БҰҰ шешімімен «XXI ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталады, оның негізгі белгісі – қоғамның жаңа кезеңге енуі. Білім саласындағы жаңа технологиялар бір сөзбен ақпараттық – коммуникациялық технологиялар делінеді. Олар: ЭЕМ жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделген. Технология – іс – әрекеттің өзіне тән нақтылы алынған әдістер, құралдар, тәсілдер жиынтығын пайдалану арқылы белгілі бір нәтижеге жету . Жаңа технологияларды сабақтарда қолдану қандай нәтиже береді, соны қарастырып, көрелік. Біріншіден, технологиялардың түрлі әдістерін пайдалану сабақтың нақты мәнін ашады. Екіншіден, оқушылардың барлығы сабаққа қатысады және олардың деңгейін анықтай аласың, бағалауға да мүмкіндік аласың. Үшіншіден, оқушылар өздігінен жұмыс істеуге үйренеді. Төртіншіден оқушылардың қабілеттілігі, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады. Бесіншіден, жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылық шыңдауға, кәсіби сенімін қалыптастырады. Пәнді игерудің басты шарты – мұғалімнің өз сабағына деген қызығушылықты туғыза білуден басталады. Ал жаңа технология – мұғалімнің мүмкіндігін қуаттандыратын құрал. Осыған байланысты әр мұғалім – жаңа технологияларды қолдануы тиіс.
Менің де алдымда қазақ тілі мен мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу пәндері сабақтарының тиімділігін жаңа технологиялар арқылы арттыру міндеті тұрды. Мемлекеттік тілге оқыту сабақтарында оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолданған өте қолайлы деп ойлаймын. Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарау, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға, саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету.
СТО бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзілетіндігі бізге мәлім. Қызығушылықты ояту – бұл үйрену процесі. Осы кезеңге қызмет ететін «Топтау», «Түртіп алу», «Ой қозғау» стратегиялары қолданылады. Қазақ тілі болсын, мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу сабақтары болсын ұйымдастыру кезеңінен кейін «Ой қозғау» стратегиясын қолдану тиімді. Оқушыларға тапсырма беріледі, 1 минөттің ішінде қолдарын қаламдарынан үзбей берілген жазу нені білдіретіндігіне түсінік беру. Оқушылар әрқайсысы жаңа тақырып бойынша сөздер тізбегін құра бастайды. Екінші кезең қасында отырған көршісімен тілдесу, ойларын толықтыру. Содан соң топпен жұмыс жасалынып, сарапшылар өз жұмыстарын қорғайды. Осы кезеңде тақырып болсын ,сабақтың мақсаты болсын оқушылар өздері ашады. Мағынаны ажырату – бұл түсіне білу, яғни жаңа ақпаратпен танысу. Бұл кезеңде INSERT, ДЖИГСО, түсініктеме күнделігі қолданылып жүр. Бұл әдістер жаңа тақырыптың мазмұнын ашқан кезде қажет. Оқушылар кең ауқымды тақырыптар өткен кезде, әсіресе мәтінмен жұмыс жасаған кезде өте қолайлы. Мәселен, іс қағаздарын жүргізу сабақтарында, көбінесе ұйымдық – өкілеттік құжаттарды өткен кезде алты топқа бөлінетіндігін ДЖИГСО стратегиясымен шығуға болады. Өйткені оқушылар бір – бірлеріне қонаққа барып, құжат түрлерімен танысып, жаңа мағлұмат алып, үй тобына оралады. Сонда бір сабақтың ішінде құжаттардың бірден алты тобымен танысады. Ой толғаныс – баға беруге үйрету, басқаға сын көзбен қарау. Дәстүрлі сабақтардан гөрі бүгінгі қоғамға, сабаққа керегі де осылар. Себебі елімізге ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай алатын, шығармашыл азаматтар қажет. СТО бағдарламасына қатысудың нәтижесінде сабақта жеткен нәтижелерім қандай: жаңа құрылым, оқушылар арасында сыйластық қарым – қатынас , бір – бірінің пікірін тыңдау, жеке тұлға ретінде даму, өз ойын ашық айту, бағалау, проблеманы шешу пайда болды.