Python тілінде цифрлармен жұмыс істеу [Информатика]

Автор статьи : Іңкәрбекұлы Т.
Организация : Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Отырар ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Темір» жалпы орта мектебі
Должность : физика-информатика пәнінің мұғалімі
Дата : 22.02.2022
Редакционная коллегия: онлайн нұсқада ғана жариялауға рұқсат етілген

Python - жоғары дәрежелі кодтың оқылуын және әзірлеушінің өнімділігін арттыруға мақсатталған жалпы мақсаттағы бағдарламалау тілі. Python тілі аз синтаксисті талап етеді. Бірақ сол уақытта стандартты кітапханасы үлкен көлемді пайдалы функцияларды қамтиды. Python — жоғары дәрежедегі бағдарламаллау тілі. Python тілі қазіргі кезде ең көп таралған бағдарламаллау тілі болып саналады. Бұл тілде жасалған ең атақты бағдарлама ол бәріміз білетін Instagram əлеуметтік желісі.

Алғашында Python тілі Ameoba операциялық жүйесімен әрекет етуге қабілетті ABC бағдарламаллау тілінің ұрпағы ретінде алынған. Кеиінірек Python дамып,ең басты және маңызды бағдарламаллау тіліне айналды.Ең алғаш жаңарту Python 2.0 жаңа нұсқасы жарық көрді. Біл жаңа нұсқада көптеген функциялар мен жаңа алгоритмдер түрін көрсетті. Жаңартудан кейін Python тілінің қолданушылары арта түседі. Алайда бұл тілдің жаңарту бұнымен біткен жоқ. 2008 жылдың 3 желтоқсанында Python 3.0 жарық көреді. Оның да бірнеше версиялары шыққан. 1991 жылы Нидерландылық программист Гвидо ван Россум ойлап тапты. Бұл программалау тілі веб сайттар жасауда да қолданылады.

Санның цифрларымен жұмыс істеуге арналған тапсырмалар және программалары

1.Санның жүздігін, ондығын және бірлігін анықтау. Санның цифрларын бөліп алу үшін төмендегідей алгоритм бойынша жұмыс жасау ұсынылады:

Кейбір есептерді шешуде сіздерге бастауыш сыныптардан бері таныс санды разрядқа жіктеу әдісін пайдаланған жөн. Мысалы: N =274 санын алсақ...

 1-әдіс:

274 // 100 =2
274 % 100= 74
74//10=7
74%10=4

1-ші әдістің бағдарламасы:

n=int(input())
A=n // 100
B=n % 100
C=B//10        
D=B%10
print(A, '- жүздік ', B, ' - ондық ' , D, ' - бірлік ')


2-әдіс

274 // 100 =2 
(274 %100)//10=7    
(274%100)%10=4    

2-ші әдістің бағдарламасы:

n=int(input())
A=n // 100
B=(n % 100)//10
C=(n%100)%10      
print(A, '- жүздік ', B, ' - ондық ' , C, ' бірлік ')


  1. Санның цифрларының қосындысын анықтау. Төрт таңбалы N саны берілген және цифрларының қосындысын есептеу керек. Мысалы: N=3452 болсын...
N=int(input())
A=N//1000              
B=N%1000     
C=B//100
D=B%100
E=D//10
F=D%10
print(A+C+E+F) 


Санның цифрларының көбейтіндісін анықтау дәл жоғарыдағы тәсілмен анықталады. Төрт таңбалы N саны берілген және цифрларының көбейтіндісін есептеу керек. Мысалы: N=1234 болсын...

N=int(input())
A=N//1000              
B=N%1000     
C=B//100
D=B%100
E=D//10
F=D%10
print(A*C*Е*F)
 

жауабы: 24

Санның цифрларының квадраттарының көбейтіндісін анықтау. Төрт таңбалы N саны берілген және цифрларының көбейтіндісін есептеу керек. Мысалы: N=1221 болсын...

N=int(input())
A=N//1000              
B=N%1000     
C=B//100
D=B%100
E=D//10
F=D%10
print(A**2+C**2+Е**2+F**2)

жауабы: 10

Төрт таңбалы N саны берілген. Санның бастапқы екі цифрының қосындысын, соңғы екі цифрының көбейтіндісін анықтау. Мысалы: N=3452 болсын...

N=int(input())
A=N//1000              
B=N%1000     
C=B//100
D=B%100
E=D//10
F=D%10
print(A+C)
print(E*F) 

жауабы: 7

Пайдаланған әдебиеттер мен интернет ресурстары

  1. Информатика 6 сынып.- Арман -ПВ, 2020ж. - 80 бет. Г.И.Салғараева. Г.А.Көпеева, Ә.Ә.Қаптағаева, А.Ғ.Юсупова.
  2. Информатика 7 сынып. - Алматы кітап. -2017ж -124-152 беттер. Р.А.Қадырқұлов, А.Д.Рысқұлбекова.
  3. Информатика 7 сынып Opiq.kz электронды оқулығы
  4. Информатика 8 сынып. - Алматы кітап.-2018ж. -92-176 беттер аралығынан тапсырмалар алынды.
  5. https://kk.wikipedia.org/wiki/Python_%D1%81%D1%96%D0%BB%D1%82%D0%B5%D0%BC%D0%B5%D1%81%D1%96