Осы шақ

Бастауыш сынып
Осы шақ

Мақала авторы: Ибраева Алтынгуль Амангельдиевна
Жұмыс орны: №18 М.Сатыбалдиев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп
Лауазымы: Мектеп директорының оқу ісінің орынбасары
Порталға жариялану мерзімі: 02.02.2016


Сабақтың тақырыбы: Осы шақ

 

Білімділік мақсаты:Оқушыларға етістіктің осы шағының негізін меңгерту.

 

Дамытушылық мақсаты:Жаттығу жұмыстары арқылы оқушылардың таным

қабілетін дамыту, қорытынды жасай білуге дағдыландыру.

Өзіндік ой-пікірін қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты:Етістіктің шақтарын ажырата білуге үйрете отырып,сабақ мазмұны арқылы патриоттыққа,адамгершілікке,тапқырлыққа тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі:  Аралас сабақ

 

Әдістері: түсіндіру,сұрақ-жауап,баяндау

 

Көрнекілігі:Слайдтар топтамасы,глобус,сауалнама,плакат

 

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру  

1.Қазақ тілі — бал тілім.

Өзің барда шалқыдым.

Тіліммен бірге самалмын,

Тіліме кім тағар мін?!

2.Сабақтың  кезеңдерімен таныстыру.

1-кезең.Өткенге шолу немесе сөз сыры

2-кезең.Білгенге маржан.

3-кезең.Ізден,тап

4-кезең.Не білдім?Не үйрендім?

ІІ.Өткенді пысықтау (1-кезең.Өткенге шолу немесе сөз сыры)

-24-жаттығу

«Біз бейбітшілікті сүйеміз» тақырыбында әңгіме құрау

Сұрақ:-Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады  екен?

-Біз қандай мемлекетпіз?

-Елбасымыз өз жолдауында: «Біз өткенімізді ұмытпай,келешегімізді ойлауымыз керек.Бүгінімізді бағдарлап,жастарымызға өнегелі тәрбие мен сапалы білім беруіміз керек»деген еді.Осы сөздегі өткеніміз,келешегіміз,бүгінгіміз деп қай кезеңдерді айтып отыр?

ІІІ.Жаңа сабақ:

 

Осы шақ оның түрлері (2-кезең.   Білгенге маржан)

         Осы шақ

 

   Нақ осы шақ

Нақ осы шақ қиымыл мен іс-әрекеттің сөйлеп тұрған уақытта өтіп жатқандығын білдіреді

 

Ауыспалы осы шақ

Істің,процестің,құбылыстың, жаратылыста үзілмей дағдылы түрде болып тұратындығын білдіреді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Етістіктің осы шағы қимыл мен  іс-әрекеттің  қазір болып жатқанын білдіреді:көріп отыр,өсіп тұр.

Осы шақ етістіктер не істеп отырмын (жатырмын,тұрмын,жүрмін)?,не істеп отырсың (жатырсың,тұрсың,жүрсің)?, не істеп отыр(жатыр,тұр,жүр)? деген сұрақтарға жауап береді.

 

Мысалы:

Мен достарыммен тәуелсіздік монументінің қасында тұрмын.(Нақ осы шақ)

Біз,қазақ жастары,өміріміздің жақсы болатынына сенеміз.(Ауыспалы осы шақ)

3-кезең. «Ізден,тап»

1)Көркем жазу

                 Мен тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатырмын.

2)Жатқа жазу        25-жаттығу

Қайрат қайрақ қайрап отыр.

Қайрақпен балта қайрап отыр

 

-Етістіктің астын сыз,оларға сұрақ қой

-Етістікті үш жақта жекеше,көпше түрде жікте

-Бұлар қашан болған істі білдіріп тұрғанын айт

3)Ойлан,тап.   26- жаттығу

-Берілген сөздерді пайдаланып,сөйлем құрап оқы

-Етістіктерді тап,оларға сұрақ қой

4)Сергіту сәті

Кез-келген жан-жануарды,табиғат құбылыстарын осы шақтағы қимыл іс-әрекет арқылы бейнелеу.

5)Топтық жұмыс               27-жаттығу

Берілген сызбаға сәйкес сөйлемдер құрастырып жаз.

І қатар

______           ______        ______     ойнап жүр.

 

ІІ қатар

______           ______        ______     _______    жинап жатырмын.

 

ІІІ қатар

______           ______        ______     жаттап отыр.

6)Көру диктанты              28-жаттығу

Сөйлемдерді көшіріп жаз.

 

Қыс.Қатты жел соғып тұр.Әкем малды ыққа байлап жатыр.Асқар оған көмектесіп жүр.Әжем сиыр сауып отыр.

 

-Сөйлем мүшесіне талда.Баяндауыштың осы шақта тұрғанын дәлелде.

7)Кім жылдам?     29-жаттығу

-Жұмбақты оқып,шешуін тап

 

Көк қарбызым қойған жерде биік тұр,

Сол қарбызға бүкіл әлем сиып тұр.

-Етістіктің қай шақта тұрғанын айт.

8)Шығармашылық тапсырма.

Глобус дегеніміз…

Глобус дегеніміз-Жердің дәл үлгісі.Яғни Жердің барынша кішірейтіліп жасалған дәл үлгісі глобус деп аталады.Глобус-латын тілінде шар деген сөз.Глобуста Жер шары ондаған миллион есе кішірейтіліп алынады.

Глобус ХV ғасырдан бастап шығарыла басталған.

 

Балалар,сендер бұл кезең бойынша да өз білімдеріңді көрсете білдіңдер. «Іздеген жетер мұратқа»дегендей әрқашан ізденуден шаршамаңдар.

 

 

 

 

ІV.Қорытынды            4-кезең. «Не білдім?Не үйрендім?»кезеңі

 

Семантикалық карта

Мысалдар Осы шақ Келер шақ Өткен шақ
Ол жазды.      
Сіз жазып отырсыз.      
Сұрақ қиын болмады.      
Ол сонда кетпекші.      
Кешке келемін.      
Қар жауып тұр.      
Қыс суық болды.      
Ол түсінген жоқ.      

Сауалнама.

1.Қимыл қозғалысты, іс-әрекетті білдіретін қандай сөз табы?

А) зат есім    Ә) сын есім   Б) етістік

2.Етістік деген не?

А) заттың атын білдіретін сөздер.

Ә) заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөздер.

Б)заттың санын білдіретін сөздер.

3.Етістікті тап

А) қоян, әдемі   Ә) екі,он     б) жүрді, тұрды

  1. Етістіктің неше шағы бар?

А) Үш шағы      ә) Төрт шағы    б) Екі шағы

5.Осы шақ нешеге бөлінеді?

А) 3                        Ә) 2                            Б)1

 

(жұптық тексеру)

Бағалау

Ғылымның сырын ұғына
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық  пен зеректік

Жеткізер сіздей өренді
Әр сабақтың сырына –дей келе,бүгінгі 4 кезеңнен сүрінбей өтіп,білімдерін жан-жақты көрсете білген оқушыларды бағалаймын.

 

 Үйге тапсырма: Ереже оқу,30-жаттығу

Конкурстар мен олимпиадалар - https://talimger.kz

Республикалық қашықтық олимпиадалар — http://clever.zti.kz

Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар — https://ukz.kz

Конкурстар, конференциялар және олимпиадалар — https://tarim.kz

Халықаралық семинарлар, олимпиадалар мен конкурстар — https://mriks.ru

Халықаралық педагогтар ассоциациясы - https://iae.su

Атаулы ертегілер - https://hansunqar.kz