Ұстаздарға және оқушыларға арналған порталдар тізімі

  1. "Clever Quizzes" пән олимпиадалары - http://w.zti.kz/4a623c
  2. "Clever Library" ата-аналар мен педагогтарға арналған кітапхана - http://w.zti.kz/crviy
  3. Лингвистикалық олимпиадалар - https://wonder.zti.kz
  4. Бастауыш білім беру негіздері бойынша 3 тілдік олимпиадалар - https://kokon.kz
  5. Итальяндық дойбы бойынша киберолимпиадасы - https://doiby.zti.kz
  6. Интеллектуалды шахмат киберолимпиадасы - https://chess.zti.kz
  7. Жарыстар, конференциялар, олимпиадалар - https://kzu.kz
  8. Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар мен курстар - https://ukz.kz
  9. Зияткерлік сайыстар, конференциялар мен олимпиадалар – https://tarim.kz
  10. Мұғалімдерге арналған әдістемелік журнал - https://adisteme.kz
  11. Республикалық қашықтық олимпиадалары – https://clever.zti.kz
  12. Жарыстар, конференциялар, олимпиадалар - https://talimger.kz
  13. Менің психологиям - http://w.zti.kz/oqvmc

Ескерту: Мақала сапасы туралы ақпараттарды, сертификат, анықтама және журналға тапсырыс беру батырмаларын мақала авторы немесе журнал тілшісі ғана көре алады.

Қашықтықтан оқыту – заман талабы

Қашықтықтан білім беру
Қашықтықтан оқыту – заман талабы

Мақала авторы: Елеуова Акбала Алдонгаровна
Жұмыс орны: Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы «Шетпе гимназиясы» мемлекетік мекемесі
Лауазымы: Бейін жөніндегі орынбасар
Порталға жариялану мерзімі: 24.04.2020
Журнал қорына жариялаған: Акбала Е.

Бүкіл әлемде болып жатқан төтенше жағдайға байланысты, елімізде карантин жарияланып, оқушылар IV тоқсаннан бастап қашықтықтан білім ала бастады. Бұл білім алу жүйесі бұрынғыдан өзгерек. Қасында бірігіп тапсырма орындайтын сыныптасы, сабақ түсіндіретін мұғалімі жоқ. Бар жауапкершілік оқушының өзіне жүктеледі. Бүкіл әлем бойынша 870 миллионнан астам оқушы қашықтан оқу форматында білім алуда. Әрине, қиындықсыз ештеңе болмайды. Бір үйде бірнеше бала бір смартфонға қарап отыруы мүмкін. Бұл тек біздің еліміздегі емес, бүкіл әлемде бар жағдай. Кез-келген нәрсенің шешімі бар. Бұл мәселені шешу жолдарын қарастырып, мектептерде әлеуметтік жағдайына қарай отбасыларға компьютер берілді.

Қазіргі уақытта ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың заманауи талаптарға сай дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін уақытылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер, технологиялар білім беру талаптарына байланысты жаңартылып отырады. Сапалы терең білімді меңгеруге талпынған өскелең ұрпақтың жеткілікті дәрежеде сандық сауаттылығы бар, себебі олар өмір жағдайлары барысында жаңа технологияның барлық мүмкіндіктерін пайдаланады. Сол мүмкіндіктерді нәтижелі қолдану мұғалімнің біліктілігіне, біліміне, тәжірибесіне байланысты. «Шетпе гимназиясы» мемлекеттік мекемесінің ұстаздары соңғы технологияларды жақсы меңгерген. Көктемге демалыста дайындықты бастап, оқушыларға арналған 30 бейне сабақ түсіріліп, YouTube каналына жүктелді. Мұғалім мен оқушыға тиімді оқыту жолдарын, «Balapan» телеарнасы, mektep.edu.kz, BilimLand, Daryn.online, MicrosoftTEAMS, GoogleClassRoom оқыту платформаларын пайдалануды бір жүйеге келтірді. Соның нәтижесінде мектеп, оқушы, ата-ана бірлікте жұмыс жасап, қиындықтарды артта қалдырды.

«Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда оның мұғалімдігі жойылады» деп Ушинский айтқандай мектебіміздің мұғалімдері қашықтықтан түрлі вебинарларға, онлайн курстарға, онлайн олимпиадаларға қатысу арқылы біліктілік деңгейлерін жетілдіріп отыр.

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет». Сондықтан, еліміздің болашағы үшін мұғалім де, ата-ана да, оқушы да қызмет ету керек.