Құрметтей білейік

Өзін-өзі тану
Құрметтей білейік

Мақала авторы: Джолова Маръзия Айгалыевна
Жұмыс орны: "№ 3 жалпы білім беру орта мектебі" КММ - сі
Лауазымы: "Өзін - өзі тану " пәні мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 23.01.2018


«Өзiн – өзi тану» сабағының жоспары

Бекітемін: ____________ Мерзімі______________
Мектеп: № 3 Сынып: 4 Г Ғ Д Е
Тақырып: «Құрметтей білейік»
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: Сүйіспеншілік, мейірім, достық.
Мұғалiм: Джолова М.А

Сабақ мақсаты:
Оқушылардың «құрмет», «сыйластық» құндылықтары түсініктерін кеңейту
Міндеттері :
Білімділігі:құрмет,сыйластық әдептерінің адами қарым-қатынастағы маңыздылығын түсіндіру;
Дамытышылығы: ізетті қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
Тәрбиелігі: үлкендерді құрметтеуге,мәдениеттілікке тәрбиелеу. Көрнекілігі:
— Оқулық
— Дәптер
— Оқу құралдары

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
— Оқушылармен сәлемдесу
— Оқушыларды түгендеу
Сабақ қызықты, тиімді өтуі үшін бес ережені сақтаны
1.Тәртіп
2.Талап
3.Тыныштық
4.Тазалық
5.Татулық Сабақ барысын талқылау:
Тыныштық сәті
Алтын балық.
Жаздың жайма – шуақ керемет бір күні,мен судың жағасында дем алып отырмын.Күн қапырық болып, ысып кетті. Суға секіріп түсіп, рахаттана шомылдым. Не деген керемет!Өзімді судағы балықтай еркін, жайлы сезіндім.Су астына сүңгіп тереңдей бердім. О, ғажап! Мына сұлулықты қалайша көрмегенмін. Су асты патшалығына кез болдым. Айналам сондай әсем, сұлу дүниеге толы. Өте әдемі өсімдіктер, ағаштар, көздің жауын алатын лағыл тастар, інжу маржандар. Балықтың небір әдемі түрлерін көрдім. Осынау сұлулыққа тоймай қарап тұрған кезімде, балықтардың арасынан басына тәж киген, жан-жағына жарық шашып келе жатқан «алтын балықты» байқадым.Қызығып кетіп, оны ұстап алдым. Мына кереметті қара, дәл ертегідегідей сөйлеп қоя берді: «Әй, жас өркен, мені жібер, айтқанымды істесең, үш тілегіңді орындаймын». Мен ойланып, толғанып, алтын балықты жөніне жібердім. Ішімнен үш тілегімді ойлап, су бетіне жүзе жөнелдім».
Қане, бәрімізкөзімізді ашамыз. Ішімізден ойлаған тілектерімізді болашағымызға ала кетейік. Тілеген тілектеріңіздің толық орындалуын шын жүректен тілеймін!
Үй тапсырмасын тексеру.
Құрмет ұғымының мәні түсіндірілуінің мақсатында әңгімелеу ұйымдастыру. «Үш пайғамбар»кітабынан Төле би туралы аңызды оқу.

1. Данагүл адамдарға қандай құрмет көрсетті?
2. Өздерің құрметтейтін адамдардың қандай қасиеттерін үлгі тұтасындар?
Дәйексөз
Жасы кіші адам өзінен үлкендерге,ал бала ата – анасына құрметпен қарап,әрқашан сыйлаулы – қазақ халқының ежелгі дәстүрлерінің бірі болып саналады.Сен үлкейгенде сені кіші сыйлайды,саған ізет көрсетеді,ата – ана болғаныңда балаңның сені күтіп-баптауы,оның алдындағы парызы саналады.
Жаңа сабақ
Әңгiмелесу
Осы шеңбер аясында А.Ақыпбековтың «Өзіңді тану»өлеңін бірлесе қайталайық.
Өзіңді тану.
Жақсы болу- өзіңнен, «Мен қандаймын?» деп ойла.
Жаман болу-өзіңнен. Өзіңді өзің қолыңа ал,
Өзіңді өзің ая да, Өзіңсің-ақыл айнасы.
Өзің үйрен,өзіңнен. Тиеді саған мәні бар
Жақсылық көрсең біреуден, «Өзіңді тану»пайдасы.

Шығармашылық жұмыс.
Сахналау
Балалардың өзгелерге ізет көрсету іскерліктерін дамыту мақсатында сахналау ұйымдастыру.
Балалар 4 топқа бөлінеді.Берілген тапсырма бойынша өздері жағдаяттар ойлап,сахналап көрсетеді. Жұмыстарын қорғайды. Өз пікірлерін дәлелдейді.
1. Туыстар арасындағы сыйластық.
2. Қыз бен ұлдың сыйластығы.
3. Өзіңнен үлкендкрге деген құрмет.
4. Келген қонаққа деген құрмет.
«Құрмет көрсету дегенді қалай түсінесіңдер?Шағын әңгіме құрастырыңдар»деген тапсырма оқушылардың сабақ тақырыбы бойынша алған білім біліктерін толықтыра түсу.

Дәптермен жұмыс.
1 – тапсырма:Оқушылардың құрмет туралы ойлары дәптердегі тапсырманы орындау барысында беки түседі.
2 – тапсырма:Ф.Оңғарсынованың «Танымасын сыйламас» мәтінін оқып,құрметтеу туралы түсініктерін айтып беру.

Үй тапсырмасы.
«Жақсылық пен жамандық» ертегісін оқу.
Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.
Сонымен бүгінгі сабақта айналадағы адамдарды құрметтеу ұғымы туралы түсініктерімізді кеңейттік. Ата салтын ардақтап,үлкенді құрметтеп,халықты сыйлай білу – инабаттылықтың, адамгершіліктің белгісі. «Халықтың қартын сыйлауы – елінің салтын сыйлауы» дегенді ұмытпай жасы үлкендерді құрметтеп,салтымызды ардақтай білейік!

Конкурстар мен олимпиадалар - https://talimger.kz

Республикалық қашықтық олимпиадалар — http://clever.zti.kz

Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар — https://ukz.kz

Конкурстар, конференциялар және олимпиадалар — https://tarim.kz

Халықаралық семинарлар, олимпиадалар мен конкурстар — https://mriks.ru

Халықаралық педагогтар ассоциациясы - https://iae.su

Конкурстар мен олимпиадалар - https://kzu.kz