды орындау арқылы нысанаға қаншалықты дәл тигізетінімізді сынап көрейік.
Ой қозғау.
№1 Жазулардың ішінде қандай өрнектерді көріп тұрмыз?
- Топ. Санды өрнектерді теріп жазыңдар
- Топ. Әріпті өрнектерді теріп жазыңдар
- Топ. Теңсіздіктерді теріп жазыңдар.
- Топ. Теңдіктерді теріп жазыңдар.
(Анықтамаларын айтып талдап шығады)
№2,3 Санды өрнек түрінде және әріпті өрнек түрінде жазып көрсет (Кеспе қағазы ретінде беріледі, тақтамен жұмыс.)
1-топ. 15 пен 5 тің қосындысын 2 есе кеміту; (15+5):2=10
Ойлаған сан мен 3 тің айырмасын 2 есе арттыру. х-3*2
2-топ. 32 ні 2 есе артттыру және көбейтіндіден 24 ті азайту 32*2-24=40
32 ні 2 есе кеміту және оған ойлаған санды қосу. 32:2+а
3-топ. 27 мен 2 айырмасын 5 есе кеміту (27-2):5=5
Ойлаған сан мен 2 нің қосындысын 5 есе арттыру (с+2)*5
4-топ. 69 ды 3 есе кемітіп, бөліндіге 20 ны қосу 69:3+20=43
Ойлаған санды 3 есе арттырып, көбейтіндіден 20 ны азайту.
-Берілген екі өрнектін айырмашылығы неде?
Екеуіде математикалық өрнектер.
№5 Әріпті өрнектік мәнін тап. Ноутбукке орындалатын тапсырма. Кесте құру мәнін табу.
А*3019, мұндағы а= 2,3,4,5.
2 | 3 | 4 | 5 | |
А*3019 | 6038 | 9057 | 12076 | 15095 |
№6 а) Есепті шығар.
1-топ. Кесте құру арқылы 1 тәсілмен есептейсіңдер.
2-топ Түсіндерме жол арқылы шығару
3-топ. Кесте құру арқылы 2 тәсілмен шығару
4 топ. Шарт құру арқылы.
Ш: 400-(32:4) =392
№7 Геометриялық фигуралардың ауданын смарт телефондар арқылы ауданын табады.
1-топ Тік төртбұрыш тәріздес қоршаудың қабырғалары 513дм және 3 дм 1539
2-топ Шаршының қабырғасы 74см. Ауданын тап. 5476
3-топ Тік төртбұрыштың ұзындығы 24 м ал ені 6 м ауданын тап. 144
4-Топ. Шаршының қабырғалары 56 см 3136
№8 Жазуды қалпына келтір
Қорыту: « Білім ағашы»
- Жинаған ұпай санын есептеу.
- Білім ағашының діңі бүгінгі сабақтың тақырыбы. Жайқалған жасыл жапырақ-ол біздің көңіл-күйіміз. Егер сабақ ұнады, мен меңгердім десеңдер жасыл стикер, егер тақырыпты түсіндім бірақ есептеулерде қиналам десеңдер сары стикер, сабақ маған ұнамады, түсініксіз болды десеңдер қызыл стикерлер жабыстырамыз.
Үйге тапсырма: 102 бет. № 7.