Өз мамандығының шебері [Педагогика]

Автор статьи : Алмагуль А.
Организация : ЖОББ Семиглавый Мар мектебі
Должность : мұғалім
Дата : 08.10.2017
Редакционная коллегия: онлайн нұсқада ғана жариялауға рұқсат етілген

Есенияз ағай қазіргі заман талабына сай саралап-деңгейлеп оқыту технологиясын, сыни тұрғыдан ойлау стратегияларын қолданады. Танымдық, ақпараттық құзіреттілікті қалыптастыруға негізделген саяхат, конференция, сайыс сабақ түрлерін өткізіп, қазақ тілі, әдебиет пәндеріне арналып шығарылған электрондық оқулықтарды сабақтарда пайдаланады. Оқыту үрдісінде дәстүрлі емес топтық, жұптық, жеке оқыту түрлерін қолдану арқылы білімділік мақсатына жетіп жүр. 2016 жылы аудандық семинарда «Ереуіл атқа ер салмай» атты білік пен шеберлікті дамыту сабағы әріптестері арасында жоғары бағаға ие болды. Есенияз Гилманович– бір орында тұрып қалмайтын, жаны жаңалықты сүйетін, өз білгенін үлкен-кішімен бөлісуге әзір тұратын жаңашыл маман. Орал педагогикалық институтының түлегі, жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, еңбек өтілі 25 жыл болған ол - Қ.Аманжоловтың 100 жылдық мерейтойына арналған қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арасында өткізілген облыстық «Мәнерлеп оқу» байқауының ІІІ дәрежелі жеңімпазы. 2014 жылы әдебиет пәнінен «Біржан сал Абай ауылында» сабағы республикалық «Қазақ тілі мен әдебиеті» әдістемелік журналына жарияланды. 2014 жылы «ҰБТ-ға дайындаудағы ұтымды тәсілдер» баяндамасы “оn-line” режимінде ғылыми-тәжірибелік конференциясында кітапша түрінде республика  көлемінде таратылды. 2015 жылы авторлық бағдарламасы “Сөзжұмбақтар жинағы” (әдебиет, 5,6,7,8-сыныптар) кітапша түрінде таратылды. «Педкеңес» облыстық журналына «Елім барда» сабағы шықты (№1/2017 ж.) 2016 жылы аудандық «Абайды оқы таңырқа...» байқауында І орын иеленді, аудандық пән мұғалімдерінің олимпиадасында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 2-орын және аудандық «Үздік қосымша білім беру педагогі» байқауында  3-орын иеленді. 2017 жылы облыстық «Балдәурен» облыстық балалар шығармашылығына шәкірт дайындағаны үшін «Алғыс хатпен» марапатталды. Сонымен бірге республикалық дарынды оқушылар порталы ұйымдастырған шығармашылық байқауларға шәкірттерін дайындағаны үшін «Алғыс хатпен» марапатталды. «Қазұстаз» порталынан «Сапалы сабақтар» үшін сертификаты және грамотасын алды. Қазақстандық қашықтық олимпиадасының облыстық «Үздік нәтиже» сертификатының иегері. Базаров Есенияз 2014-2015 оқу жылы ұлттық бірыңғай тестілеудің өту күндері облыстық апелляция комиссиясының құрамына енді, 2010 жылдан жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіндегі қазылар алқасының құрамында, аудандық шығармашылық топтың мүшесі.       Есенияз Гилманович тіл мәселесі жөніндегі қиындықтарды жеңе отырып, оқушылардың тілдік қорын байыту, ана тілін сүюге тәрбиелеу, мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін арттыру барысында оқу-тәрбие жұмысында қомақты істер істеуде. Сабақ барысында оқушының өзіндік ерекшеліктерін ескеріп отырады. Сабақтан тыс оқушыларды рухани жағынан дамыту бағытында «Жайықтан алған шабытты» (ақын А.