Риманың алар асулары әлі алда

Шәкірт жетістіктері
Риманың алар асулары әлі алда

Мақала авторы: Еңсепова Күнжамила Орынбасарқызы
Жұмыс орны: "№4 орта мектебі"мм
Лауазымы: Биология пәнінің мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 28.10.2016


Байзакова Рима Мұхтарқызы Қазақстан инженерлік- педагогикалық халықтар достығы университетінің түлегі,биология пәнінің маманы.2011 жылдан бастап ,Ақтөбе облысы Шалқар қаласы «№4 орта мектебінде » биология кабинетінің зертханашысы болып жұмыс жасайды.Жас та болса болашаққа үлкен үмітпен қарайтын жас маманның бойына еңбексүйгіштік пен адамгершілік қасиеттер дарып, бойындағы бар күш-жігерін шәкірт тәрбиелеуге жұмсайтын Риманың еңбегі ерекше. Мен Рима Мұхтарқызымен алғашқы күннен бастап бірге жұмыс істегеннен, мен ол туралы өз пәнін сүйетін және жақсы білетін, дарынды, дана, өз шәкірттеріне биологияға деген сүйіспеншілікті дағдыландыруға тырысатын, шығармашыл жас ұстаз деп айта аламын.
Зертханалық жұмыстар кезінде оқушылармен бірге әр түрлі тапсырмаларды қызыға орындап және қорытынды жасай алатынын байқадым, жас маманның маңызды ерекшелігі балалармен байланыса алатына көзім жетті. Рима жас маман ретінде тәжірибесі мол ұстаздардың сабақтарына қатысып, қазіргі заман сабақтарын ұйымдастыру және өткізудің әдістемелігін жақсы түсініп, қабылдайды..Риманың сабақтары халықаралық «Методист» интернет ресурсында «Қанның құрамы», «Kopilkaurokov» интернет ресурсында «Сүйекті балықтар» тақырыбындағы сабағы, республикалық «Әдістеме» журналында «Балықтар класын қорытындылау» , «Коллеги»журналында «Генетика және эволюциялық теория», «Қанның құрамы мен қасиеттері» тақырыбындағы сабақтары жарық көрді. www.bilimnur.org Халықаралық Интернет ресурсында жарияланған Ұстаздардың «Таңдаулы сабақтар жинағы» электронды оқулыққа енді. Халықаралық Интернет ресурс www.bilimnur.org редакторы Т.Ж.Аймурзиннің пікірімен жазылған әдістемелік құралы шығарылды. Елбасымыздың «Салауатты өмір салтын қалыптастыру»бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында өткізілген аудандық білім беру қызметкерлерінің спартакиадасында волейбол спорт түрінен ІІ орын, «Жеңіл атлетикалық кросс»спорт түрінен 2400 м қашықтыққа жүгіруден ІІ орын, облыстық білім беру қызметкерлері арасындағы Спартакиадасында волейбол спорт түрінен ІІІ орын алып,Рима тағы бір қырынан көрінді.Мектепішілік «Үздік зерткер -2015» байқауында ақпараттық оқыту технологиясын көрсетіп, ІІІ орынды жеңіп алды. Рима Мұқтарқызы республикалық «Қазақстан ұстаздары»қоғамымен ұйымдастырылған республикалық қашықтық олимпиадасына қатысып,жүлделі І орынды,Халықаралық «videouroki» конкурсында «Алғыс хат», «Новый урок»блиц турнирінде оқушы дайындағаны үшін «Алғыс хат», «Инфоурок»олимпиадасында оқушы дайындағаны үшін «Алғыс хат» аудандық Ұлы Жеңістің 70 жылдығы,Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың 90 жылдығы қарсаңында өткен байқауда эстрада жанрында өнер көрсеткені үшін Бас жүлдемен оралды.Оқушылары да аудандық,республикалық,халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары.Жастар арасында волонтерлық(еріктілер)қозғалысын ұйымдастыру жұмыстарын үйлестіру және жүйелеу»-«ЖАС -асар»жобасында өткізілген семинарда сертификат,облыстық оқыту семинарында сертификат, «химия-биология сабақтарында таңдау курстарын,үйірме жұмыстарын жүргізудің әдістері» тақырыбындағы облыстық семинарларға қатысты. Аудандық жастар ресурстық орталық басшысының «Болашақ бүгіннен басталады» атты жастар демалыс лагерін ұйымдастыруда белсенділік танытқаны үшін Алғыс хатымен марапатталса,Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау кезеңінде «Нұр Отан»партиясының іс-шараларына қатысып,Алғыс хатқа ие болды.Біз Римадан болашақта білімді маман шығатына сенімдіміз. Заман талабына сай компьютерді терең меңгерген, спортты жанындай сүйетін әрі бойында әншілік қабілет дарыған Риманың алар асулары алда деп білемін.

Конкурстар мен олимпиадалар - https://talimger.kz

Республикалық қашықтық олимпиадалар — http://clever.zti.kz

Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар — https://ukz.kz

Конкурстар, конференциялар және олимпиадалар — https://tarim.kz

Халықаралық семинарлар, олимпиадалар мен конкурстар — https://mriks.ru

Халықаралық педагогтар ассоциациясы - https://iae.su

Конкурстар мен олимпиадалар - https://kzu.kz