Сәнді қолданбалы қолөнерінің шебер мектебі

Технология
Сәнді қолданбалы қолөнерінің шебер мектебі

Мақала авторы: Шукеева Гульбану Кенжебекқызы
Жұмыс орны: Ш.Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп гимназия
Лауазымы: технология, бейнелеу өнері пән мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 22.04.2016


Мақсаты:

  1. Оқушылардың сәнді қолданбалы өнер саласында әр түрлі жұмыс істеудегі шеберлігін арттырып, білімін жүйелеу.
  2. Өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастырып, шығармашылық қабілетін дамыту.
  3. Оқушыларды төзімділікке, әдемілікке тәрбиелеп, эстетикалық талғамын арттыру.

Сәнді қолданбалы  қолөнері адамдардың көркемдік талғамының қалыптасуына ерекше әсер етеді, жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беруге қызмет етіп, оларды халқымыздың материалдық рухани мұраларын терең түсініп, оны бағалай білуге тәрбиелейді.

Орта мектептегі оқытудың негізгі міндеттері — білім беріп қана қою емес, білім мазмұны арқылы баланың өмірге, еңбекке, адамдарға, айналадағы ортаға, дұрыс қарым — қатынасын қалыптастыру. Оқыту мен тәрбие бір-бірімен байланысты процесс, бір нәрсенің екі жағы сияқты. Тәрбиелік сабақтың мазмұнын анықтай отырып, сабақ барысында оқу және тәрбие міндеттерін шешеді.

Технология сабағында ұлттық тәрбие берудің міндеті жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі сәнді қолданбалы қолөнерді технология сабағында қолдана білу болып табылады. Технология сабақтарын қызықты өткізіп, оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамыту үшін ең алдымен ұстаз өзі шеберлі болуы, жан жақты дамыған, әр қашан ізденісте болған абзал. Сонда ғана ұстаз өз оқушыларының шеберліктерін дамыта алады. Сонымен сіздерге мен сәнді қолданбалы қолөнерінің шебер мектебін ұсынып отырмын. Бүгін раушан гүлін сазбалшықтан орындалу технологиясымен толығырақ таныстырып, және келесі  жұмыстардың да орындалу технологиясымен таныстырып өтемін; қағаздан қоян және аққу жасау әдісі,  пластикалық қасықтан шеби-шик стилінде орындалған шам, және раушан гүлі, жұмыртқа уяшығынан жасалған гүл. Әрине осындай жұмыстрады  оқушыларға сабақ үстінде көрсетіп отырған дұрыс, өйткені оқушылар қызыққан кезде жұмыстарын аяқтамай тыңбайды. Осындай шебер мектебін жиі интерактивті құралдарды пайдалана отырып, технология сабақтарын өте қызықты етіп өткізүге бүгінгі таңда  технология  пән мұғалімнің  мүмкіндігі бар.

Шебер мектебі:

 1.«Пластикалық қасық және пластикалық бөтелкеден жасалған шам»

Мақсаты: Суретте көрсетілген әдемі шамдың өндеу әдісімен таныстырып үйрету.

Шамды дайындау үшін келесі құрал жабдықтар қажет:

3-5 литрлік бөтелке, пласткалық қасық,  канцелярды пышақ, ыстық желім, тоқ құатын аз жейтін шам.

1 Қадам.  Қасықтарды даярлау (сабтарын кесіп алу)

2 Қадам. Бөтелкенің түбін кесіп алу.

3 Қадам. Қасықтарды ыстық желіммен жабыстыру.

4 Қадам. Қасықтарды бір біріне дөңгелете жабыстыру

5 Қадам. Дайын қасық жабыстырылған бөтелкені жинау.

Жұмысты толығымен аяқтаған сон, оны стразы мен әшекейлесе де болады. Өйткені кешкісін шамды жаққан соң, стразы лар әдемі болып жарқырайды. Және бұл шамды фосфор бояуымен бояса болады, (ол сүретшілер дүкенінде сатылады), ол шам қосылып тұрғанда жылынады, ал шамды өшірген кезде түніменен жұлдыздар секілді жарқырап тұрады.

2.«Пластикалық қасықтан шеби-шик стилінде орындаған раушан гүлі».

Мақсаты:

Пластикалық қасықтан раушан гүлін жасалу реттілігімен таныстырып үйрету.

Пластикалық қасықтан раушан гүлін жасау үшін бізге келесі құрал-жабдықтар қажет:

Бір гүлге — түрлі түсті пластикалық қасық – 12 дана;

Термопистолет;

Электр плиткасы немесе шырақ;  Ұстайтын қысқыш қажет.

Мына суретте көрсетілген гүлге тек қана ақ қасық қажет, жапырақтарына жасыл қасық қажет.

Орындалу әдісі. Пластикалық  қасықты  шамның үстіне 5-10 секунд  ұстап, қыздырып аламыз, бірақ еріп кетпеүін қадағалау қажет.

Балқытылған екі қасықты гүлдің түйнегінің пішініне келтіру.

Еріп тұрған қасықтың тұтқасын кесіп, жапырақшаларды ыстық писталетпен ұстату.   Қысқышпен қасықты шамның үстіне ұстап балқыту. Ыстық күйінде жапырақша тәрізді созып келтіру.

Дайын жапырақшаларды бір біріне жабыстыру.  Сонымен шеби-шик стиліндегі раушан гүлі дайын.

  1. «Жұмыртқа уяшығынан жасалған гүл».

Мақсаты:  Жұмыртқа уяшықтарынан гүл жасау әдісін көрсетіп үйрету.

                                             Мына суреттегі гүлді жасау үшін маған келесі

құралдар қажет болды:  жұмыртқа салатын

пластикалық уяшықтар, жасыл пластикалық

бөтелке, кеуіп қалған ағаш тамырлары, қайшы,

шырақ,термопистолет.

Суретте болашақ гүлдің көлемі белгіленіп

көрсетілген, оны қайшымен қиып аламыз.

Суретте көрсетілген бөлшектерге гүл жапырағының

пішінін келтіру үшін  оны жанып тұрған шырақтың

үстіне аздап ерітіп, иіп, пішініне келтіреміз.

 

Конкурстар мен олимпиадалар - https://talimger.kz

Республикалық қашықтық олимпиадалар — http://clever.zti.kz

Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар — https://ukz.kz

Конкурстар, конференциялар және олимпиадалар — https://tarim.kz

Халықаралық семинарлар, олимпиадалар мен конкурстар — https://mriks.ru

Халықаралық педагогтар ассоциациясы - https://iae.su

Конкурстар мен олимпиадалар - https://kzu.kz