Конкурстар мен олимпиадалар - https://talimger.kz

Республикалық қашықтық олимпиадалар — http://clever.zti.kz

Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар — https://ukz.kz

Конкурстар, конференциялар және олимпиадалар — https://tarim.kz

Халықаралық семинарлар, олимпиадалар мен конкурстар — https://mriks.ru

Халықаралық педагогтар ассоциациясы - https://iae.su

Конкурстар мен олимпиадалар - https://kzu.kz

Қазақстан Республикасындағы экологиялық дағдарыс және оны шешу жолдары

Экология
Қазақстан Республикасындағы экологиялық дағдарыс және оны шешу жолдары

Мақала авторы: Жаханова Жанар Абусейтқызы
Жұмыс орны: Ш. Есенов атындағы Каспий Мемлекеттік технологиялар және инжиниринг Университеті
Лауазымы: аға оқытушы
Порталға жариялану мерзімі: 20.12.2020


Адамның өзін қоршаған табиғи ортамен қатынастары жүйесіндегі мәселелер экологиялық мәселелер деп аталады. Адамзат пен қоршаған табиғи ортаның өзара байланысы өмірдің барлық салаларын қамтитын көпқырлы әрі жан-жақты қарым-қатынастардан тұратындықтан, адамзатты шикізаттармен, минералдық қормен, азық-түлікпен, энергетикамен қамтамасыз ету, адамдардың денсаулығын сақтау, генетика және биотехнологияларды дамыту, Әлемдік мұхитты қорғау, ғарышты және беймәлім табиғи апаттарды зерттеу, климат мәселелері жаһандық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері болып табылады.

 Адам әрекеті тек жер бетіндегі суды ғана емес ауаны да ластап келеді. Күн сайын өнеркәсіп орындары ауаға орасан зор улы газ және оларға қоса өте майда бөлшектерден тұратын қоспаларды шығарып жатады. Олар ауамен бірге адам мен жер бетіне, кейде оларды жел алғашқы шыққан орнына мыңдаған километр жерге айдап апарады. Міне, сондықтан да газ немесе қатты зат түрінде бөлініп шығатын заттардың ауаны қорғау адам денсаулығы үшін де, тіршілік үшін де үлкен мән алады. Осы уақытта ауаға улы қосындыларды жібермеу адамзат баласының алдында тұрған үлкен мәселе. Ауаны әр түрлі жолмен былғануы атмосферада бірте – бірте түпкілікті мутагенді өзгерістер тудыратыны анықталып отыр. Мысалы, қалалардың үстін, 2000 – 2500 м биіктік көлемінде газдар мен ұсақ бөлшектерден тұратын қарақошқыл түтін басып тұрады. Осындай көрініс біздің қалаларға тән құбылыс. Осындай құбылыстардын қала ішіне күн сәулесінің ультра күлгін сәулесі жетпейді. Сондықтан қала ішінде неше түрлі жұқпалы ауру тарайтын микробтар көбейіп кетеді. Ауаның жер бетіндегі қабатын автомобиль және өнеркәсіп газдары мен түтіннен тұратын қалың тұман басады. Күн сәулесі жиналған газдарды ыдыратып улы қоспалар түзеді. Ол кезде адамдардың көзі ауырады, өкпесін улы газ толтырады, үздіксіз жөтеліп,  тынысы тарылады. Бұл орасан үлкен күйзеліске ұшыратады, жүздеген, мыңдаған адамдардың өмірін алып кетеді. Ұлттық қорғаныс жөніндегі Швед ғылыми-зерттеу институтының мәліметтері бойынша Семей облысының аумағына орналасқан полигонда 1949 жы. тамызынан бастап 1963 жылдың желтоқсанына дейін 124 атмосфералық және жер үсті ядролық жарылыстары өткізілген, ал жердің астында 1989 жылдыың 19 қазанына дейін 343 жарылыс жасалған. Семей атом полигонінде болған оқиға былай сипатталады. Атом бомбасын жару үшін жергілікті халықты көшіріп, сынақ өткенше бір жеті халықты басқа жерде ұстаған. Ал ауылда үлкенді – кішілі 54 адам қалған, олар атом бомбасы жарылған жаққа қарап қара түтіннің ішінен қызылды – жасылды оттарды көріп тамашалаған. Сол адамдардан күні бүгінге дейін біреуі де қалмай барлығы өліп қалған. [1]

