Мы являемся разработчиком систем дистанционного образования и на базе своих авторских порталов постоянно организовываем предметные олимпиады и другие образовательные мероприятия. На протяжении многих лет мы оказываем рекламные услуги организациям образования высшего и средне-специального звена (далее - рекламодатель) путем размещения рекламных баннеров, с приглашениями на образовательные мероприятия наших рекламадателей в выходных документах выдаваемых по итогам дистанционных олимпиад. Каждый участник получив диплом или сертификат от наших порталов приобретает скидку на обучение в курсах или приглашение на участие в мероприятиях наших рекламодателей. Договора на предоставление рекламных услуг заключаются только напрямую с рекламодателем без участия третьих лиц, или представительских организаций. Подробнее: https://zti.kz/ads/ ...

Как получить журнал за 2 дня? Данная возможность уже функционирует с начала 2022 года на портале www.kzu.kz. Но, многие об этом не знают. И мы решили, расскрыть этот секрет... Если у вас есть готовая статья, то вы можете ее публиковать на сайте www.adisteme.kz. Это бесплатно. Также вы можете принять участие в конференции. В этом случае ваш доклад будет в автоматическом режиме опубликована в специальном номере журнала для конференционных докладов. У журнала будет свой ISSN. В этом случае у вас будет возможность получить электронный вариант журнала в течений двух дней. Вот и все. Одним выстрелом примете участие в конференции и получите журнал, что не сомненно будет учитываться в период прохождения аттестации. ...

По результатам анализа радиационно-гигиенической обстановки на территории Республики Казахстан значительный вклад в дозу облучения населения вносит медицинское облучение за счет диагностических рентгенорадиологических исследований. Об этом расскажет автор Системы учета доз радиационного облучения доктор Тлеубаева Асел Бакытбековна в одноименной статье. Подробнее: https://adisteme.kz/sudro.html ...

Сколько нужно слов чтобы знать Английский?
- ответ знают учёные из Оксфордского университета. Составляя учебные материалы для студентов, они подсчитали главные слова для каждого уровня.
• 250 слов необходимый старт для новичков.
• 600 достаточно чтобы говорить на базовые темы в повседневной жизни.
• 1200 повысить твой уровень до уверенного среднего.

Мы создали систему быстрого запоминания «Wonder Words» в её основе метод интервальных повторений, доказанный учёными. Приложение предлагает все слова, которые максимально расширят твой словарный запас. https://wonder.zti.kz
...

Отличная новость! Теперь в олимпиадах "Wonder Words" выдаются сертификаты по каждому предмету отдельно. А всего олимпиад по 8 предметам. Каждый участник достигший уровня выше "Elementary" будет удостоен к награде от МАП. Подведение итогов будет в августе. Спешите приобрести выгодные абонементы прямо сейчас. ...

Отличная новость. Теперь в олимпиадах Wonder Words есть русский и казахский языки. Всего за 1000 тг. можно принять участие в 8 олимпиадах. https://wonder.zti.kz ...

Поздравляем нашего юниора с победой в кибер Олимпиаде по итальянским шашкам. ...

- В наших олимпиадах участвуют из 28 стран мира. Почему?
- Ответ простой: Потому что, у нас многонациональный педагогический состав. Участвуйте в наших олимпиадах и отправляйте свои авторские тестовые вопросы. Авторы олимпиад будут награждаться правами Председателя Международной ассоциации педагогов за вклад в развитие образования.
Поздравляем Вас с днем Единства народа Казахстана!

Образовательные порталы народа Казахстана:
1. Лингвистические олимпиады - https://wonder.zti.kz
2. Конкурсы, конференции, олимпиады и курсы — https://kzu.kz
3. Республиканские конкурсы, курсы, конференции и олимпиады — https://ukz.kz
4. Интеллектуальные конкурсы, конференции и олимпиады — https://tarim.kz
5. Методический журнал для педагогов — https://adisteme.kz
6. Республиканские дистанционные олимпиады — http://clever.zti.kz
7. Конкурсы, конференции, олимпиады и курсы — https://talimger.kz
8. Интеллектуальные кибер олимпиады по итальянским шашкам - https://doiby.zti.kz
9. Интеллектуальные кибер олимпиады по шахматам - https://chess.zti.kz
...

