Қысқы мерзімді жоспар
Тақырыбы: Қатты денелердің қысымы
Сынып: 7 «ә»
Күні:
Сабақтың міндеттері: қатты денелердің қысымының түсінігін бекіту, физика мен математика пәндерінің пәнаралық байланысын көрсету.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: практика жүзінде физикалық және математикалық түсініктерді: қысым, тығыздық, масса, аудан, күш, көлем тақырыптарын қайталау, бекіту және тексеру.
Дамытушылық: есептерді шешу дағдыларын қалыптастыру, физикалық процестерді түсіндіру үшін алған білімдерін қолдану, логикалық және математикалық ойлау қабілеттерін арттыру, ең басты мәселелерді көрсете білу, жалпылау
Тәрбиелік: физика және математика пәндеріне деген қызығушылықтарын ояту, еңбекқорлыққа, бастаған істерін аяғына дейін жеткізуге, топпен және жұппен жұмыс жасай білуге үйрету.
Сабақтың типі: білімді жүйелендіру және жалпылау сабағы.
Сабақтың түрі: викторина сабағы
Жұмыс жасау түрі: жұптық, жеке жұмыс
Құрал – жабдықтар: мультимедиялық жүйе (интерактивті тақта, компьютер), қосымша тапсырмалары бар үлестірме қағаздар (тест, есептер, сөзжұмбақ), сиқырлы қорапша.
Пән аралық байланыс: математика (математикалық есептеулер және қайта құру), ағылшын тілі.
Сабақтың барысы:
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі. (1 мин)
ІІ.Мұғалімнің кіріспе сөзі (сөзжұмбақ), пәндік лексика және терминология (Іргетас қалау).
ІІІ. Сәйкестендіру кестесі (Қабырға тұрғызу)
ІҮ. Адасқан әріптер, практикалық бөлім (Төбе жабу)
Ү. Сергіту сәті
ҮІ. Тест жұмысы (терезе, есік орналастыру)
ҮІІ. Сиқырлы қорапша (үйдің кілтін алу).
ҮІІІ. Үй тапсырмасы
ІХ. Сабақты қорытындылау.
Х. Рефлексия.
- Мұғалімнің кіріспе сөзі. (6 мин.)
Оқушылар! Бүгінгі біздің сабағымыз викторина және үйді құрастыру түрінде өтпекші, яғни негізгі мақсаты бойынша соңғы сабақтарда өткен барлық тақырыптарды қайталау.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын білу үшін сіздерге сөзжұмбақ беріледі. Сөзжұмбақтың дайын жауаптарымен тақтаға шығып көрсетеді. Сөзжұмбақты аяғына дейін шешкенде, үйдің іргетасын қалайсыңдар.
Сөзжұмбақ сұрақтары:
- Дене кез келген тең уақыт аралықтарында ұзындығы бірдей жол жүрсе, ондай қозғалыс не деп аталады.
- Бір өлшем уақытта жүргізілген жолды не деп атайды.
- Күштің әрекеті тоқтағаннан кейін, дене өзінің бастапқы мен өлшемін өзгертетін болса, мұндай деформация түрі қалай аталады?
- Қандай физикалық шама әріпімен белгіленеді?
- Дөңгелектердің айналуы жағдайында пайда болатын үйкеліс түрі?
б | і | р | Қ | а | л | ы | п | т | ы | |
ж | Ы | л | д | а | м | д | ы | қ | ||
п | л | а | С | т | и | к | а | л | ы | қ |
т | ы | ғ | Ы | з | д | ы | қ | |||
д | о | М | а | л | а | у |
Мұғалім: Сонымен, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қысым». Қалай ойлайсыңдар, бүгін біз не туралы сөйлесеміз?
Оқушылар: қысым туралы, біздің өміріміздегі қолданылуы және кездесуі.
Пәндік лексика және терминология:
Қазақша | Орысша | Ағылшынша |
Көлем | Объем | Volume |
Масса | Масса | Mass |
Зат | Вещество | Matter, Substance |
Дене | Тело | Body |
Қысым | Давление | Pressure |
Тығыздық | Плотность | Density |
Аудан | Объем | Area |
Жол | Путь | Way |
- Өткен материалды қайталау. (2 мин.)
- Сәйкестендіру кестесі.
Әр оқушыға тапсырмамен үлестірмелі қағаз беріледі. Кестеде берілген физикалық шамалармен олардың өлшем бірліктерін және белгіленуілерін сәйкестендіру қажет.
Үлестірме қағаздар:
Физикалық шамалар атаулары | Белгіленулері | Өлшем бірліктері |
Тығыздық | V | Н |
Қысым | S | Па |
Аудан | p | кг |
Масса | F | |
Күш | ||
Көлем | m | кг/м3 |
- 4. . Білімді тексеру. (15 мин.)
- Адасқан әріптер.
«Қысым» тақырыбына қатысты әріптерден тұратын терминдер (тақтаға) ілінеді, терминдерді дұрыс құраған оқушы әр терминге анықтама беруі қажет.
ы қ с м ы (қысым)
ү к ш (күш)
а т ф е м о с р а (атмосфера)
к а п а с л ь (паскаль)
ы т ш ы н қ ы т (тыныштық)
- Практикалық бөлімі.
Әр оқушыға үлестірме қағаз беріледі. Тапсырмалар әр түрлі деңгейлі. Есептің тек біреуін ғана шешу керек (таңдау бойынша).
І деңгей
- 200 см2ауданға 50 Н күш әрекет етеді. Қысымды анықтаңдар.