Қоршаған ортаның ластану проблемасы Қазақстан экономикасын дамыту жолындағы елеулі кедергілердің бірі болып отыр. Бұрынғы жоспарлы экономика салдарынан қоршаған орты айтарлықтай деградацияға ұшырады. Табиғи ресурстарды дұрыс бағаламау, табиғатты пайдалануда ескірген технологияларды қолдану, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардығ орындалуын қатаң бақыламау, т.б. жайттар Қазақстан жер-суының, ауа бассейнінің ары қарай ластануына себеп болды. Аса үлкен мөлшердегі радиоактивті қалдықтар, Орта Азия елдеріндегі суармалы жерлерді жедел дамытудың нәтижесінде Арал теңізі тартылып, жерінің тұзды-сорға айналуы қазіргі уақытта Қазақстанда аса ірі экологиялық проблемаларға айналды.

Республика тұщы су қорымен жеткілікті қамтамасыз етілмеген; бір тұрғыда жылына орташа есеппен 240 куб м. тұщы судан келсе, оның өзі тиімді пайдаланылмай отыр. Су сапасының төмендігі ел экономикасын сумен қамтамасыз ету мәселесін одан сайын қиындатады. Қалдық суларды жер бетінің табиғи шұқырларына жіберу, әсіресе елдің оңтүстік аудандарында, жерасты суларының ластануына әкеліп соғуда. Қазақстан қалалары тұрмыстық қалдық  суларды тазалайтын құрылғылармен толық қамтамасыз етілмеген. Оның ішінде, тұрғындары шамамен 1 млн-ға жететін жеті қалада қалдық суды өңдейтін қондырғылар орнатылмаған. Сондай-ақ Тараз, Лениногорск, Зыряновск және т.б. сияқты ірі қалаларды осы күйде.

Қалдық суларды өңдейтін жүйелері жоқ көптеген кәсіпорындарынан шыққан қалдық сулар тікелей қала канализациясына барып қосылады. Тұрмыстық қалдық су өңдейтін жүйелер өндірістік қалдық суларды тазалай алмайды, сондықтан судың үстіңгі қабатының құрамында ауыр металдар көбейе түседі.

Бұрынғы КСПР Мемгидрометкомның мәліметтеріне қарағанда, 90-шы жылдардың басында Қазақстан мен Орта Азия аймағында атмосфераның ластануы Ресей мен Украинаның Еуропалық бөлігіне қарағанда айтарлықтай төмен болған. 1993 ж. атмосфераға шығарылған зиянды заттардың көлемі 1,3 млн. тонна,ал автомобильдерден шығатын газдарды қоса алғанда – 6 млн. тоннаға жақындаған. Ауаны ластаушы негізгі нысандардың қатарына жылу электр станциялары мен металлургия кәсіпорындарын жатқызуға болады. ЖЭС-те қолданылатын көмір күкірті аз болғанымен, күлділігі жоғары (45-55%) болып келеді. Қазақстанның металлургия заводтары шойын мен болатты балқытудың ескірген технологиясымен жұмыс жасайды, нәтижесінде қалдықтардың орасан зор массасы пайда болады да көптеген зиянды заттар атмосфераға таралады. Металлургия өнеркәсіптері бар қалалардағы ( Теміртау, Қарағанды, Өскемен, Шымкент, Жезқазған және Балқаш) атмосфераның ластану деңгейі концентрацияның ең жоғары нормаларынан әлдеқайда асып кеткен. Бұл қалаларда өнеркәсіп кәсіпорындары табиғатты ластайтын қарапайым қалдықтардан өзге, сыртқа аса көп мөлшерде уытты заттар шығарады.

