Бастауышым - бал бұлағым [Основы начального образования]

Автор статьи : Жулдуз С.
Организация : Алматы облысы, Талдықорған қаласы Ш.Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп - гимназия
Должность : Бастауыш сынып мұғалімі
Дата : 26.01.2018
Сценарий тақырыбы: «Бастауышым-бал бұлағым» Сценарий мақсаты: 1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын , бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу. 2. Бастауыш сыныбымен , алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру,әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу. 3.Білім берер ордасы- мектепті , ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлғын арттыру.Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу. Көрнекілігі: «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы. Слайдтар. Қанатты сөздер мен тақырып. Кіріспе сөз: Мұғалім: Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда, Жол табар қараңғыда адасқанда . Мал озбас біле білсең білім озар, Ақыры керек болар бір сасқанда – деп Міржақып ақын айтпақшы , тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған « Қош бол, бастауыш» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер! Қош келіпсіздер , құрметті ата – аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр. Бесіктегі баланың, Күлгенін көрген - бір мұрат. Алдына түсіп ананың. Жүргенін көрген- бір мұрат – дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық! Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді. Би «Вальс» Сакен: Бала шаққа болашақты жырлатып, Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты . Күн нұрындай сәуле құйған көңілге, Армысыздар , ұстаздарым қымбатты! Асыл: Армысыздар әжелер мен аналар Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар. Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп, Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар Ақылбек: Армысыздар өр тұлғалы әкелер! Қыран құстай балапанын мәпелер. Бүгін міне бастауышпен қоштасады, Азамат боп , кешегі сәби- еркелер! Анель:Армысың сен , алтын ұя мектебім Саған айтар жыр- алғысым көп менің Жүректерге жаққан білім шырағын , Мектебіме арналады бұл әнім! Сакен: Дұрыс айтасың Анель ! Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші.Менің атам да, әжем де , әкем де, анам да , енді мен де мектептен тәлім алудамын. Анель : Олай болса Сакен алтын ұя мектебімізге арнап Бота Бисенова апамыздың «Мектебім» әнін шырқайық! Ән: Аяулы мектебім. Слайд: «Мектептегі мерекелер» Ақылбек : Иә мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық Диас : Мектеп деген білім кені , жыр кені, Мектеп деген ғылымның ең үлкені. Мектеп деген тәрбиеші адамға. Мектеп деген даналардың мекені. Аружан: Мектебім- білім берер алтын ұям. Ер жетіп сенде сөзім, артты санам. Баулыған 4жыл бойы ата- анамдай. Әрқашан қасиетті атың маған. Арада өтсе дағы дүркіреп жыл , Әр күні балалықтай бір жүрек бұл. Өзіңе борыштармын өмір бойы Есейген шәкіртіңнің серті деп біл. Мадияр:Армысың сен алтын ұя мектебім, Саған айтар жыр алғысым көп менің. Жүректерге жаққан білім шырағын, Мақтан етем сені мәңгі мектебім. Аруай:Ұлылықты ардақ тұтар үнемі, Алтын ұя, ақ босаға киелі. Қанат қаққан білім алып өзіңнен, Күллі шәкірт саған басын иеді. Дінмұханбет:Мектебім , алтын ұям , нұрың жарық, Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып. Сүйкімді сенің күміс қоңырауың, Тұрады құлағымда сыңғыр қағып. Гүлім: Мектеп – үйім , ұстазым менің – ата- анам, Сеннен өсіп, сеннен ғана нәр алам. Саяң ыстық , сен мәуелі бәйтерек. Тамырланып , сан тарапқа тараған. Елдар: Мектебім- сүйікті мектебім, Бауырыңда түлеймін , көктеймін. Сен – бұлақ, мен- қайың бүр ашқан, Өзіңнен нәр алып көктедім. Диляра: Мектеп – кеме , білім – теңіз, Барар жерге тез жетеміз. Төрт жыл алған білім нәрін , Азық етіп ер жетеміз. Би : «Джентельмен» Асыл: « Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»,-деп Абай атамыз айтқандай , алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып , білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз- ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән -жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің Анель? Анель:Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға , жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған. Ақылбек:Дұрыс айтасың Анель,ғылым иесі ғалым да , ел қорғаған батыр да , тілінен