Ескерту: Мақала сапасы туралы ақпараттарды, сертификат, анықтама және журналға тапсырыс беру батырмаларын мақала авторы немесе журнал тілшісі ғана көре алады.

Рухани жаңғырту бағдарламасы аясында «Жаңа талабы-латын алфавитіне көшу

Тәрбие сағаты
Рухани жаңғырту бағдарламасы аясында «Жаңа талабы-латын алфавитіне көшу

Мақала авторы: Уалиева Дана Турсыновна
Жұмыс орны: А.С.Макаренко атындағы шағын орталықты орта мектеп
Лауазымы: Информатика пәнінің мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 05.02.2018
Журнал қорына жариялаған: Уалиева Дана Турсыновна


Тәрбие сағатының тақырыбы: Рухани жаңғырту бағдарламасы аясында

«Жаңа талабы-латын алфавитіне көшу»

Мақсаты: Оқушыларды туған тілімізді құрметтей білуге баулу. Рухани жаңғыру бағдарламасын оқушылар арасында насихаттау.
Міндеттері:
Баланың сөйлеу тілін дамыту арқылы сөздік қорларын молайту;
ой – өрісін кеңейту;
Жас ұрпақтың патриоттық сезімін оята отырып елін, жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Түрі: Әңгіме, сұрақ — жауап.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, ұлағатты сөздер.
Барысы: Саламатсыздар ма, ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі «Мен және менің тілім» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақстан – көп ұлт өкілдері мекендейтін мемлекет. Мұндай мемлекет үшін мемлекеттік тіл қажет. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев өз жолдауында «Ұлттық тіл – қазақ ұлтының рухани, мәдени байлығын ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші қасиетті құрал» деп көрсеткен болатын.
Қазақ тілінің мәртебесін өсіру үшін және мемлекеттік тілімізді қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу үшін елімізде көптеген іс – шаралар жүргізіліп келеді. 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Ең алдымен, бұл барша елге ортақ жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет.
Қазақстанда 100 – ден астам ұлт өкілдері тұрады, әрбір ұлттың ең үлкен, ең негізгі анасы туған тілі болып саналады. Ана тілі – әрбір ұлттың, ұлыстың мақтанышы, көзінің қарашығындай көретін қазынасы, асыл мұрасы.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін 1997 жылы 11 – шілдеде Қазақстан Республикасының Парламенті «Тіл туралы» жаңа Заңын қабылдады. 2007 жыл «Мемлекеттік тіл жылы» деп жарияланды.

Мұғалім сөзі :
1) Қазақстан парламенті мәжілісіндегі «үкімет сағатында» мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед: «Республиканың латын әліпбиіне көшуі – заман талабы. Егер Қазақстанның ғылыми-педагогикалық қоғамы шынында да осы идеяны қолдайтын болса, онда латын әліпбиіне көшу керек. Бұл біздің қоғам үшін тиімді» — деп мәлімдеді.
«Егер жоғарғы жақ шешім қабылдайтын болса, біз – атқарушы билік – оны орындауға дайынбыз» дейді мәдениет министрі Құл-Мұхаммед.
«Менің тілім және менің пікірім» Дебат әңгіме

Дебат әңгімемізді мына тақырыптарға арнап көрейік.
Қазақстан билігінің латын әліпбиіне көшу туралы саяси шешім қабылдауына заманның талабы ықпал етуі мүмкін бе, әлде үлкен саясаттың мүддесі жетелей ме? Латын әліпбиіне көшу туралы нақты шешім қабылданатын болса, түркітілдес елдер Өзбекстан мен Әзірбайжанның тәжірибесі ескеріле ме? Қазақстанның латын әліпбиіне көшуін көпұлтты мемлекеттік өзге ұлттар өкілдері қалай қабылдауы мүмкін?
Директордың тәрбие- ісі жөніндегі орынбасары Р.Қ Исмаилова- сөзі.

