Прозвенел последний звонок этого учебного года. Ура каникулы! В летнее время дети должны отдыхать, правильно питаться и обязательно вдоволь насытить организмы летними витаминами. Если дети желают играть в компьютерные игры, то пускай наиграюся сейчас. Единственное нужно контролировать контент детских игр. А то мы знаем, какие нынче игры? Специально в помощь родителям мы подобрали список дистанционных летних кружков. Если ребенку нравится точные науки, тогда рекомендуем приобрести абонементы по итальяснким шашкам (doiby.zti.kz) или международным шахматам (chess.zti.kz). Если ребенка тянет к языкам, то запишите на лингвистические олимпиады "Wonder Words" (wonder.zti.kz). ...

Приглашаем всех желающих принять участие в лингвистической олимпиаде "Wonder Words" по казахскому языку на портале https://wonder.zti.kz ...

Приглашаем всех желающих принять участие в лингвистической олимпиаде "Wonder Words" по русскому языку на портале https://wonder.zti.kz ...

Баланың ғаламтордағы уақытын ақылмен қолданыңыздар! Шахмат кибер олимпиадасы баланың ой өрісін дамытып, ақылын жетілдіреді. Нақты ғылымдарды игеруге ықпал жасайды.
Онлайн шахмат клубына жазылыңыздар: https://chess.zti.kz
...

Мы являемся разработчиком систем дистанционного образования и на базе своих авторских порталов постоянно организовываем предметные олимпиады и другие образовательные мероприятия. На протяжении многих лет мы оказываем рекламные услуги организациям образования высшего и средне-специального звена (далее - рекламодатель) путем размещения рекламных баннеров, с приглашениями на образовательные мероприятия наших рекламадателей в выходных документах выдаваемых по итогам дистанционных олимпиад. Каждый участник получив диплом или сертификат от наших порталов приобретает скидку на обучение в курсах или приглашение на участие в мероприятиях наших рекламодателей. Договора на предоставление рекламных услуг заключаются только напрямую с рекламодателем без участия третьих лиц, или представительских организаций. Подробнее: https://zti.kz/ads/ ...

Как получить журнал за 2 дня? Данная возможность уже функционирует с начала 2022 года на портале www.kzu.kz. Но, многие об этом не знают. И мы решили, расскрыть этот секрет... Если у вас есть готовая статья, то вы можете ее публиковать на сайте www.adisteme.kz. Это бесплатно. Также вы можете принять участие в конференции. В этом случае ваш доклад будет в автоматическом режиме опубликована в специальном номере журнала для конференционных докладов. У журнала будет свой ISSN. В этом случае у вас будет возможность получить электронный вариант журнала в течений двух дней. Вот и все. Одним выстрелом примете участие в конференции и получите журнал, что не сомненно будет учитываться в период прохождения аттестации. ...

По результатам анализа радиационно-гигиенической обстановки на территории Республики Казахстан значительный вклад в дозу облучения населения вносит медицинское облучение за счет диагностических рентгенорадиологических исследований. Об этом расскажет автор Системы учета доз радиационного облучения доктор Тлеубаева Асел Бакытбековна в одноименной статье. Подробнее: https://adisteme.kz/sudro.html ...

Сколько нужно слов чтобы знать Английский?
- ответ знают учёные из Оксфордского университета. Составляя учебные материалы для студентов, они подсчитали главные слова для каждого уровня.
• 250 слов необходимый старт для новичков.
• 600 достаточно чтобы говорить на базовые темы в повседневной жизни.
• 1200 повысить твой уровень до уверенного среднего.

Мы создали систему быстрого запоминания «Wonder Words» в её основе метод интервальных повторений, доказанный учёными. Приложение предлагает все слова, которые максимально расширят твой словарный запас. https://wonder.zti.kz
...

Ескерту: Мақала сапасы туралы ақпараттарды, сертификат, анықтама және журналға тапсырыс беру батырмаларын мақала авторы немесе журнал тілшісі ғана көре алады.

Өзін-өзі тану пәнімен интеграцияланған Биология сабағының жоспары

Өзін-өзі тану
Өзін-өзі тану пәнімен интеграцияланған Биология сабағының жоспары

Мақала авторы: Имангалиева Гульнар Аккубашевна
Жұмыс орны: БҚО Ақжайық ауданы Абай атындағы мектеп-гимназия
Лауазымы: "Өзін-өзі тану" пәнінің мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 09.03.2017
Журнал қорына жариялаған: Имангалиева Гульнар Аккубашевна


Мектептегі ұстаз – оқушының шамшырағын жағар

тұлға болып табылады. Сондықтан да оқушыларға

 сапалы білім ғана емес, рухани, ізгі тәрбие беруіміз қажет.

Ш.А. Амонашвили

 

«Өзін-өзі тану» пәнімен интеграцияланған Биология сабағының жоспары

Тақырыбы: Сүйек типтері және олардың байланысуы.

Құндылық:  Дұрыс әрекет.

Қасиеттер: сүйіспеншілікпен  және тәртіппен қызмет ету, азаматтық жауапкершілік.

Сабақтың мақсаты: Сүйек типтері, олардың бір-бірімен байланысу ерекшеліктерін дұрыс әрекет жалпыадамзаттық құндылықтары арқылы меңгерту.

Күтілетін нәтиже:

А) Сүйек типтерін атайды.

