Отбасы жарастығы

Өзін-өзі тану
Отбасы жарастығы

Мақала авторы: Кайсина Ляйля Кулумхановна
Жұмыс орны: Ақсу қаласы №1 қазақ орат мектебі
Лауазымы: "өзін-өзі тану" пәнінің мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 16.02.2016


Өзiн-өзiтану сабағының жоспары

Мектеп: №1 қазақ орта мектебі
Мерзiм: 20.11
Тақырып: 11 сабақ Отбасы жарастығы.
Құндылық: Дұрыс әрекет.
Қасиеттер: Сыйластық, кішіпейілділік,бірлік, қамқорлық, махаббат.
Мұғалiм: Кайсина Л.К
Сынып: 5.
Оқушылар саны:

Сабақ мақсаты:
Оқушыларға отбасы жарастығының дұрыс әрекет құндылығы екендігін ұғындыру.

Міндеттері: Оқушыларға сыйластық, кішіпейілділік, бірлік, қамқорлық, махаббат қасиеттері туралы түсінік беру;
-Оқушылардың сыйластық, кішіпейілділік, бірлік, қамқорлық, махаббат қасиеттерін дамыту.
— Оқушыларды сыйластық, кішіпейілділік, бірлік, қамқорлық, махаббат қасиеттеріне тәрбиелеу.
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)интербелсенді тақта, музыкалық клип, плакат, түрлі түсті бояу, қылқалам, қарындаш.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.
«Нұрға бөлену»
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз…
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
5 сыныпқа арналған «Өзін-өзін тану» оқулығының 40-41 бетіндегі №11-сабақ, «Отбасы татулығы» аңыз әңгімесі.
Мазмұндау, сұрақтарға жауап беру:

— Патшаның құлағына қандай жаңалық жетті?
— Патша ауыл ақсақалына қандай сауал қойды?
— Барлық жақсы отбасыларда қандай қасиеттер болады деп ойлайсыңдар?

3. Дәйексөз.
«Отбасы – бақыт ордасы» /Мақал/
/Оқушылар оқиды, қайталайды, жаттайды.
Оқушылар ойларын айтады.
Жұмыс дәптерлеріне оқушылар дәйексөзді жатқа жазады./
Мұғалім:
-Мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер?
Ойларыңды дәлелдеп беріңдер.

4. Әңгiмелеу. «Қорқыт» аңызы. Мұғалімнің сыйы.
Ежелден ел аузында келе жатқан, халық жадында сақталған қазақ аңыздарының бірі – «Қорқыт». Қорқыт туралы аңыздың қысқаша мазмұны мынандай:
Ертеде Сыр елінде Қорқыт есімді бір белгілі адам болыпты. Ол анасынан «мес» болып туады. «Месті» көрген жұрт үрейленіп қалады, жұрт туған местен шошып, туған-туысқандары бас тартады.Месті жоюға ұсыныс жасайды. Бірақ анасы, айналадағы жұрттың айтқандарына құлақ аспайды, саспайды. Сабырлықпен, сүйіспеншілікпен: «Менің туғаным — жанды бала» деп «месті» анасы жарып жібергенде, бала жолдасының ішінен жас нәресте шығады. Қорқып тарай бастаған жұрт қайта жиналып: «бұл өзі дүниеге жұртты қорқыта келді ғой» деп атын «Қорқыт» қояды. Бала кезінде жұрт Қорқытты қабылдамайды. Бірақ анасы үшін ең сүйікті жан – бұл туған баласы болып қала береді.
Қойылатын сұрақтар:
1) Неліктен айналадағы жұрт туған местен бас тартып, жоюға ұсыныс береді?
2) Анасының әрекеті қандай болды?
3) Ананың жасаған әрекеті «дұрыс әрекет» деп ойлайсыңдар? Неліктен?

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Оқушылар үш түсті қағаздарды алып / қызыл жасыл, сары/ 3 топқа бөлінеді.
Әр топқа төмендегідей тапсырма беріледі:
1-топ: Берілген жағдаятты сахналап көрсетіп беріңдер:

Анаң жұмыстан кейін азық-түлік дүкеніне соғып, үйге азық-түлік алып, үлкен, әрі ауыр сөмкесімен үйге қарай бет алды.
Сен қандай әрекет жасайсың? Әрекетіңнің дұрыстығын дәлелде.

2-топ:Берілген жағдаятты сахналап көрсетіп беріңдер:

Үйге әкең екеулерің теледидар көріп отыр едіңдер. Бір кезде әкеңнің қызуы көтеріліп, ауырып қалғанын сездің. Бірақ, әкең сенен ешбір әрекет жасауға өтінген емес. Мұндай жағдайда не істер едің? Әрекетіңнің дұрыстығын дәлелде.

3-топ: Берілген жағдаятты сахналап көрсетіп беріңдер:

Бүгін анаңның туған күні. Бірақ, анаң көңілсіз. Өйткені, анаң үй шаруасын тындыруға үлгермей жатыр. Кешке анаңды құттықтауға туған-туысқандарың келгелі жатыр. Сен өз тарапыңнан қандай әрекет жасайсың? Әрекетіңнің дұрыстығын дәлелде.
6.Топпен ән айту.
«Анаға сәлем»

Сөзі: О.Иманәлиев
Әні: Е.Хасанғалиев

1.Мереке күніңмен,
Қарсыалам өзіңді.
Сәбилік сезіммен,
Арнаймын сөзімді.

Қайырмасы:
Көргенше алаңмын,
Аңсаймын, толғанам.
Қабылал, балаңның,
Сәлемін жолдаған.

2. Бөбегің оянса,
Ұйқыңнан мыңтұрдың.
Гүліңмен балауса,
Көктемдей құлпырдың.

Қайырмасы қайталанады

3. Аялап алақан,
Мәпелеп өсірген.
Аяулы жан анам,
Қатемді кешірген.

Қайырмасы қайталанады

7. Үй тапсырмасы.
5 сыныптың «Өзін-өзі тану» оқулығының 45-46 беті.
№13 сабақ. «Сөз және мағына» /авторы М.Жұмабаев/ мәтінін оқып келу.

8.Соңғы тыныштық сәтi.
Баяу әуен қойылады. Еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан алған әсерлерінізді бойларыңызға сіңіріп, жүрегімізге түйіп алайық. Айналамызға нұр шашайық!
Бүгінгі сабақ үшін сіздерге көп рахмет!

Конкурстар мен олимпиадалар - https://talimger.kz

Республикалық қашықтық олимпиадалар — http://clever.zti.kz

Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар — https://ukz.kz

Конкурстар, конференциялар және олимпиадалар — https://tarim.kz

Халықаралық семинарлар, олимпиадалар мен конкурстар — https://mriks.ru

Халықаралық педагогтар ассоциациясы - https://iae.su

Атаулы ертегілер - https://hansunqar.kz