Уақыты:23.09.2016ж | Ашық сабақ
|
Мұғалім: Чабаева Мадина
Елеусінқызы |
Сынып:7 |
Тақырып: | “Өз үйім-берік қамалым” | ||
Жалпы мақсат: | Үлкенді құрметтеп,сыйлауға.Ата дәстүрімізді сақтауға.Өз аталарының ісін үлкенге өнеге,кішіге үлгі ете білуге тәрбиелеу. |
||
Сілтеме: | Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
Қазақ тілінің оқыту әдістемесі 7-сыныпқа арналған қазақ тілі оқулығы Үлестірме материалдары |
||
Күтілетін нәтиже: | Әр оқушының өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып,
оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасау.
|
||
Сабақта қолданылатын материалдар: | Интерактивті тақтамен жұмыс, стикерлер | ||
Қолданылатын әдіс: | Сұрақ жауап,пікірлесу,шығармашылық тапсырмалар. |
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |||
Оқушылар «Шаттық шеңберін» құру, (жақсы тілектер айту). | Түрлі-түсті қағаздар арқылы топқа бөліну. | ||||
Қызығушылықты ояту | “Мен атамның жалғасымын” тақырыбында оқушылардың ойларын тыңдау. | Талдау, жинақтау. | |||
Жаңа тақырып | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |||
Ой қозғау.
|
Ата-ананы сыйлау – адамгершіліктің ең басты қағидасы. Сол ата-ана балаға бар өмірін арнайды. Ата-ананың адам өміріндегі орны ерекше. Халықта «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаңда оның жақсылығын қайтара алмайсың» – деген сөз бар. Бұл ата-ана еңбегінің өлшеусіз екенін көрсетеді. Ата-ана тіпті қартайып, аяқ-қолынан әл кеткен кезде де оған «ищай» деуге балаларының қақысы жоқ. Имандылық қағидалары бойынша әкесі мен шешесінің ризашылығын алмаған балаға жәннәттың есігі жабық дейді. Ата-анамен қарым-қатынаста баланың оларға «Сіз» деп сөйлегені жарасымды. «Сен» деп тұрған бала ертеңгі күні оны менсінбей, жаман жат қылықтар көрсетуі мүмкін. Екіншіден, ата-ананың айтқанын бала екі еткізбей орындағаны, тыңдағаны абзал. Үшіншіден, мейлі ата-ана қандай болса да, бала ата-анасын жамандамауы, оларды мүмкіндігінше мақтан тұтуы керек. Адам ата-анасына артық-ауыс айқан сөздері болса, оған кешіріммен қарай білгені, жүректерін ауыртпай, үнемі көтермелеп жүргені жөн.
Ертеде бір үлкейген қарт қатты сырқаттанып жатса, жалғыз ұлы келіп:- Әке, мен сені айшылық жерде аты шыққан тәуіпке апарып емдетемін, – депті. Сөйтіп әкесін арқасына салып, жолға шығыпты. Олар ұзақ жүріпті, қас қарайған кезде алдыдан қарауытқан сұлбаны көрсетіп әкесі: – «балам анау не?» деп сұрапты. – «ол – түйе» – деп жауап беріпті. Сәлден кейін әкесі әлгі қарайған нәрсенің не екенін тағы сұрапты. Бала әуелгі жауабын қайталапты. Әкесі осы сауалын үшінші рет қайталап сұрағанда баласы: – «Ол – түйе, түйе!» Өзім шаршап келе жатқанда, неге сұрай бересің? – деп ренжіпті. Сонда әкесі: – «Балам, кішкене кезіңде мен ауыртірліктен шаршап келіп отырсам да, сенің «Анау не, мынау не?» деп күніне жүз рет сұрайтын сұрағыңа беті қайтпасын, жігері жасымасын деп үнемі жауап беретінмін. Бұл аурудан емделейін деген ойым жоқ еді, тек бетіңді қайтармайын деп көнгенмін, енді сенен сөз естігенше, үйіме барып, ажалға мойын ұсынғаным артық, мені жерге түсір» депті. |
Оқушылар зер салып тыңдайды.
Оқушылардан осы көріністен қандай ой түйгендері сұралады. |
|||
|
Көрініс | ||||
Қанеки, балалар, маған мынадай сұрақтарға жауап беріңіздерші. – Бір шаңырақ астындағы адамдарды кім дейміз? – Отбасында кімдер тұрады? – Отбасында саған ең жақын адамдар кімдер? |
Сұрақтарға жауап береді. | ||||
Шығармашылық жұмыс
|
1.Берілген сөздерге көптік жалғауларын жалғап, көпше түрін жасандар.
2.Төмендегі сөздердің аудармасын табу (қазақша, орысша, ағылшынша)
Үй, айна, терезе, тақта, бөлме, қалам, есік, кітап, гүл, ойыншық.
|
Оқушылар сұрақтарға жауап береді
Білу, түсіну, қолдану. Әр топтан оқушылар шығып, шығып қорғайды |
|||
3.Оқулықтағы мәтін бойынша шылауларды табу. | |||||
Сергіту | Ән «Ана туралы жыр» | Оқушылар сергіп, демалады. | |||
Топтастыру |
|
Оқушылар тақтаға шығып, жазады. | |||
Қорытындылау | Отбасында бәрі бірін – бірі жақсы көреді және қамқор болады. Отбасы бір үйде, бір шаңырақ астында өмір сүреді.
– Осымен сабағымызды аяқтаймыз. – Отбасымыз аман, деніміз сау болсын! |
Талдау, жинақтау, қорыту.
|
|||
Үйге тапсырмасын беру | “Өз үйім-берік қамалым” тақырыбында шағын эссе жазу. | Үй тапсырмасын білу, түртіп алу | |||
Бағалау | Формативті бағалау | Топтардың бірін-бірі бағалауы | |||
Рефлексия | Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру | «Екі жұлдыз, бір тілек » |