Рухани жаңғыру бағдарламасын талдаудағы міндеттермен және басым бағыттармен таныстыру.
2) «Сұрақ- жауап»
Оқушыларға сұрақтар қою.
1. А. Байтұрсынов кім?
2. Жүз жасаған ақын?( Жамбыл Жабаев)
3. Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебе алды?(1989ж. 22. 09 және 1997ж. 11. 07.
4. Абайдың қанша қара сөзі бар?( 45 қара сөзі бар)
5. Ата Заң күні қашан?(30тамыз 1995 жылы)
6. Қазақтың тұңғыш алфавитін жасаған кім?(Ы. Алтынсарин)
7. Тіл туралы Заң неше баптан тұрады?(27 бап, 6 тарау)
8. Қазақ халқының батыр қыздары кімдер?(Әлия, Мәншүк)
9. Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды?(1991ж, 16. 12)
10. «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім? (Ы. Алтынсарин)
11. Қазақстан жерінен өткен жол.(Жібек Жолы)
12.«Қазақ вальсінің королі» атанған композитор кім? (Ш. Қалдаяқов)
13. Әнұранның авторларын атап бер.(сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Н. Назарбаев. Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов)
14. Абайдың туған жылы. (1845жылы 10. 08)
15. Абайдың қандай өлеңдері бар?(Қыс, Күз, Көзімнің қарасы т. б)
16. ҚР — ның рәміздерін ата.(әнұран, елтаңба, ту)
17. ҚР — ның астанасы қай қала?
18. Әл — Фараби өмірге келген қала. (Отырар)
19. Ұлттық киімдерді атап беріңдер. (Сәукеле, қамзол, кемешек тақия т. б)
20. Қандай туыстық атауларды білесіңдер.( Нағашы жұрт, қайын жұрт т. б)
Оқушылар бір сәт қазақ биімен көңіл көтеріп қояйық. Тельманова Динараның орындауындағы қазақ биі.
Ендігі айдарымыз мақалдың жартысын табу. Тіл туралы мақалдар
1. Тіл тас жарады, тас жармаса…..(бас жарады)
2. Бал тамған тілден…(у тамған)
3. Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты…(сөз бұзар)
4. Жақсы сөз -…(жарым ырыс)
5. Қаһарлы сөз…(қамал бұзар)
. 6. Шебердің қолы ортақ, шешеннің…( тілі ортақ)
7. Жақсы байқап сөйлер, жаман…( шайқап сөйлер)
8. Бас кеспек болса да,… ( тіл кеспек жоқ)
9. Дәлелсіз сөз…(желмен тең)
10. Тіл қылыштан… (өткір)
11. Піл көтермегенді,…(тіл көтереді)
12. Тілден артық…(қазына жоқ)
13. Ана сүті бой өсіреді, Ана тілі…(ой өсіреді)
14. Жыланның уы тісінде, Адамның уы… ( тілінде)
15. Ең ащы да тіл, ең…(тәтті де тіл)
16. Өнер алды – ( қызыл тіл)
17. Айтылған сөз -…( атылған оқ)
18. Жылы — жылы сөйлесең, жылан…(інінен шығады)
19. Басқа пәле -…(тілден)
20. Білім кілті -… (тіл)
21. Тілге құрмет –(елге құрмет)
Жүргізуші: «Жасай бер, қазақ тілі, ана тілім!» атты ашық тәрбие сағатымызды мына бір өлең жолдарымен аяқтағым келеді:
Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылады сыр ойдағы,
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.- деп Әбділдә Тәжібаев ағамыз жырламақшы біздер де әрқашан тілімізді бірінші орынға қойып жүрейік.
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп — көп рахмет.

Антон Семенович Макаренко атындағы шағын орталықты орта мектеп

Тақырыбы: Рухани жаңғырту бағдарламасы аясында

«Жаңа талабы-латын алфавитіне көшу»

Ашық тәрбие сағаты

Сынып жетекші: Баялбекова А.К.

Сыныбы: 11″А»

Тақырыбы: «Мен және менің тілім»

Сынып жетекшісі: Уа

Сыныбы: 9″А»