Ауаның автомобильдер арқылы ластануы негізінен, үлкен қалаларды, әсіресе Алматы қаласында көп байқалады. Сондай-ақ Қарағанды, Павлодар, Шымкент қалаларының ауасы да айтардықтай ластанған. Автомбиль арқылы ластанудың негізгі себебі негізінен нашар жанатын төмен октанды отынды пайдалануда болады.

Қазақстанда радиоактивті қалдықтарды инвентаризациялау аяқталды. Барлау-бақылау жұмыстарының барысында олардың 100-ге тарта қалдық орындары анықталды. Республикалық «Экология» ғылыми-техникалық бағдарламасы бойынша зерттеу жүргізген геологтар экспедициясы белсенділігі 13 млн. кюри болатын 8 млн. тонна және жалпы белсенділігі 235 млн. кюри 225 млн. тонна құрамында раддионуклидтер бар қалдықтарды анықтады. Адам мен қоршаған орта үшін қауіпті бұл заттардың жалпы салмағы 419 млн. тоннаға жетеді. Сондай-ақ радиоактивті техногенді ластану ауданы 35 кв.км.-ден асады.

Ең көп қалдықтар Семей полигонындағы, сондай-ақ республиканың батыс және оңтүстік облыстарындағы жер үсті және жер асты ядролық сынақ жарылыстарынан кейін пайда болды.

Қазақстанда бірқатар мамандандырылған кен басқармалары жұмыс жасайды, олардың үлесінде бұрынғы КСРО кезінде алынған 40%-дан аса уран бар. Кен орындарын өңдеу радиактивті қалдықтардың пайда болуы, технологиялық байыту процесіндегі шикізатты жоғалту, металлургиялық қайта өңдеу және тасымалдыу арқылы жүзеге асты. Нәтижесінде деңгейі жоғары радиоактивті ошақтар пайда болды. [2]  

Мұндай қолайсыз жағдай сирек кездесетін және түсті металдар кенр орындарында орын алған. Батыс Қазақстанның мұнай кен орындарындағы су қабаттарының радиоактивтігі де қалыпты деңгейден жүздеген есе жоғары.

«Қырғи-қабақ» соғыс аяқталғаннан кейінгі кең ауқымды әскери-саяси өзгерістер ядролық арсеналдар пролемасын үлкен жауапкершілікпен орынды шеші қажеттілігін көрсетті. Қазақстан дипломатиясының алдында әлемдігін ядролық саясаттың ерекшелігін үйрену, ядролық қарусызданудың әртүрлі мәселелері бойынша өз ұстанымын анықтау мәселелері пайда болды.

Тәуелсіздікті алған бірінші күннен бастап Президент Н.Назарбаев Қазақстанды ядролық қарудан тазарту жөніндегі бағытты ұстанды. Қазақстан, Ресей, Украина басшылары 1991 ж. 21 желтоқсандағы Алматы декларациясындағы стартегиялық ядролық қарулар жөнінде бұрынғы КСРО-ның ядролық арсеналы бойынша ядролық қауіпсіздіктің тиісті деңгейін сақтап, огда қандай да бір келеңсіздіктерді болдырмаудың қазіргі уақыттағы бақылау механизмін айқындады және КСРО-ның стратегиялық шабуыл қаруларын қысқарту жөніндегі халықаралық міндеттемелерін қуаттайтындығын білдіреді.

1992 ж. 23 мамырында Лиссабонда Қазақстан, Белорусия, Украина, Ресей және АҚШ өкілдері бесжақты Хаттамаға қол қойды. Ол төрт республика аумағында орналасқан стратегиялық ядролық қаруларға жататын шабуыл қаруларын қысқарту туралы Келісімнің ережелерін жүзеге асыріудағы әрқайсысының жауапкершілік деңгейін айқындайды. Сондай-ақ Лиссабон Хаттамасында Белорусияны, Украинаныың, қазақстанның ядролық қарулары жоқ елдер ретінде Ядролық қаруды таратпау туралы Шартқа қосылу міндеттемесі айтылған. Семей полигонында жарылыстар 50-жылдардың басынан бастап өткізіліп келеді және осы уақыт аралығында радиоактивті  сәуледен 500 мыңнан аса адам зардап шекті. Біздің еліміз ядролық сынақ жасауға тыйым салған алғашқы ел болды. [3]

1995 жылдың 30  мамырында Семей полигонындағы ең соңғы ядролық сынақ заряды жойылды.