бал тамған ақын да , тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі- бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған. Сәкен: Иә ,бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді»деген екен. Олай болса келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз! Рауан:Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді, Бар асылын бізге жиып , мол береді. Қанатымен су себелеп асыл жан, Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді. Айжүз:Тек үйреттің әділдікті , адалдықты, Жирендік , ажыраттық жамандықты. Жалғастырар ақ жолың сенің салған, Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты. Темірлан: Жарық күннен жылы жүзің елестер, Құлағымда өзің берген кеңестер. Жанарымда алыс тартқан қара жол, Көз жұмсам да көре тұғын белестер. Сания:Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай , Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай? Мейірлене қарап қойып біздерге, Күн астынан сабақ беріп тұрғандай Арлан:Алғашқы ұстаз, ерекше тұлға дара шың, Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын. Сағына әркез суреттерді парақтап. Шәкірттерін жиі еске алатын. Нұрхат:Шәкірттер сіздерді айтып мақтанамыз, Бейнеңіз жүректерде сақталады. Біз әлі биіктерден көрінеміз, Үміт пен сеніміңіз ақталады . Бәрі : Мың алғыс сізге біздей түлектерден, Мың алғысмына отты жүректерден! Ән: Б.Бисенова «Ұстазым» Сакен: Иә осыдан 4 жыл бұрын , біз 6 жастағы сәби -балалар сөмкемізді зорға көтеріп,мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік. Ақылбек: Енді міне сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз. Анель: Иә, міне сағымдай өте шыққан 4жыл ішінде біздің ұстаз анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды. Асыл: Ендеше бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа ! Ұлтуар : Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз. Әр бетін Әліппенің күле ашқанбыз. Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде, Қайталап атымызды сұрасқанбыз. Абдолда: Әр үйдің ерке өскен тентегі едік, Ақылға келе алмадық ерте көніп. Бойымыз бірте- бірте үйренісіп. Мектептің ережесін үйрендік кеп. Зарина: Өмірдегі жолымды бір өзіңнен бастадым, «А»әрпін алғаш сеннен бастадым. Ұстазым естен кетпес мәңгілікке, Мейіріммен жауырынымнан қаққаның. Мейіржан:Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма? Бастауышта айтылмаған сыр бар ма? Бастауыштаалған білім, жырларым, Азық болар , мәңгі талай жылдарға. Аружан:Бастауышым- бал бұлағым , Алдым сеннен балдың дәмін. Әріп танып, білім алып Рахметімді жаудырамын. Жаскен:Өтті сенде қызық шағым, Бастауышым- бал бұлағым. Қоштасар күн жетті міне, Қимастықпен қол бұлғаймын. Анель:Біздер бастауыш сыныпта жоғары сыныптарда өтілетін Әдебиет, тарих, биология, алгебра , физика, химия т б пәндерге негіз болатын ана тілі, математика,дүниетану, орыс тілі,пәндерін зер салып оқып үйрендік. ӘН: «Бастауыш- балбұлағым»  ???????????? Ақылбек: Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата- анамыз. Қатарымыздың теңі болып , тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы. Асыл:Ыстық- ау кім- кімге де әке деген, Суыққа шалындырмай, мәпелеген. Өмірдің соқпағымен өрге тартып, Алдымен адам бол деп жетелеген- дегендей әкенің орны бөлек ау. Рауан:Әкешім тілеуімді тілеп жүрген, Аумайсың жарығы мол ашық күннен. Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін. Ақылды балаларың оны білген. Сакен:Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып,елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсың» деген .Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін! Анель: Иә, дұрыс айтасың Сакен. Біз болашақта саналы да, ақылды бала болып өссек ананың арманы орындалды деген осы емес пе? Диас:Дүниеге әкелген ,ол да сенің анашың, Ақ сүт беріп өсірген , ол да сенің анашың. Тіл алмасаң кешірген , ол да сенің анашың, Мәпелеген баласын,аман болсын анашым! Дінмұхамед:Кеудемнен сезім селі ақтарылсын, Болармын күні ертең- ақ мақтанышың. Білім алып, тер төгем , еңбек етем, Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін! Ән Б. Бисенова « Ақ мамам» Анель: Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де, Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін, Сіздерге арнап айтатын тілегін де- дей отырып сөз кезегін ұстазымызға береміз! Ұстаз тілегі: Мектеп директорының құттықтау сөзі Марапаттау рәсімі