Бақтыгерееваның 70 жасқа толуына орай өткізілген әдеби сағат, 2014 ж.) іс-шарасы өтті. Есенияз Гилманович – еңбекқор ұстаз. Шәкірттері додаларда жүлделі орындармен, жақсы жетістіктермен көрінуде. 2014 жылы республикалық ғылыми жобалар конкурстары облыстық кезеңінің жүлдегері, «Әдебиет» бағыты бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен 6-сынып оқушысы Давыдов И., 2015, 2016 ж.ж. әлемдік көркем әдебиет тарихынан «Алтын жабағы» халықаралық ойын-конкурсы жеңімпазы дипломымен Бекетаева М. марапатталды, қазақ тілі бойынша республикалық қашықтық олимпиадасының жеңімпазы, республика бойынша І дәрежелі диплом иегерлері Тоқсанова А., Бактыгереев Т., Сабырғалиев Ж., ІІ, ІІІ дәрежелі диплом иегері    Бекетаева М. ұстаз мерейін үстеді. «ҰБТ-ға дайындал» кешенді тестілеуде 11-сынып оқушылары Нашанова Ф. І орын (2016 ж.), Идельбаева Н. ІІІ орын (2016 ж.) ҚИО-дан жеңімпаз атанды. Шәкірті Иманғалиева С. 2017 жылы «Балдәурен» балалар шығармашылығы фестивалінің аудандық кезеңінде «Сөз сөйлеу мәнері» аталымы бойынша 1-орын алып, облыстық кезеңде осы аталым бойынша «Жас ұрпақты өнерге қанат қақтырар балалық бал шығармашылығындағы ізденімпаздығы» мақтау қағазымен марапатталды. 2016-2017 оқу жылы «Зерделі» интеллектуалды білім порталының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы дарынды оқушылар арасындағы қашықтықтан өткізілген байқауларға белсене қатысып, Абдрахманова К. «Отанды қорғау – асыл қасиет», «Тарих толқынында» бөлімі ребус құрастырудан , Иманғалиева С. «Ұстаз - мектептің жүрегі» бөлімі өлең шығарудан , осы бөлімде шығарма жазудан Бекетаева М. І дәрежелі дипломдармен  марапатталды. Есенияз Гилманович 2013 пен 2016 жылдар аралығында мектепте қосымша білім беру педагогі қызметін ыждағаттылықпен атқарып, оның ұйымдастыруымен мектеп оқушылары республикалық, халықаралық олимпиада, байқаулардың, туризм, спорт тағы басқа түрлі жарыстардың жеңімпаздары атанды. Республикалық «Отбасылық Тәрбиелеу Институты» ЖШС «Педагогикалық коучинг» көшпелі семинар-сабағына қатысып, сертификат алды. Облыстық «Білім беру жүйесіндегі сатылай кешенді оқыту технологиясының әдіснамалық негізі» тақырыбындағы семинарда оқып, сертификат иемденді. «Абайтану» курсын бітіріп, 9-11-сыныптарға дәріс беріп жүр. ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында ІІІ (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсынан өтуде. Есенияз Гилмановичтің оқушылары мемлекеттік білім грантымен оқиды. Шәкірті Кужумберлиева А. ұстаз жолын қуып, БҚМУ-дің филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті бөліміне мемлекеттік білім грантымен бітірді. Ұстаздың оқушылары ҰБТ-да  жүз пайыз үлгеріммен үздік нәтижелер көрсетті. Соңғы үш оқу жылы бойынша сабақ беретін сыныптарда білім сапасы қазақ тілінен - 81℅ және әдебиет пәнінен - 85℅. Ұстаз ауыл тұрғындарының сайлауымен медиатор болып, қоғамдық жұмыс атқарып жүр. Есенияз Гилманович - оқыту мен тәрбиелеуді қатар жүргізуде ата-аналардың алғысына бөленіп жүрген, өзгеге үйретері мол, кішіпейіл, өз мамандығы бойынша таным-білігі жоғары қарапайым жан.