Осылайша, Қазақстан ядролық қарудан бас  тарту туралы тарихи шешім қабылдады, бұл шешім біздің мемлекетімізді қазіргі заманғы өркениеттің табиғи және ажырамас бөлігі ретінде қалыптасуының аса маңызды алғы шарты болып қалды.

Қазіргі қоғамдық дамудың әлеуметтік-экономикалық шеңберінде экология маңызды да өзекті мәселеге айналды – халықаралық және аймақтық қатынас-тарда экологиялық проблемалар тұрақтылық пен қауіпсіздіктің негізгі факторы болып табылады. Мамандардың пікірінше, жаңа мыңжылдыққа қадам басқан адамзат жаһандық экологиялық апатқа қарай жылжып барады. Мұндай  қорытынды ең жоғары деңгейде алғаш 1972 жылы Стокгольмде өткен Қоршаған орта жөніндегі бірінші дүниежүзілік конференцияда және 1992 жылғы маусым айында Рио-де-Жанейрода өткен Экваториалдық Африка және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің конференциясында жасалды. БҰҰ қоршаған ортаны қорғау және даму мәселелеріне арналған осы конференцияларында бүкіл әлем ғалымдары биосферадағы қалыптасқан экожүйелік тепе-теңдіктің бұзылуына байланысты жаһандық экологиялық апат қаупі төніп тұрғандығын бірауыздан мәлімдеп, «халық пен қоршаған орта арасындағы қатынастар мәселесі бойынша халықаралық келісімге келу эволюциясы дәуірлік мәнге ие» [1] деп атап өтті.

БҰҰ қоршаған ортаны қорғау мәселелеріндегі рөлін айрықша атап өткен жөн. Қазіргі кезеңде жүзеге асырылып отырған орнықты даму стратегиясы туындауының алғышарттарын жасаған бұл келелі ұйым 1949 жылы Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бірінші ғылыми-техникалық конференцияны, ал 1955 жылы – Екінші конференцияны өткізуге мұрындық болған. 1962 жылы БҰҰ БА «Экономикалық даму және қоршаған ортаны қорғау» атты арнайы резолюцияны қабылдады. 113 мемлекеттің өкілдері қатысқан 1972 жылғы Стокгольм конференциясы шеңберінде БҰҰ қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бағдарламасы әзірленіп, бекітілді және оны МАГАТЭ, ӘДҰ т. с. с. сияқты табиғатты қорғау жөніндегі ұйымдармен бірлесе орындаушы арнайы ұйым – ЮНЕП – құрылды.

 Сонымен, жоғарыда айтылған мәселелердің барлығын қорыта келгенде, әлемдік деңгейдегі ауқымды проблемалардың барлығын, оның ішінде ең бастысы Жерде бейбітшілік пен тыныштықыт сақтау ісін аса кең көлемдегі ынтымақтастық арқылы, жер бетіндегі адамзаттың бірлескен күш-жігері арқылы ғана шешуге, жеңуге болатындығына көз жетеді. Қоршаған ортаны ластау, бүлдіру салдарынан пайда болатын экологиялық проблемалар үшін «мемлекеттік шекара» деген жоқ, сондықтан оның бір ғана елдіңпроблемасы болып қалуы да мүмкін емес.

Әдебиеттер:

  1. Н.Ә. Назарбаев «Бейбітшілік кіндігі». – Астана «Елорда», 2001
  2. https://kaz.nur.kz/
  3. https://old.qazaqtv.com/