«Р» дыбысының артикуляциясы

Әдістемелік қоржын
«Р» дыбысының артикуляциясы

Мақала авторы: Әбдіқожа Нарқыз
Жұмыс орны: Жамбыл облысы, Шу ауданы, Төле би ауылы, Мұқағали Мақатаев атындағы тірек мектебі
Лауазымы: Логопед
Порталға жариялану мерзімі: 23.03.2016


Сабақтың тақырыбы: «Р» дыбысының артикуляциясы

Сабақтың мақсаты: «Р» дыбысын жеке,буында,сөзде,сөз тіркесінде,сөйлемде анық айтуға машықтандыру.
Түзетушілік мақсаты: «Р» дыбысын басқа буын,,сөз,сөйлем ішінде дұрыс ажырата      білуге үйрету.Оқушының фонематикалық қабылдауын,ойын    тапсырмалар арқылы ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: Топпен жұмыс
Көрнекілігі: «Р» дыбысының артикуляциясы,артикуляциялық жаттығулар,түрлі   суреттер,тапсырмалар,әріптердің кесіндісі,айна,түрлі-түсті қағаздар т.б.

Сабақтың барысы:       Психологиялық кезең: «Шаттық шеңберін құру».
-Армысың досым
Кел маған қосыл
Алақанға салып алақан
Шеңберге бірге тұрайық
Қолымызды көтеріп
Күннің нұрын алайық
Ортамызда күн нұры
Құшаққа оны алайық.
Мұғалім:-Ал,қандай жылы лебіздеріңді білдіресіңдер?
1-оқушы:-Аяздай мықты бол!
2-оқушы:-Қардай аппақ бол!
3-оқушы:-Судай таза бол!
4-оқушы:-мұздай мөлдір бол!
1. Жаңа сабақ.
а) Райхан да өлең аттады,
Раушан да өлең жаттады,
Қай әріптен басталады
Екеуінің аттары «Р»-деп бүгінгі өтілетін сабақтың тақырыбын хабарлаймын. «Р» дыбысы.
ә) Құрамында «Р» дыбысы бар сөздерді атаңдар.Мысалы:робот,радио,қоңырау,раушан,роза,арша т.б.
б) Берілген сөздерге байланысты сөйлем құраңдар.мысалы: Мен робот құрастырдым.Балалар радиодан ертегі тыңдады.Қоңырауда музыка ойнады т.б.
2. «Р» дыбысының артикуляциясымен таныстыру.
Алдымен «Р» дыбысының артикуляциясына назар аударамыз:
— ерін аздап дөңгеленіп тұрады;
— жоғарғы,төменгі тістер алшақ келеді;
— тілдің ұшы қатты таңдайға  көтеріледі;
— тіл мен таңдай арасында ауа толқыны еркін өтеді;
— тілдің шет жақтары азу тістерге жабысып тұрады;
— жұмсақ таңдай көтеріңкі жұтқыншақтың артқы қабырғасына жабысып,ауаның мұрын
қуысына өту жағын жауып тұрады;
— дауыс шымылдықтары қатайып,бір-біріне жақындап,діріл арқылы дыбыс шығады;
— ауа ағысы дем шығару сәтте ауыз қуысына толып,қатайып тұрған тіл ұшын қозғалтып дірілдетеді;

3.дыбысты қоюға арналған әдістермен жұмыс:
1.Балаға «Р» дыбысының артикуляциялық кескінін көрсету арқылы;
2. «Р» дыбысын қайталап айтқызу арқылы;
3. «Р» дыбысын айтқызу кезінде тілді жоғары көтеріп ұстап тұру арқылы;
4. «Р» дыбысына байланысты сөздерді буындап айтқызу арқылы;
ра-ра-ра-ара                               ор-ор-ор-тор
ро-ро-ро-рома                            ру-ру-ру-қару
ар-ар-ар-қар                               ур-ур-ур-ура
5. «Р» дыбысына байланысты балалардан өлең жолдарын сұрау арқылы;
ІІІ.Артикуляциялық жаттығулар жасату.
«Кімнің тісі таза?», «Дәмді тосап», «Кесе», «Сағат тілі» т.б.
IV.Сергіту сәті.
Ал балалар тұрайық,
Алақанды соғайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып
Бір тынығып алайық.
V.Үйге тапсырма. «Р» дыбысынан басталатын сөздерді жұмыс дәптеріне жазып келу.
VІ.Қорытынды:
1) Сұрақ-жауап арқылы сабақты қорытындылау.
а) Сөйлемді оқу.Сөйлемдегі қай сөзде «Р» дыбысы кездеседі?
«Менің ағам жоғары сыныпта оқиды»..Жауабы: «Жоғары».
ә) Жоғары деген сөзде «Р» дыбысы қай буында? Жо-ға-ры.Жауабы: Үшінші буында.
2) Жұмбақ арқылы сабақты қорытындылау.

Қорапқа қамалып
Айтары жаңалық. (Радио)

Гүлге қонады
Шырынын сорады. (ара)

Қарда бар,
Мұзда жоқ.
Жарда бар,
Құзда жоқ. «Р»

Конкурстар мен олимпиадалар - https://talimger.kz

Республикалық қашықтық олимпиадалар — http://clever.zti.kz

Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар — https://ukz.kz

Конкурстар, конференциялар және олимпиадалар — https://tarim.kz

Халықаралық семинарлар, олимпиадалар мен конкурстар — https://mriks.ru

Халықаралық педагогтар ассоциациясы - https://iae.su

Конкурстар мен олимпиадалар - https://kzu.kz