В) Сүйек типтері және олардың байланысуын біледі.

С) Сүйек типтері олардың бір-бірімен байланысу ерекшеліктерін мысал келтіре отырып дәлелдейді

Сабақтың міндеттері:

  1. Адамның қозғалыс жасап өмір сүруі үшін мықты және түзу өскен сүйектеріне әр бала азаматтық жауапкершілікпен қарау керектігін ұғындыру.
  2. Бала сымбатты болу үшін сүйектердің бір-бірімен байланысуын нығайтып шынықтыруда тәртіппен қызмет етуге баулу.
  3. Адамның қозғалуына, жүгіруіне, еңбек етуіне мүмкіндік беретін сүйектердің иілгіштік, беріктік қасиеттеріне сүйіспеншілікпен қарай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы.

Сыртқы интеграция: (Өзін-өзі тану сабағының әдістемелік тәсілдерін қолдану)

Тұсау кесер. «Өзін-өзі тану» пәнінің 5-Т әдісімен ұйымдастыру кезеңі басталды.

5-Т: Тәртіп; Талап; Тыныштық; Татулық; Тазалық.

Сұрақ қою әдісі бойынша алдымен түрткі сұрақтар қойылады:

1.Сүйек ұлпасы қандай құрылым құрайды?

  1. Сүйек қандай қаттардан тұрады?
  2. Сүйекке беріктілік және иілгіштік қасиет беретін қандай заттар?

Ішкі интеграция:(жалпыадамзаттық құндылықтарды сабақ мазмұнына интеграциялау).Үй тапсырмасын сұрағанда – Сүйектердің иілгіштік және беріктік қасиеттерін «Иілгенге иіл, құлы болмайсың» мақалын адамның бір-біріне кішіпейілдік танытып, сүйіспеншілікпен қарым-қатынас жасау дұрыс әрекетке жетелейтіні, адамның бір біріне қайырымдылығы,сүйіспеншілік сыйластығы айтылады. Сонымен қатар сүйекке беріктілік және иілгіштік қасиеттерін ішкі интеграция адамның бойындағы қасиеттермен байланыстыру.

Мыс: «Айтқан сөз атылған оқпен тең». Адамның азаматтық жауапкершілік қасиеті өзінің берген уәдесіне берік болу.

«Иілгенге иіл, құлы болмассың»Адамның бір біріне қамқорлығы, сүйіспеншілік сыйластығы.

Негізгі бөлім. «Алтын балықтың аквариумы» жаңаны меңгеру.

  • Адамда қандай сүйек типтері болады? Оларға сипаттама бер.
  • Сүйектердің байланысуы қалай болады?
  • Қоғалмайтын, жартылай қозғалмалы, қозғалмалы байланыс жасайтын сүйектерді ата.

Сабақтың дәйексөзі: «Иесін сыйлағанның итіне сүйек сал!»

Оқушыларға дәйек сөз айтылады да оқушылардың мағынасын ашу сұралады.

Бірлігі жарасқан, бір бірін сыйлай білетін отбасы, ру, елмен дос бол деген мағынада.

Дәйексөздің мағынасын дұрыс әрекет құндылығының қасиеттері арқылы ашу. Дұрыс әрекет құндылығының қасиеттері адам бойынан ашылса, өмір бойы адамның өзімен бірге болады.Ол қасиеттер адамның шыдамды, қайратты болуына көмектеседі.

Топтық жұмыс (Сыртқы интеграция) – екі топтың тапсырма орындауы. Шығармашылық жұмыста тәртіппен қызмет ету.

Жаңаны меңгеруге уақыт белгіленеді, жұптарымен талқылайды. Талқылап болған соң балықшылар жаңа меңгерген тақырып бойынша сұрақтармен балықтарды қоректендіреді. Кейін алтын балықтар өз сұрақтарын балықшыларға қояды, яғни балықшылар алтын балықтың қалауларын орындайды. Сабақ толығымен мақсатына жету үшін сұрақ қою техникасы бойынша жетеленіп отырады.

Үй тапсырмасы: Үйге тапсырма §25 деңгейлік сұрақтарға жауап беру. Сонымен қатар мына нақыл сөздердің мағынасын ашу.

«Таяқ сүйектен өтер, сөз сүйектен өтер»

«Тіл сүйексіз болса да, сүйектен өтеді»

Сабақтың қорытынды сәті: (Сыртқы интеграция) Сабақтың соңғы тыныштық сәті. Оқушылар тыныштық сәтінде өз орындықтарында  дене сымбатының бұзылуын алдын алу мақсатында орындықта дұрыс отыру тәртібі бойынша арқаларын отырғыш белдемесіне тигізіп тік отырыс жасап, көздерін 1 минутқа жұмып өз тұлғаларын ең сымбаты тұлға екенін көз алдарына елестетіп отырады.

Қорытынды: (Ішкі интеграция) Бүгінгі биология сабағында адам сүйегінің қасиеттері оның сүйіспеншілікпен және тәртіппен қызмет етуіне, азаматтық жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беретіні дұрыс әрекет жасауға апаратыны дәлелденді. Сондықтан адамның тән байлығы мен жан байлығы тығыз байланысты.

БҚО Ақжайық ауданы

Абай ат.мектеп-гимназия

Мұғалімдер:АбишевМ.М –биология пәні,

Имангалиева Г.А – «Өзін-өзі тану» пәні