- Керосиннің 0,6 м тереңдіктегі қысымын анықтаңдар.
ІІ деңгей
- Массасы 600кг доңғалақты тегістегіш тіреуіштің ауданы 2000см2. Ол топыраққа қандай қысым түсіреді?
- Массасы 10т трактордың екі шынжыр табанының ауданы 2м2. Бұл трактордың топыраққа түсіретін қысымын табыңыздар.
ІІІ деңгей
- Қар үстінде тұрған шаңғышының салмағы 780Н. Оның әр шаңғысының ұзындығы 1,95 м, ал ені 6см. Шаңғышының қар бетіне түсіретін қысымын анықтаңдар.
- Судың тығыздығы 1000 кг/м3, көлдегі судың тереңдігінің қысымы 41 кПа, судың тереңдігін анықта?
- Сергіту сәті. (ЭКСПО, инерция құбылысы). (3 мин.) ЭКСПО көрмесіне 7 сынып оқушылары барып қайтқан деп елестетеміз. Сондағы жолда болған жағдайды көрсетеді. Автобуста жолаушылар келе жатады, жүргізуші тежегішті басқанда қандай құбылысты байқайсыңдар? Ал, солға бұрылғанда ше? оңға бұрылғанда ше? Қандай құбылыс екенін түсіндіріп, анықтама берулеру керек.
КӨРМЕ ТУРАЛЫ
2017 жылғы 10 маусымда «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрме өз есігін айқара ашады. Павильондар дайындауға 100 ел мен 10-нан астам халықаралық ұйым қатысты.
ЭКСПО-2017 негізгі тақырыбы – «Болашақ энергиясы». Ол халықаралық қоғамдастықтың планетаға күн өткен сайын әсер етіп отырған энергия тұтыну проблемасына алаңдаушылығын білдіреді. Көрменің басты мақсаты – жауаптылыққа шақыру, пікірталастар тудыру және адамдардың табиғат үшін келетін зиянды барынша азайтып энергия тұтынуды жоспарлап бақылау білуге үйрету білімін қалыптастыру.
Көрмеге 2 миллион турист келіп, келушілердің жалпы саны шамамен 5 миллионды құрады. Келушілердің жалпы санынан 85%-ын қазақстандықтар, ал 15%-ын шетел мемлекеттерінің азаматтары құрады, олардың көпшілігі ТМД елдері мен Қытайдан келді. Туристердің едәуір саны Еуропа, Түркия мен АҚШ-тан келді.
Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрме өз жұмысын 2017 жылғы 10 маусымда басталып және 10 қыркүйекте аяқталды. «Астана ЭКСПО-2017» көрме кешенінің жалпы алаңы 174 гектарды құрайды, бұл жерде 5 нысан салу жоспарланып отыр.
- Теориялық (4 мин)
Әр оқушыға 5 сұрақтан тұратын тест тапсырмалары беріледі. Берілген қағазға аты – жөндеріңізді жазуды ұмытпаңыздар.
1-нұсқа
1.Қысымның өлшем бірлігі:
А. кг Б. Па В. Н Г. км/с
2.Қысымды қандай әріппен белгілейді:
А. t Б. F В. g Г. p
- Физикалық дененің ауданы 0,6 м2 болатын тіректің қысымы 1600 Па. Күшті табыңдар.
А. 960 Н Б. 10 Н В. 3000Н Г. 0,00002 Н
- Қандай күрекпен жерді қазу ыңғайлы: жалпақ немесе сүйір
А. жалпақ Б. сүйір В. Айырмашылығы жоқ
- Тәжірибеде қысымның үлкен бірліктері пайдаланылады: атап жазыңыз.
2-нұсқа
- Қысымды қандай әріппен белгілейді:
А. t Б. F В. g Г. p
- Қысымның өлшем бірлігі:
А. кг Б. Па В. Н Г. км/с
- Тірекке көрсетіп тұрған қысымы 1600Па, ауданы 0,3м2 физикалық дененің күшін анықтаңдар
А. 1920 Н Б. 480 Н В. 600Н Г. 0,00004 Н
- Қандай күрекпен жерді қазу ыңғайлы: жалпақ немесе сүйір
А. жалпақ Б. сүйір В. Айырмашылығы жоқ
5.Тәжірибеде қысымның үлкен бірліктері пайдаланылады: атап жазыңыз.
Жауаптары:
І нұсқа. Б,Г,А,Б,кПа,гПа,МПа.
ІІ нұсқа. Г,Б,Б,Б,кПа, гПа, МПа.
- Сиқырлы қорапша. (3 мин)
Қорапшаның ішінде формулалар жасырылған, көп нүктенің орнына физикалық шамаларды дұрыс қою. ( үйдің кілтін алу).
- Үй тапсырмасы. (1 мин.)
22-25 тақырыптарды қайталау. «Менің өмірімдегі қысым» тақырыбына шағын шығарма (ертегі, фантастика) түрінде жазып келу. Жазған шығармаларыңды А4 параққа түсіру.
- 9. Сабақты қорытындылау. (1 мин.)
Сабақ басындағы қойылған мақсатқа жеттік пе? Қалыптастырушы бағалау.
- 10. Рефлексия. (2 мин.)
Жасыл ел бағдарламасы бойынша осы ашық сабақта қандай қызықты тапсырма болды, сол тапсырманы стикерге жазып, ағашқа гүлдер арқылы көгелдендіру. Алған үйдің ауласын безендіру.